28
зор. Оқу процесінде қолданылған интербелсенді әдістерді қолдану кезіндегі
оқушының іс-әрекеті критериалды бағаланып, рефлексия жүргізілсе онда біздің
де алдымызда отырған оқушының да жұмысы, даму деңгейі бірден көрінеді
және
олардың функционалды
сауатты
болып
дамитындығы
сөзсіз.
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға
үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға
дайын болу керек:
- бірлескен жұмыс;
- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Достарыңызбен бөлісу: