Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
жағдайларды өзіміз қалыптастыруға итермелейді. Бастаманы өзіңізге алу беймаза, дөрекі,
ашушаң
болуды білдірмейді, бұл жағдайлар дұрыс жүзеге асуы үшін жауапкершілікті
қолға алуды білдіреді. Көптеген жылдар бойы Стивен Кови жақсы жұмысқа ие болғысы
келген
адамдарға, бастаманы өздеріне алуға кеңес беретін: өзінің қызығушылықтарын
және қабілеттерін тестілеу, сол ұйымға тән саланы, тіпті, олардың ерекше
проблемаларын
зерттеу, содан кейін бұл компанияға ол адам қалай көмектесе
алатындығын көрсететін
презентация жасау. Бұл «шешімдердің сатылымы» деп аталып,
бизнестің табысты кілті
болып табылады.
Әрекет ету немесе объект болу
Ықпал
Бастамашы адам және ынталы емес адамның ерекшелігі жер мен көктей. Егер сіз
басқалар тарапынан ықпалды күтсеңіз, біреудің ықпалында қаласыз.
1. Бізбен не болып жатыр?
2. Бізді болашақта не күтпек? Жағдайға қатысты әрекетіміз қалай болмақ?
3. Біз не қабылдаймыз? Қандай бастаманы көрсете аламыз?
Жауабы:
1. Біз қиын жағдайға тап болдық. Жағдайды дамудың бағыты бойынша жақсарту
тек сәтсіздіктен кейін келеді.
2. Бірақ бізде басқаруды жетілдіру, шығынды азайту, нарықтағы үлесімізді көбейту
жөнінде жақсы жоспарымыз бар.
3. Сәйкесінше, шаруа әлдеқайда жақсы.
Өз сөзіңізге зейін қойыңыз
Шынайы проактивтілік деңгейін біздің сөздеріміз анықтап бере алады. Реактивті
адамдар өздерін жауапкершіліктен қорғайтын лексиканы пайдаланады:
- Міне, мен осындаймын.
Мен детерминделгенмін. Мен мұнымен ештеңе істей
алмаймын.
- Ол менің қанымды ішті. Мен өз-өзіме жауап бермеймін.
Менің эмоциямды
бейтаныс бірдеңе басқарады.
- Мен мұны ешқашан істей алмаймын. Менің жай ғана уақытым жоқ.
Мені сыртқы
жағдайлар – уақыт тапшылығы басқарады.
- Менің әйелім сабырлырақ болғанда ғой!
Біреудің мінез-құлқы менің тиімділігімді
шектейді.
- Маған осылай істеуге тура келеді.
Жағдайлар, өзге адамдар мені бірдеңені істеуге
міндеттейді. Мен өз ісімді таңдауға ерікті емеспін.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Достарыңызбен бөлісу: