Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет6/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы
бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды 
мойындауы және қорғауы тиіс; 
2) демократиялық 
қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін 
қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді; 
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен 
лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген; 
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, 
заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді; 
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың 
тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді; 
6) кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби 
қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды; 
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік 
аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін 
қамтамасыз етеді; 
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида 
мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді 
байланысын білдіреді; 
бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік 
аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді. 
Мемлекет дегеніміз – егемендікке ие, құқықтық негізде арнайы аппараттың 
көмегімен елді басқаруды іске асыратын, заңдандырылған мәжбүрлеу мен күштеу 
қолдану құқығы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түр 
пішіні. 
4. Заңды жауапкершіліктің ұғымы, белгілері, қағидаттары, түрлері. Құқық 
бұзушылық: белгілері, құрамы, түлері. 
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең 
негізгілеріне мыналар жатады: 
1. Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау 
астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі 
әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-
құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы 
әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру 
басталады. 
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. 
Сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін 
және жазалайды. 
2. Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде 
немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады. 
3. Құқық бұзушылықтың басты белгілерінің ішіндегі бірі - кінәлінің бар болуы. 
Қазақстанды және басқа да елдердегі мемлекеттік құқықтық теория және практикасы 
құқық бұзушылықты барлық құқыққа қарсы әрекетті емес, тек қана байқаусызда немесе 
қасақана жасалған іс әрекетті санайды.
Нақты айтқанда, тұлға кінәсі бойынша болады. Кінә тұлғаның өзінің жасалған 
құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік, сонымен қатар әрекет салдары нәтижесінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет