Салдар мен қателіктер Қателікке тап болғанда, проактивті адам оны тез түсініп, мойындап, түзетіп, одан
сабақ алады. Бұндай әрекет сәтсіздіктен табысқа жетелейді. «Жетістік – сәтсіздіктің сырт жағы» деп айтқан болатын IBM корпорациясының құрушысы Т.Дж.Уотсон.
Міндеттемені алу және оны орындау Міндеттемені алу және орындау проактивтілік деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар
біздің дамуымыздың негізі болып табылады. Өміріңізді өз қолыңызға алудың екі жолы
бар: уәде беріп – оны орындау; алдыңызға мақсат қойып – оған жету үшін жұмыс жасау.
Уәде беріп, оны орындау – негізгі дағдыларды дамытудағы база. Білім, ақыл, қалау сіздің
бақылауыңызда.
Негізгі мақсатты көз алдыңызға елестетіңіз Персоналды көшбасшының қағидалары Біздің артымызда қалған және алдымызда тұрған нәрселер ішкі жан дүниемізбен салыстырғанда мәнсіз болып қалады. Оливер Уэнделл Холмс Сіз қандай мінез-құлық иесі болғыңыз келеді? Адамдардың ойында қандай іспен,
қандай жетістіктермен қалғыңыз келеді? Қоршаған ортадағы адамдарға назар салып
көріңіз. Олардың өмірінде қандай із қалдыруды ойлайсыз? «Негізгі мақсатты көз
алдыңызға елестетіңіз!» деген сөздер не мағынаны білдіреді?
Егер жоғарыдағы сұраққа жауап берсеңіз, ішкі дүниеңіздегі құндылықтарыңызға
біршама жақындаған боларсыздар.
Джозиф Адисонның сөздеріне назар аударыңыз: «Мен ұлы адамдардың мәйітіне қарағанда, ішімдегі барлық қызғанышым жоқ болады; ару қыздарға эпитафия оқығанда, құмарым сөнеді; баласының мәйітінде қайғырған ата-ананы көргенде, жүрегімді аяныш ұялайды; ата-анамның мәйітін көргенде, олардың да артынан ілесетінімізді түсінем; патшалардың өздерін құлатқан адамдармен бірге жатқанын көргенде, идеялық қарсыластардың көрде іргелес жатқанын көргенде, мен күрсініп те, таңғалып та өмірдегі адамдардың бәсекелестігі, дау-жанжалдары түкке тұрмайтынын түсінемін».
Түпкі мақсатты елестете отырып бастау – өз өмірлік тағдырымызды нақты түсіну
деген мағына. Не нәрсеге талпынатынымызды түсіну. Ол дәл қазір қай жерде
тұрғанымызды, дұрыс бағытқа қадам басуымызды жақсы елестету үшін керек. Әр түрлі
мамандық иелері: дәрігерлер, ғалымдар, саясаткерлер, бизнесмендер, спортшылар және су
тартқыштар үлкен жетістікке, абырой, белгілі бір кәсіби деңгейлерге жету үшін өз
еңбектерін, күштерін сарп етеді. Бірақ ақыр соңында олардың бұл талпыныстары түкке
тұрмайтынын, оларға маңызды нәрселерді бұл болмашы мақсаттар қараңғылап, енді
оларға жету мүмкін емес болғандығын түсініп өкінеді.