АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2023 жылдың 20 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қазақ тілі оқытушыларының
халықаралық бірлестігі, Назарбаев Университеті жəне Абылай хан атындағы Қазақ
Халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің ұйымдастыруымен «Бағдарлы
тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-
əдістемелік семинар өткізу жоспарланып отыр.
Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілін ЖОО-да практикалық, кəсіби мақсатта
оқытудың өзекті мəселелерін талдау, тəжірибемен бөлісу, қазақ тілін шетелдік азаматтарға
оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдарын қарастыру.
Семинар қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми-əдістемелік семинар бес бағытта жұмыс істейді:
1-
бағыт. ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ ЖƏНЕ КƏСІПТІК БАҒДАР
2-
бағыт. ТІЛДІК БІЛІМДІ БАҒАЛАУДЫҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ
3-
бағыт. СӨЙЛЕУ ƏРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
4-
бағыт. ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ƏДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАСТЫҚ
5-
бағыт. ЛИНГВИСТИКА: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР САБАҚТАСТЫҒЫ
Форматы: 1-апта оффлайн, 2-апта онлайн форматта өткізіледі.
Oффлайн өтілетін орны – Назарбаев Университеті, онлайн форматын ZOOM
платформасында өткізу жоспарланып отыр.
Өтетін күндері: 20 ақпан – 3 наурыз, 2023 жыл.
Өтетін уақыты: 10.00-17.00; түскі үзіліс: 13.00-14.00.
Қатысушылары: ЖОО-ның оқытушылары, докторанттары, магистранттары, мемлекеттік
тілді оқыту орталықтары мен ғылыми институттардың қызметкерлері, болашақ тіл
мамандары қатыса алады. Семинарға қатысушыларға 72 сағаттық сертификат беріледі.
Тіркелу жəне қатысу тəртібі: Семинар жұмысына қатысу – ақылы, əр қатысушыға – 10 000
теңге. Семинарға қатысуға ниет білдірушілер 17 ақпанға дейін өтінім парағы мен төлем
жасалғандығы жөніндегі түбіртекті «Семинарға өтінім жəне төлем» деген тақырып қойып,
aidar.balabekov@nu.edu.kz поштасына жолдауы тиіс.
Ұйымдастыру комитеті: Назарбаев Университеті, Қазақ тілі жəне түркітану кафедрасы,
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі, Абылай хан атындағы Қазақ
Халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университеті Қазақ филологиясы кафедрасы.
Банк реквизиттері:
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі / Международная ассоциация
преподователей қазахского языка
Астана қаласы, 010000, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53
БИН 171240024773
Кбе 18
«Казкоммерцбанк» АҚ
ИИК KZ 026017111000023908
БИК KZKOKZKX
Каспи реквизиттері: 8-778-196-72-42 (Айдар Балабеков)
Байланыс ақпараттары:
Тұңғатова Ғалия Жолдыбайқызы. Тел.: 8-707-838-93-53; эл.поштасы: tungatova_62@mail.ru
Айдар Балабеков: ұялы тел.: 8-778-196-72-42, эл.поштасы: aidar.balabekov@nu.edu.kz.
СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ
1. Тегі, аты-жөні (толық)
2. ЖОО немесе мекеме (оқу/жұмыс
орнының толық атауы)
3. Ғылыми дəрежесі / ғылыми атағы,
қызметі
4. Байланыс телефоны (халықаралық
байланыс кодымен)
5. Электронды пошта (е-mail)
Достарыңызбен бөлісу: |