Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет8/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Құқықбұзушылық субьектісі - ол құқық бұзушылық жасалған уақытта есі дұрыс 
және белгілі бір жасқа толған адам. 
Жауапкершілік тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде 
болған, яғни созылмалы психиклық аруы, психикасының уақытша бұзылуы, 
кемақылдылығы салдарынан өзінің әс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық 
қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам жауаптылыққа тартылмайды. 
Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді 
ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалау саладарынан 
мас күйінде жасалған құқық бұзушылық үшін адам жауаптылықтан босатылмайды. 
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-
әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық 
қатынасы. Құқық бұзушылықтың сыртқы жағын бейнелейтін обьективтік жаққа
қарағанда субьективтік жақ құқық бұзушылықтың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. 
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық 
белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық бұзушылық 
істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі 
өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді. 
Заңды жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілер: 
1) ол ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратына сүйенеді, бұл құқық нормасымен 
қарастырылған санкцияны жүзеге асырудың нақты нысаны; 
2) қоғамға қауіпті құқық бұзушылық жасаған уақыттан бастап пайда болады; 
3) іс жүргізушілік нысанында қолданылады. 
Осы аталған белгілер заңды жаупкершіліктің міндетті белгісі болып табылады. 
Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді: 
Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік. 
Қылмыстық жауапкершілік. 
Азаматтық – құқықтық жауапкершілік. 
Әкімшілік жауапкершілік. 
Сұрақтар
1.Қоғам өміріндегі құқықтың рөлі 
2.Құқықтану және құқық мәдениеті 
3.Қазақстан құқығының басқа мемлекеттердің құқықтық жүйесімен қатынасы 
4.Мемлекеттік құқық және азаматтық қоғам түсінігі 
5.Нормативті құқықтық актілер түрлерін атаңыз 
Ұсынылған әдебиеттер
1. Жоламан К.Д. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы, 2007.
2. Ағдарбеков Т., Әлайдар А. Құқық негіздері: оқу құралы. - Алматы: Заң әдебиеті, 
2009. 
3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы». Конституция 1995 жылы 30 
тамызда республикалық референдумда қабылданды // Қазақстан Республикасы 
Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы № 4, 217-құжат. 
4.«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан 
Республикасының Конституциялық заңы. 1991 жылғы 16 желтоқсан // Қазақ ССР 
Жоғарғы Советiнiң ведомостары, 1991 ж., № 51, 622-құжат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет