Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Ресейлік бизнестің екінші бөлігіне бизнестің «екінші эшелон» өкілдері жатады. Шынайы
бәсекелестік негізінде аяқтарына тұрған кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлықтың пайда
болуына негіз болатын өкімет пен бизнестің бірігуін көздемейді.
Ресейлік бизнестің бұл бөлігі нығайтылмаған және өз мүдделерін қорғауда тұрақты
тиімді механизмдері жоқ. Әрі өкімет қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы шағын
бизнесмендер отрядының өкілдерімен әрекеттеседі, көп жағдайда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күш салуына тірек бола алатын кәсіпкерлердің кең тараған қатарын ескермейді.
Көбінесе «шағын және орта бизнес» деп аталатын, демократиялық стандарттар
бойынша орта топтың негізі болып табылатын кәсіпкерліктің үшінші тобы жаппай төменгі
сыбайлас жемқорлыққа тікелей тәуелді. Бұл тарих көрсеткендей, тек буржуазиялық
революциялардың ғана емес, сондай-ақ фашистік төңкерістердің де қозғаушы күші болып
табылатын топтардағы ұлғайып келе жатқан әлеуметтік шиеленістің көзіне айналады.
3. Ресейлік қоғам. Әлі азаматтық жауапкершіліктің және демократиялық
қағидаларды ұстанудың қалыптасуымен қорғалмаған ресейлік қоғамдық сана «жай
рецептілерге» елігіп, «мықты қолдың» әсеріне түсуі мүмкін. Сондықтан сыбайлас
жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру кезінде азаматтардың сенімін және олардың
қолдауын табу өте қиын болады.
Ақырғы жылдары басқа өмір салаларына қарағанда, сыбайлас жемқорлық төмен
деңгейде жайлаған қоғамдық ұйымдардың саны күрт өсті. Азаматтық қоғамның осы
институттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бағдарламаны іске асыруда
үлкен көмек көрсетуі мүмкін.
4. Ресейлік өкіметтер қоғамдағы қолдауды жоғалтқандарына мазасыздануда. Өз
қызмет мерзімін сайлау жүргізу арқылы ұзарту, өкіметтің өзінің заңды деп танылуын
(кейде саналы, кейде сезіну түрінде) күшейтуге ұмтылуға итермелейді. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес – бұл осы мәселені шешудің тиімді құралдарының бірі екені
ақиқат.
Сонымен, Ресейде өзге шаралардан басқа тікелей мәлімдеушіге қатысты жемқорлық
фактілерін жария ету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мақсат ететін
қызықты Интернет жоба – «Параларға жол жоқ!» қоғамдық сайты қызмет етеді. Осы
сайтпен және осы салада жұмыс істейтін басқа да ұйымдармен ұсынылатын ақпаратқа
қажетті қызығушылық туған кезде құқық қорғау органдарының мүмкіндіктері кеңейе
түседі. Сайттағы пара алушы туралы берілген ақпарат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күреспен айналысатын тиісті органдар үшін нақты көрсетілген тұлғаларға назарларын
аударуға мүмкіндік беретіні маңызды.
Экономикалық дағдарыс көптеген мемлекетті және қоғамды басқару мәселелерін
ұлғайта түсті. Беделді сарапшылар экономикалық қылмыстылық пен сыбайлас
жемқорлықтың күрт көбеюіне сенімді болжал жасайды. Экономиканы тұрақтандыру үшін,
өнеркәсіпті қолдау үшін және әлеуметтік жағдайлары төмен адамдарды қорғау үшін
мемлекетпен бөлініп отырған қыруар қаражат сомасын кім және қалай жұмсайды?
Кәсіпорындар дағдарысы кезінде, жинақталып қалған қарыздарды өтеуден бас тарту тәсілі
ретіндегі криминалдық банкрот жариялау кезіндегі әлсірегендерді рейдерлердің басып алу
мүмкіндігі
туралы
көп
айтылып,
көп
жазылады
Әрине, Ресейдің қауіптенуіне негіз бар. Өтіп кеткен 2013 жылы Ресей құқық қорғау
органдарының статистикасында 448.832 ашылған экономикалық қылмыстар тіркелген.
Бұл қылмыстар түрінің заңды сипатын ескере отырып, өткен жылмен салыстырғанда, бұл
көрсеткіштің
біраз
төмендеуі
(2,3%)
ешқандай
мәлімет
бермейді.
Ресей Президенті Дмитрий Медведев Ресейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлі
жетістіктерге жетпегендерін мойындайды. Елбасы бұл туралы КПРФ активіне: «Біз күрес