Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет5/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
4
үшін сыныпта қолайлы жағдай жасаудағы мүмкіндік 
қарастырылды. Қазіргі мектеп оқушысының қазақ тілін 
меңгеру саласындағы дағдылары жеке лексикалық 
бірліктерді білу, грамматикалық ережелерді қолдана 
білуімен қатар, эссе түрінде жазба жұмыстарын жасау, 
диалог құрастыру және өлеңдер айту, т.с.с. дағдыларын 
қалыптастыруы керек. Өз кезегінде сөздікпен, анық-
тамалықтармен, интернет ресурстарымен дұрыс жұмыс 
жасауды үйретуге, БАҚ және басқа да ақпарат көздерін 
пайдалана білулерін дамытуға тырысамын. 
Оқу сауаттылығын арттыру үшін мұғалімдер 
қауымы оқушының мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын 
қалыптастыруы керек. Бұл үрдіс бірден қалыптаспайды, 
сондықтан жылдар бойы үздіксіз жүріп тұратын 
әдетке айналуы керек. Әр мұғалім өз әдісі арқылы 
оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың амал-
дарын қолданады. Мәтінмен жұмыс бастамас бұрын, 
меніңше, оқушы мәтіннің не екенін, оның құрамы мен 
мазмұндық түрлерін жете білуі керек деп ойлаймын. 
Мәтін – белгілі бір тақырыпқа негізделген, сабақтастық 
пен тұтастықтан құралып, тізбектелген сөйлемдер 
жиынтығы. Мәтінде біртұтас ой жинақталып, ақпарат 
беру мақсаты көзделеді. Оқушының мәтінмен жұмыс 
істеуі – оқушының мәтінді түсіну, мәтінге қатысты 
берілген сұрақтарды шеше білу дағдыларының 
қаншалықты екенін анықтау деңгейі. 
Мәтінді оқымас бұрын, мәтінге байланысты берілген 
сұрақтың тапсырмасынан бастап оқу. Бұл әдіс – менің іс-
тәжірибемде жиі кездесіп жүрген тәсілдің бірі. Біріншіден, 
оқушылар тапсырмаларды оқып алғаннан соң, мәтін 
мазмұнын оқу барысында бірден сол сұрақтың жауабын 
іздеуге кіріседі. Мәтінді оқып отырғанда, оқушының миы 
автоматты түрде оны түсінуге және шешуге бейімделіп 
оқитын болады. Себебі оқушы мәтін мазмұнын оқымай, 
берілген сұрақтар арқылы мәтіннің не туралы екенін 
анықтай алады. 
Екіншіден, бұл уақытты тиімді қолданудың амалы 
деп те айтар едім. Мысалы, тапсырма: мәтін бойынша 
Едіге биден байқалатын басты ерекшелікті көрсетіңіз. 
А) шешен В) құныкер С) ойы жүйрік 
Д) өз бағасын біледі Е) кішіпейіл 
Мына берілген тапсырманы оқи отырып, оқушы 
мәтіннің кім туралы және кейіпкердің қандай ерекшелігі 
бар екенін бірден аңғарады. 
Мәтінге байланысты сұрақтың тапсырмасын мұқият 
оқып, оқушыдан не сұрап тұрғанын жете түсініп алу 
керек. Кейбір берілген тапсырмалар бірнеше сұрақтан 
тұрғандай көрінеді. Бұл – оқушының зейініне, ойына 
күдік тудырудың жолы. Сондықтан оқушы әр тапсырма-
ны зерделеп түсінуі өте маңызды. 
Мәтінге байланысты берілген тапсырманың жау-
ап нұсқаларын міндетті түрде қарап шығу қажет. Кей-
де оқушыларда жауап нұсқаларын оқып отырғанда, 
асығыстықпен барлық нұсқаларды оқымай, ұқсас 
берілген жауапты белгілеп қою қателері кездеседі. 
Себебі жауап нұсқаларының біреуінде жауап тұрғандай 
көрінеді, ал келесі жауап нұсқасы тапсырма сұрағына 
одан да анық жауап беруі мүмкін. Сондықтан оқушы 
міндетті түрде жауап нұсқаларын толық оқуы керек. Бұл 
қателік көбіне мәтін тақырып анықтауда немесе негізгі 
ойды табуда кездесетін сұрақтардан кездеседі. 
Сұрақтарды оқушы ыңғайыңа қарай емес, сұрақта 
не сұрап тұрғанына тұжырым жасау қажет. Оқушыларға 
мәтіннің негізгі ойын түсіну маңызды емес, оқушы 
сұрақта не жайлы сұралғаны маңызды екенін естен 
шығармауы керек. Себебі сұралған нәрселер мәтінде 
айтылған ой болып табылады. 
Оқушы көлемді берілген тапсырмалардан қорықпауы 
керек. Себебі сұрақтың көлемі немесе ұзақтығы 
тапсырманың күрделі екенінің дәлелі емес. Көлемді 
тапсырмаларда көбінесе оқиға беріледі, сондықтан 
оқушы оқиғаны көз алдына елестету арқылы жауапты 
шешуде қиналмауы әбден мүмкін. 
Берілетін шығарма үзіндісінің негізгі, кілтті ойы 
әдетте соңғы сөйлемдерде кездеседі. Сондықтан оқушы 
мәтінді мұқият оқи отырып, соңғы ойға баса назар ау-
даруы керек. Егер уақыт аз қалатын болса, негізгі ойды 
соңғы сөйлемдерден іздегені дұрыс болады. Себебі кез 
келген тақырыптың шешуші ойы қорытынды бөлімде 
тұрады. 
Функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар-
ды пайдалана отырып, оқушылардың үлкен талпыныс-
пен оқып, түсініп, оны алдағы уақытта қолдана алса, 
ұстаз еңбегінің ақталғаны осы. Мәтінді түсініп оқу, тап-
сырмаларын дұрыс орындау – оқу сауаттылығының 
негізгі кепілі. Ертеңгі уақыт бізден сауатты тұлғалардың 
оқып шығуын күтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет