Қолданылған әдебиеттер
1. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары: оқу әдістемелік
құрал – 2000ж
2. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп,
2004ж.
20
3. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы
оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4
4. Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М.,Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып
мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме – Алматы 2010ж
5. Интернет жүйесі
21
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН
КӨТЕРУ
Галимжанова Диана Галимжановна
Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта
білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны
табатын өнер».
Жүсіпбек Аймауытов
Аннотация. Мақалада қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын
арттыруға арналған тапсырмалар түрі қарастырылады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесі күн сайын қарқынды дамып, ұлттың, жеке
тұлғаның, әлеуеттің дамуына батыл қадам жасап келеді.Бастауыш мектеп
оқушысын жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту,
сабаққа ынта жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі заманның
талабы.Қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты
болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын – бүгінгі
мектеп оқушылары. Сол оқушыларды ойлануға жетелейтін тапсырмалардың
бірі
–
функционалдық
сауаттылықты
арттыруға
арналған
тапсырмалар.Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың
тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын
еркін жеткізе алуға баулуда.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке
тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның
өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның
критерийі - функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа
технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің
жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі
күннің мақсаты.
Қазақ тілін оқыту барсында оқушылардың функционалдық сауаттылғын
дамыту- олардың психологиялық қырынан даму мәселесін де қарастыруды
қажет етеді. Оқушының дамуы дегеніміз-оның өмірлік күш –қуаты
мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы.Сондықтан сол дамытатын қабілеттерді
және олардың оқу-танымық үдерістегі қызметі ерекше қажет.Ал оқушыны
белгілі психикалық алғышарттарға ие болып келетін, танып білу
мүмкіншіліктері мол жеке тұлға деп қарастыру-теориялық ұғым жасаушы
субъектінің болмысын анықтау болып табылады. Психологияда баланың дамуы
туралы екі түрлі бағытта көзқарас бар: бірі- баланың дамуы жеделдетуге
болады деген болса, екіншісі – баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру
керек,тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек.Өйткені қоғам баланы ертерек
22
есейтуге әрдайым бейім тұратындықтан оның өмірлік күшінің толық пісіп
жетілмеуі мүмкін. Қоғам дамуы барысында балаға әсер ететін ықпалы зор
күштер болады. Бала соның негізінде белгілі бір даму жетістіктеріне ие болып,
қалыптасады. Бірақ, оқу-танымдық процесс білім беру мен тәрбиелеуді бір
тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы және ішкі даму барысындағы
тепе-теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек. Ол үшін оқушы тіл туралы
алған білімін интериоризациялауы тиіс. Бұл жерде қазақ тілін функционалдық
мақсатта оқыту маңызды рөл атқарады. Оқушылар тілдің грамматикалық
ережелерін есте сақтап, жатқа қайталап айта алады. Осы тілдік құбылыстар
туралы білімін коммуникативтік мақсатта еркін еркін пайдалану қабілеті
болмайды, кейбір кездері тілдің грамматикасын игермеген оқушы сабақтан тыс
кездерде сол тілде жақсы сөйлей алуы алуы мүмкін.
Мұғалім оқу –танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы
ретінде оқушының биологиялық және әлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды
баса назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі ерекше
белсенділікпен өтеді. Абайдың 7-қара сөзінде айтылған танымдық
қызығушылық енді мектепте және орта сыныптарда түрлі салаларды меңгере
бастауымен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі коммуникативтік
құзыреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып, даму
процесі туралы айтып өту керек.
Осы кезеңдегі оқушының қабылдауы, зейіні, қиялдауы туралы мәліметтер алуы
қиын болғанымен, ес пен жады, сөйлеу мен ойлау сияқты таным процестерін
тану мүмкіндіктері мол.
Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Оқушының бойына білім
нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да
болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді.
Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған
Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды
тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп өмірмен
байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне,ептіліктеріне және сауаттылығына
сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да
мұғалім сапалы білім, салиқалы ой-өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 40
минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын
қолдана отырып өту керек. Осы жерде орыс педагогы А.С Макаренконың «40
жыл мұғалім болса да 40 минуттық сабағына дайындалып келу керек» деген
нақыл сөзін еске алуға болады. Мұғалім оқушыны тек қана мектептің
бағдарламасымен шектеліп қана қалдырмай,теориялық, білімдерін практикалық
жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі заманның
талабы. Оқу сауаттылғы – оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және
қолдануы, мәтін барысында ой-толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді
қолдануы, ілеуметтік ортаға бейімделуі.
23
Бастауыш мектептігі білім сапасын арттырудағы қолданылатын
инновациялық технологиялар :
Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін
ашу;
Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру,
мектеп жағдайына бейімдеу.
Белгілі педагог М.Жұмабаев айтқандай: «Сабақ барысында бала бір
затпен танысқанда, сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды.
Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет,
дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз, қызықтыр, баланың жаратылысының өзі
осыны тілейді. Бала өзінің естіген нәрсесін көргісі келеді, көрген нәрсесін
ұстағысы келеді. Ұстаған нәрсесінің дәмін татқысы келеді. Осы жолды
ұстағанда баланың білімі берік болады деген пікірді айтады». Сол себепті
сабақта оқушының ойында сақталып, функционалдық сауаттылықты
дамытатын тапсырмаларды қолдана білу керек.Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар мен әдістердің бірнеше
қарапайым түрлерін ұсынғым келеді
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар және олардың мақсаты:
1 тапсырма: Жұптық жұмыс
Мақсаты: Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін
жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана,
оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді,
тізімдерін толықтырады.
2 тапсырма: Буындардан сөздер құрап жаз.
Мақсаты: Берілген буындардан 1 минут ішінде шапшаңдылық таныта
отырып сөздер құрап жазу арқылы зейінін дамыту.
3 тапсырма: «Джигсо» әдісі
Мақсаты: Топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және
тыңдау дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім
оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-
қатынастарына қарап бөледі.
Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме
материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған
материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Сұрақтар немесе
тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
4 тапсырма: Адасқан сөздер
Мақсаты: Берілген сөйлемнің ішінде қалып қойған сөздерді көп нүктенің
орнына қойып жазу.
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан мен
сабағымымда оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамын:
1. Мәтіннен тіректі сөздерді тауып алу.
24
2. Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін
таратылады, бірақ ол мәтінде грамматикалық және басқа да қателер болады.
Оқушылар сол мәтіннен қателерді табу керек ( осындай жұмыс арқылы біз
оқушылардың қаншалықты мәтінді мұқият оқиды екенін байқаймыз).
Мәтін арқылы постер жасайды. Оқушыларға постерлердің бірнеше
түрлерін дайындауға үйреттім ( кесте, сызбалар, ағаш т.б.). Оқушылар кейін
постерді қорғау үшін жоспар құрады ( жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді
қаншалықты түсінгенін, ойдың, тақырыптың ашылуын байқаймыз).
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың
қолында» деп елбасымыз атап айтқандай, оқушылардың талантын ашу – менің
күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту, диалогтік
оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы сатылай кешенді талдау, мән беріп
оқыту технологиясын қолданып келемін.
Белсенді оқытуда қысқа әңгіме, ойын түрлері, сөздік ойыны т. б. атауға
болады. Өзім беретін 1, 2, 3 - сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы
бойынша оқушылардың оқу, тыңдау, айту, жазу дағдыларын дамытудамын.
Көбінесе топтық жұмыс жасап, достық қарым - қатынасты нығайта отырып,
ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.
Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында
Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімді
жақтарын айтқым келеді.
1. Оқушыларға теориялық білім береді.
2. Тілін дамытады.
3. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйретеді.
4. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.
5.Оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласы артады, білім алуға
әрекеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |