Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


«Соғыс стратегиясының» кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет108/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

«Соғыс стратегиясының» кемшіліктері: 
 
«Соғыс стратегиясы» жазалаушы сипатқа ие, мемлекеттік бақылау күшейтіледі, ал 
бұл дамып келе жатқан елдерде сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкелетін себептердің 
бірі. 
 
Бұл күрес әдісінің объектісі – сыбайлас жемқорлықпен айналысушы - жемқор, 
сыбайлас жемқорлық емес. Мұны Гераклдың шауып тастаса да жаңадан басы қайтадан 
пайда болатын гидроға қарсы жүргізген күресімен салыстыруға болады. Бұл сыбайлас 
жемқорлықты жоюдың циклділігіне себепші болады. 
 
«Соғыс стратегиясын» қолдану демократиялық мемлекеттің конституциясымен 
бекітілген демократия қағидаларына сәйкес келмейтін шарттарды сақтауды талап етеді. 
Бұл стратегияның тиімділігі үшін тергеу жұмыстарын жүргізу барысында, сондай-ақ үкім 
шығару кезінде (мысалы, адамның өмір сүру құқығы) адам құқығын бұзуға да барады. 
Осыған байланысты осы стратегияны тиімді қолдану мүмкіндіктері толығымен 
Конституциямен бекітілген тәртіпке тәуелді. Кез келген жазалау саясаты сияқты ол үнемі 
өзін қолдайтын қоғамдық көзқарасты дәлелдеуді, жұмылдыруды талап етеді. 
 
Жемқорды қылмыстық қудалаудың тым қаталдығы онсыз да сыбайлас 
жемқорлықтық қылмыстардың жасырындылық мәселесін күшейте түседі. Бірақ тұрақты 
сыбайластық жүйелердің құрылуы соғыс стратегиясының ең қауіпті салдары болып 
табылады (қытайлық мысал мұнда ең үлгі боларлық). Сыбайлас жемқорлықтың өздігінен 
құрылуы онымен ары қарай күресуді қиындата түседі. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
1966 жылы басталған Мәдени Революциядан кейін сыбайлас жемқорлық қайтадан 
жалпы барлығының назарын аудартуда. 1982 жылы Орталық партия комитеті сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы жаңа кампанияны бастайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 
көлеңке (астар) сыбайлас жемқорлықтың күрт өсуі оны жүргізуді қиындатты. Бұл ең 
алдымен шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте «қарсы күш» орнатып, 
бірін-бірі «жасыра алатын» тұрақты бірліктер құруымен байланысты. Мемлекет бұған 
қарсы бақылау органдарын қайта құру, қылмыстық кодекске қосымша сыбайластық 
қатынастарға түскені үшін қатаң жаза қолдануды көздеген арнайы заңдарды қабылдау 
шараларын жүргізді. Осы кампания нәтижелері өте қарапайым болды. Мұны бақылау 
органдарының келіп тексеретінін алдын ала білген шенеуніктер «шабуыл жасау және 
қорғану одақтарын» құрып отырғаны туралы болжаммен түсіндіруге болады. ҚХР Оталық 
тәртіп комитеті сыбайластық жемқорлықты анықтауда қатаң мәселелерге кездесті. 
Өйткені сыбайлас жемқорлыққа жоғары қызметтегі шенеуніктер қатыстырылып, өз қол 
астындағы адамдарға қолдау жасап отырды. Кей уақытта шенеуніктердің бірі жоғарыға 
сыбайлас жемқорлық туралы хабарласа, оны өзінің бастығы немесе қызметтес жемқорлар 
жібермей, жолдан қайтарып алып отырды. 
ҚКП ОК жанынан құрылған тәртіпті тексеру жөніндегі Орталық комиссияның 2007 
жылы өз еркімен сыбайлас жемқорлық жөнінде түсінік беріп мойындаған шенеуніктерге 
«мейірімділік» танытылатыны туралы жарлық шығарғаны қызықты тарихи факт болып 
табылады. Күттірмеген нәтижеге қол жеткізілді: тек қана бір ай ішінде 1790 адам өз ісін 
мойындап, 
мемлекетке 
10,2 
млн 
АҚШ 
доллары 
қайтарылды. 
Өкіметтің барлық органдарында кадрларды ауыстыру сыбайлас жемқорлықпен күресудің 
өз тиімділігін тәжірибеде дәлелдеген жолдарының бірі болып табылады. Сондай-ақ 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті белсенді жүргізу барысында партиялық және 
мемлекеттік аппараттың провинциялық тобына бақылау күшейтілді, барлық 
провинциялық элиталардың артық дербестігі мен саяси ықпалына шек қойылып, 
орталықтың нұсқауына бағыну қажеттілігі жөнінде қатаң талаптар қойылды. Бұрын көп 
жағдайда провинциялық және қалалық партия комитеттері хатшыларының қол 
шоқпарымен басқарылып келген шет жерлерде тәртіпті тексеру жөніндегі 
комиссиялардың жетекшілері ауыстырылғанын ерекше атап өту қажет. 
АҚШ 
АҚШ заң шығару құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудегі 
батыл саясатымен ерекшеленеді. Халықаралық деңгейде алып қарасақ, жемқорлық 
мәселесіне аз назар аудармайтын басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда, бұл елдің 
қылмыстық заң шығаруында сыбайлас жемқорлыққа терең кең ұғым берілетіні 
мойындалады. 
Америкалық қылмыстық заң өзгеше құрылымымен ерекшеленеді. Ол федеральды 
қылмыстық заң және бөлек штаттардың қылмыстық кодекстерінен тұрады. Және штаттар 
да, федеральды заң да тұтас сыбайлас жемқорлық саласындағы лауазымдық 
қылмыстардың бірдей түрлері үшін жауапкершілікті көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа 
жататын федеральды қылмыстық-құқықтық нормалар негізгі бөлімі АҚШ Заңдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет