Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет19/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
«кісі өлді» дегенді «қайтыс болды», «қайтты» деп айтуының 
түбінде осы түсінік жатыр. Ажал – ол да өмір, бірақ басқаша 
өмір. Өлген адам жоғалды деп саналмай, ол басқа өмірге көшті, 
алғашқы өзінің түріне қайтып келді деп түсінілген.
Ешқандай мақсатсыз құбылушылық кездесетін мифтер 
дүниедегі нәрсенің бәрі бірдей деген түсінікке негізделген. 


[
78
]
Көптеген аспани (космогониялық) және тотемдік мифтерде 
тірінің өліге айналуының басты себебі қатты шаршағандық 
болып келеді. Мұндай құбылуды алғашқы жағдайға қайта 
оралу деп айтуға болмайды. Қатты шаршаған мифологиялық 
кейіпкер қозғалуға шамасы келмегендіктен тасқа айна лып, 
тыныш табады. Мысалы, шаршап жатып, ұйықтап кеткен ба­
тыр жайындағы қазақ мифін алайық... Атақты ақынымыз 
С. Сейфуллин бұл мифті былай баяндайды:
Болыпты баяғыда Жеке батыр...
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп, 
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
Сол батыр осы күні бір үлкен тау,
Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.
«Ұйықтаған батыр» дейді таудың атын, 
Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы.
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды, 
Киюлі баста жатыр дулығасы
13
.
Осы типтес миф көптеген көне заман салтын сақтаған 
елдерде де кездеседі. Мәселен, австралиялықтардың осындай 
мифтерін зерттеген Е.М. Мелетинский былай деп жазады:
«Аранда мен лоритья тайпаларының тотемдік мифтері 
көбіне бір схемаға құрылады: тотем бабалар жекелеп, кейде 
топталып өздерінің атамекеніне – солтүстікке қайтады (анда­
санда батысқа). Жол бойы өткен жерлері, тамақ іздегендері, 
ішкен тамақтары, шошала тігуі, елмен кездесуі, осының бәрі 
түгел тізбектеліп шығады. Атамекеніне жақын жерде, көбінесе 
солтүстікте, жолаушылар өз тотемінің жергілікті «мәңгілік 
адамдарымен» жолығады. Мақсатына жеткен соң жолаушылар 
шыңға, ағашқа, чурингілерге айналып, інге, үңгірге, суға 
жер астына кіріп кетеді. Олай болу себебі – адамдардың 
шаршағандығы деп түсіндіріледі»
14
.


[
79
]
Үңгірге, жер астына кіріп, тас боп қатып калған адам ту­
ралы миф қазақта да кездеседі. Мысалы, Семей облысындағы 
«Қоңыр әулие» деген үңгірде адам кескіндес үлкен тасты қатып 
қалған қоңыр әулие деседі жұрт. Мұндай көне мифтің қалдығы 
Қазақстанның әр түкпірінен табылады.
Әрине, қазақ мифі австралиялықтардікіндей өте көне емес 
және екеуі бірдей емес. Қазақ мифі халқымыздың қоғамдық 
дамуына сәйкес өзгерген, бұрынғы түсініктерін жаңартқан. 
Бірақ түп негізі сақталған. Ол – тірінің тасқа айналуы. Рас, 
біздің мифте Жеке батыр шаршап, ұйықтап жатқанда тасқа 
айналып кеткен. Ал австралиялықтар мифінде кейіпкер өзінің 
қалауымен тасқа айналады, яғни мұндағы құбылушылық 
белгілі бір мақсатпен істеледі.
Жалпы мифтің дамуында байқалатын заңдылықтардың 
бірі қазақ сияқты жоғары дамыған елдің мифтерінде адам­
ның зат қа, хайуанға айналуы басқаша түсіндіріледі. Кө біне, 
мұндағы басты себеп – шаршап ұйықтап кету немесе қар­
ғыстанып, жазалану, яки болмаса зор қауіптен қашу, т.т.
Ал австралиялықтар сияқты елдердің мифі – алғашқы 
қауымдық (первобытный) миф. Мұнда тірінің өліге айна луы, 
адамның затқа, құсқа, аңға құбылуы мифтік сана аясында 
түсіндіріледі де, құбылушылық мақсатты (целенаправ ленный) 
болады. Мысалы, Океания жұртының «Тагароның теңізді 
қалай жасағаны» деген мифінде көлдің суын тоқтату үшін бір 
әйел өзі тасқа айналады
15
. Ал қазақ мифіндегі құбылушылық 
амалсыздықтан болған деп түсіндіріледі. Жетіқарақшы, Жеке 
батыр, Қырық қыз, т.б. жайындағы мифтерде кейіпкерлер 
амалсыздың күнінен басқа кейіпке түседі. Бірақ мұндағы 
амалсыздық – зорлық деген мағынада емес. Кейіпкер өз ер­
кімен өзін­өзі тасқа, не аңға айналдырмайды. Оны басқа 
субъект немесе басқа бір себеп құбылдырады. Бұл тұрғыдан 
кел генде, қазақ мифі жалпы архаикалық, мифтің табиғатына 
қайшы келмейді.
Миф міндетті түрде себеп­салдарлы болады. Қандай да 
болсын құбылушылықтың, яғни өзгерістің (айталық, қар­
лығаш құйрығының өзгеруі) себебі бар. Мифтердегі құбы­
лушылық үш түрлі себепке байланысты болып келеді. Бірі – 
адам өте шаршағандықтан ұйықтап кетіп, сол бойда тасқа я 


[
80
]
болмаса аңға, құсқа айналып кетеді. Мұндай миф тер Африка 
мен Австралия жергілікті тайпаларының фольклорында өте 
көп. Қазақ арасында да мұндай мифтерді кездестіруге болады. 
Мысалы, жоғарыда баяндалған «Ұйықтаған батыр» деп 
аталатын тауға байланысты миф.
Екінші себеп – адамның кінәлі болуы. Мұндағы құбылу­
шылық жаза ретінде қабылданады. Мәселен, «Сынтас», «Келін­
шектау» мифтерінде әкесінің алдында кінәлі болғандықтан 
қыздар тасқа айналып қалады. Кейінгі дәуірлерде адамның 
кінәлілігі (виновность) күнәлік (грех) деген түсінікпен ауыс­
тырылады. Мысалы, суыр болып кеткен Қарынбай туралы 
мифте адам Құдай алдында күнәлі болғандықтан аңға айнал­
дырылып жіберілген деп баяндалады.
Құбылушылықтың үшінші себебі – зор қауіптен құтылу 
жолы. Адамға ғаламат қатер төнеді. Содан құтылу үшін ол 
не тасқа, не жұлдызға, т.б. нәрсеге айналып кетеді. Қазақта 
сон дай мифтің бірі Қазығұрт тауындағы «Қырық қыз» деп 
аталатын тастарға байланысты айтылады:
«Баяғыда бір байдың қызының тойы болады. Той бо лып 
жатқанда қалыңдық қырық қызымен, күйеу серіктерімен 
серуендеп шығады. Жаугершілік заман екен. «Жау келіп 
қалды!» – деген дауыс шығады. Сонда қыздар шулап: «Е, Құ­
дай! Бізді жау әкеткенше, тас қыла көр!» – депті. Содан бәрі 
тасқа айналыпты»
16
.
Бұл мифтегі тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – адамның да 
тасқа айналуы – «құдайдың» ісі болып көрінуі. Бұл, сөз жоқ, 
кейінгі бір құдайлық ислам дінінің әсері. Ежелгі мифтерде 
басына төнген қатерден құтылу үшін адам өзі тасқа немесе аңға 
айналып кеткен. Мысалы, Меланезияда тұратын тайпалардың 
Шолпан туралы мифінде Манди де 
ген қыз құрбандыққа 
шалынатын өлімнен қашып жұлдызға айналып кетеді
17
.
Осыған ұқсас миф қазақтарда да болған. Соның бір вариан­
тын Х. Әбішев «Аспан сыры» атты кітабында былай баяндайды:
«Үркер, негізінде, жеті жұлдыз екен, бұлардың жылтылдап 
көрініп тұратыны алтау. Жетіқарақшы келіп шапқанда, бұлар 
үркіп, содан Үркер атаныпты. Оның арасындағы бәрінен 
жарығырағы қыз болған соң, Үркер қызын қорғаймын деп, 


[
81
]
оны көрсетпей, бір жерге жиналып топталып тұрады, әйтпесе 
Жетіқарақшы ұрлап әкетеді»
18
.
Рас, мұнда адамның тікелей өзі жұлдызға айналуы жоқ, 
бірақ миф мазмұнына қарағанда, Үркер мен Жетіқарақшы 
арасындағы қатынас қыз бен қуғыншыны еске түсіреді. Әй­
теуір, Үркер туралы осы мифтің көне екендігіне күмән жоқ 
және оның мифтік сананың екінші сатысына тән құбылу­
шылықпен байланысты екені тағы да даусыз. Бірақ бұл жерде 
айтатын нәрсе: қазақ мифтерінде адамның өз еркімен аңға, 
тасқа, құсқа айналуы өте сирек, тіпті жоқтың қасы. Ал бұл – 
құбылушылықтың ең көне түрі.
Бұдан шығатын ой – жалпы алғашқы қауым мифінде құ­
былушылық бірнеше түрде кездеседі де, бірнеше себепке бай­
ланысты болады. Соның ең көнесі – адам өз­өзінен, өз еркімен 
басқа кейіпке түсуі. Ол көбіне­көп не бір қатерден қашып, 
не қатты шаршап басқа кейіпке түседі. Құбылушылықтың 
бұл түрі мифтік сананың бастапқы кезінде орын тепкен адам 
өзі мен табиғатты бөлмей, дараламай, екеуі бір дүние деген 
түсінікке негізделген (Осы құбылушылық кейінгі замандарда 
фольклорлық көркем прозаға еніп, ертегі кейіпкерлері оп­оңай 
басқа кейіпке түсіп, аң да, құс та, жәндік те бола алады).
Ал адамның аңға, тасқа, т.б. затқа айналуы оның кінәсіне 
байланысты деп түсіндіретін мифтер мифтік сананың кейінгі
дамыған дәуірімен байланысты. Мұнда адам өзімен өлі 
табиғаттың арасында алшақтық бар екенін сезіп, адам мен 
жануар екі бөлек дүние екенін білген. Сол себепті адамның 
аң кейпіне, тасқа айналуы – оның өз еркінен тыс істелетін іс 
деп танылған. Ол – жаза немесе қарғыс, ал бертінгі дәуірлерде 
Тәңір, Құдай, Алла ісі деп есептелген. Бірақ осының бәрі – 
алғашқы қауымдағы сөз құдіретіне сенушіліктің ізі.
Бұл айтылғандардың бәрі алғашқы қауымдағы көне мифке 
тән. Көне мифтің функциясы – таза практикалық функция, 
жаратылысты танып­білу. Алайда, бұл таным процесі мифтік 
санаға негізделген.
Мифтік сананың дамуындағы екінші кезең адам өзін қор­
шаған ортадан бөліп алып, ерекшелендіре қарайтын сезіммен 
сипатталады. Сондықтан бұл шақтағы мифтерде адамның 
жануарға айналуы мақсатты құбылу болып танылады. Мұн­
6­278


[
82
]
да адамның жануарға айналуы міндетті түрде бір себеп ке бай­
ланысты болады.
Табиғаттың бір құбылысының пайда болуын түсіндіретін 
немесе жер­су, аң­құстардың шығу тегін, әйтпесе басқа бір 
сырын ашатын мифтерде құбылушылық өте зор роль атқарады. 
Өлі мен тірі табиғаттың пайда болғанын түсіндіретін мұндай 
мифтер этиологиялық (себептік) деп аталады және олар тек 
мифологиялық түсінік шеңберінде ғана сақталған, ертегіде 
я болмаса басқа көркем фольклорда ондай құбылушылықтың 
себебі ешқашан түсіндірілмейді. Ал этиологиялық мифте 
белгілі бір жануардың не себепті мұндай екені, оның қалайша 
жа нуар болғаны баяндалады. Мұндай миф терде толық құбы­
лушылық әңгіме болып отырған аң мен адам арасындағы кейбір 
кездесетін ұқсастықтарға негізделеді: сыртқы түр ұқсастығы
қимылдары, жүрістері мен мінез­құлқының ұқсастығы, т.б.
Мысалы, қазақтың көртышқан жайындағы мифін алайық.
«Бір байдың екі қызы, екі ұлы болыпты. Ол заманда жер 
бетінде басқа адамдар болмапты. Әкесі бір жаққа кеткенде, 
үлкен қыз сіңлісіне: «Бауырларымыздан басқа еркек кіндік 
жоқ, солармен көңіл қосайық!» – депті. «Қой, Құдай естіп 
қоя ды, күнә болады», – деп жауап беріпті сіңлісі. «Құдайдың 
құлағы жоқ!» – депті үлкені. Содан соң ол үлкен бауырын өзіне 
шақырады, ал анау бармайды. Қыз өлтірем дейді, бірақ жігіт 
қорықпайды. Ашуланған қыз бауырының екі көзін ойып алып, 
өзін жерге көміп тастайды. Содан бері көртышқан соқыр және 
жердің астында тұрады. Әкесі үйге келіп, болған жайды білген 
соң, қызын қарғап, теріс батасын беріпті. Құдай ол қызды 
мәлінге айналдырып жіберіпті. Екі аң да адамға ұқсайды, 
әсіресе көртышқанның алдыңғы аяғы адамның қолдары 
сияқты...»
19
Тағы бір мифті мысалға келтірейік.
«Баяғы заманда Жайық және Тоқтағұл деген елден асқан екі 
мерген болыпты... Жайықтан бір де бір аң, бір де бір құс құтыла 
алмайтын бопты. Содан бүкіл аңдар мен құстар жиналып ап, 
Құдайға барып жалыныпты: «Жайық біздің бәрімізді құртып 
жіберетін болды?» – депті. Құдай оны жерге көміп тастапты да: 


[
83
]
«Жер бетінде өмір сүре алмадың, енді жер астында өмір кеш, 
түбір­тамырлармен қоректен!» – депті»
20
.
Қазақта мұндай миф біраз бар: сараңдықтың кесірінен 
суырға айналған адам, көкекке айналып кеткен қыз, құндыз 
бен суырға айналып кеткен мергендер туралы шығармалар, т.т.
Мұндай мифтер жалғыз қазақта емес, басқа да елдерде бар. 
Мәселен, австралиялықтардың «Билба мен Мейра» атты ми­
фінде былай делінген:
«Шағылдың жұмсақ жүнді қосаяғы Билба бұрын адам бол­
ған, ол көктемнің Мейра желімен жолдас болып, соны мен бірге 
бір үйде тұрған. Желдің дыбысын ғана естіп, жүзін көрмеген 
соң Билба өз еліне кетпекші болады. Оған ашуланған Мейра 
дауыл боп соғып, Билбаны шағылдағы інге қуып тығады... 
Содан бері Билбаның тұқымы жер астында тұрады»
21
.
Жоғарыда келтірілген мифтер мифтік сананың даму жолын­
дағы екінші сатысында туған. Мұнда адам өзінің табиғаттан, 
жануардан бөлек екенін біледі және адамның жануарға 
айна 
луы бұрынғыдай заңды болып қабылданбайды. Адам­
ның хайуанға, тағы басқа нәрсеге ауысуын бір себеппен бай­
ланыстырады. Соның бірі – адам кінәлі немесе күнәлі болып, 
жаза ретінде аңға айналады. Жазаның бұл түрі ежелгі адамның 
магиялық нанымға, яғни сөздің құдіретіне сенушілікке 
негізделген. Мәселен, Қаратау терістігінде тұратын қазақтар 
арасында «Келіншектау» деп аталатын шыңға байланысты 
мынадай өте көне миф бар. Біз оны жазушы Дүкенбай Дос­
жановтың көркем баяндауынша береміз.
«Әлде жүз, әлде мың жыл бұрын теріскейде әйгілі бай өтіпті. 
Әлгі бай аузы уәлі, ақылы мен дәулеті пара­пар кісі көрінеді. 
Қылығы тәтті, жалғыз қызы болыпты. Майысып толқып бой 
жетіпті. Тана көзі талайдың ішіне шоқ түсіріпті. Күнгей елінен 
теңі табылыпты ақыры. Әлгі бай жалғыз перзентімнен аярым 
жоқ деп, екі жасқа батасын беріпті, жасауын бөліпті дейді. 
Жасауды көрген ақын нешеме қисса етіп жырласа да, суреттеп 
тауыса алмапты деседі: отаудың үзік, дөдесі ақ марқаның 
жүнінен басылып, бау­басқұры жібек жіптен тоқылыпты. 
Шаңырағын алтынмен аптап, уығын күміспен қаптапты. 
Бар жиһаз­жасауды түйеге теңдеп, ал риза бол қалқам деп, 
әкесі керуеннің бас жібін қызына ұстатқан көрінеді. Керуен 


[
84
]
ырғалып­жырғалып Қаратаудың қыр арқасына көтеріліпті. 
Қызы құрғыр дүниеге бір табан жақын, білем, сол арада 
түйелерді, жасауды қайыра бір көзбен өткізіпті. Сөйтсе итаяғы 
жай өрік ағаштан шабылған екен. Мұны көрген қыз: «Әкем 
сараңдық жасапты, итаяғымды күмістен соқтырмапты», – 
деп күйеу жігітті аулына қайыра шаптырыпты дейді. Күміс 
итаяққа жұмсаған көрінеді. Бар дәулетін сыпырып арттырып 
жіберген ақылды әке әлгі сөзді естіп қатты налыпты. Қызына: 
«Тасжүрек екенсің, тас бол», – деп теріс батасын беріпті. Ол 
кезде қарғыстың дөп даритын уағы, білем: (қазір ғой, қанша 
қарғасаң да дарымай тыны) әлгі шөгіп жатқан түйелер, бұйда 
тартқан қалыңдық солайымен тұрған­тұрған жерінде тасқа 
айналып қалыпты»
22
.
Әрине, біз баяндаған миф талай ғасырлар ел арасында ай­
тылып, қазақ қоғамының бертінгі дәуірлерінде ұстанған өмір 
салты мен идеологиясына, әдет­ғұрпына сәйкес өзгертілген, 
солар тұрғысынан бағаланған. Бұл, сөз жоқ, алғашқы қауым­
дық миф емес.
Бірақ біз үшін маңыздысы – миф сюжетінің сақталуы және 
сол сюжетті туғызған көне ұғымның елесі: мифтік санаға тән 
сөздің магиялық құдіретіне сену. Бұл сенушіліктің ізін сезген 
жазушы әңгімені айтып отырған шалдың аузына мынадай сөз 
салады: «Ол кезде қарғыстың дөп даритын уағы, білем...»
Келтірілген мифте қыздың тасқа айналуы кінәлі болған 
адам 
ның жазасы деп түсіндіріледі. Бұл – мифтік сананың 
да 
муындағы екінші кезеңге тән құбылыс. Оның арғы түп 
негізі алғашқы қауым адамдарының діни нанымдары мен 
мифтерінде. Бұл туралы фольклорист В.И. Еремина былай деп 
жазады:
«Мифтердің айтуы бойынша, рудың тотемдік қағидаларын 
бұзған немесе оларды құрметтемеген адамды жаншошырлық 
жаза күтеді. Сондай жазалардың бірі – адамды аңға я болмаса 
жансыз нәрсеге айналдыру деп ұғынылған. Мұндай жаза 
түріндегі құбылу сөздің құдіретті күші бар деген сеніммен 
байланысты және мифологиялық сананың ғана аясында 
сақталған. Жазалаудың нәтижесінде болған құбылу мифте 
ылғи да тыйым салынған тотемдік салтты бұзумен байланысты 


[
85
]
болмайды. Адам келбетінен айырылудың себебі көбінесе бүкіл 
рудың этикалық тәртібін бұзу болып табылады»
23
.
Міне, осы этикалық салтты бұзғаны үшін «Келіншектау» 
мифінде әкесі қызын тасқа айналдырып жазалайды. Мұндай 
жазалау, ғалымдардың айтуынша, адам санасының кейінгі 
кездерінде де орын алады екен
24
.
Өмір жылжып, қоғам дамыған сайын адам мифтік санадан 
біртіндеп арыла бастап, жаратылысты, табиғатты тануда енді 
бұрынғы мифтік түсініктермен қатар күнделікті тәжірибеге 
де сүйенетін болған. Соның нәтижесінде, сондай­ақ адамның 
білуге деген құштарлғының арқасында енді ежелгі дәуір 
жандары аспан шырақтарын білуге тырысқан, өзін қоршаған 
табиғатты түсінуге күш салған, маңайындағы аң мен жануарлар 
сырын ұғуға ұмтылған.
Міне, сөйтіп ол әр түрлі түсіндірмелі мифтер туғызған. Бі­
рақ бұл мифтер алғашқы қауымдағыдай жалаң қиял топ­
шылау мен мифтік санаға ғана негізделмейді, тіршілік тәжі­
рибесіне де сүйенген. Осы қатардағы мифтер тобына аспан де-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет