Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет6/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

Пайдаланған әдебиет: 
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауат-
тылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға ар-
налған ұлттық іс-қимыл жоспары. 
– Астана: Әділет, 2012. 
2. Даулетова Н.А. Оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері.
– Атырау, 2019.
3. Рауандина А.Қ. 
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. 
– Алматы, 2010.


№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
5
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН
ДАМЫТУДАҒЫ Қ. БІТІБАЕВА
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
МАҢЫЗЫ 
Думан Нуркешевна ЗАРКЕЕВА
№36 ЖББМ, Қарағанды қаласы
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты 
білім беру, олардың белсенді де шығармашыл тұлға 
болып шығуын қадағалау – мұғалімдер алдындағы жа-
уапты жұмыс, үлкен міндет. Бұл міндет әрбір мұғалімге 
тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формасы мен әдіс-
тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді. Бүгінгі таңда 
елімізде заманауи білім беру мазмұны жаңа бағытқа 
жаңашылдығымен бет бұрғаны белгілі. Сондықтан, 
қазіргі даму кезеңінде жаңартылған білім беру жүйесінің 
алдында оқыту үрдісін барынша технологияландыру 
мәселесі басты орынға қойылып отыр. 
Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың әдет-
салты, дүниетанымы, шыққан түп тамырында жата-
тыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың 
өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық 
ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр білім 
алушының таным белсенділігін дамыту, талантын 
ашу, шығармашылық еңбекпен оқыту – бүгінгі білім 
берушінің алдында тұрған абыройлы міндет. 
Технология – оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны 
жан-жақты дамытудың тиімді, нәтижелі ізденістерін 
талап етеді. Оқушының білім алу іс-әрекеттерін 
мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық 
ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі 
жасау – технологияның басты белгілері болып та-
былады [1, 6-б.]. КСРО мемлекеттік сыйлығының 
иегері, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, педагоги-
ка ғылымдары академиясының академигі Бітібаева 
Қанипа Омарғалиқызы – ерекше тұлғаларымыздың 
бірі. Қанипа Бітібаева қазіргі нәтижеге бағытталған 
білім беру кезеңінде әдебиетті оқытудың теория-
сы мен әдістемесін, технологиясын ғылыми тұрғыда 
жазып кеткен ғалым ұстаз. Ол: «Біздің бүгінгі күні 
алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, 
мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды әрі қарай 
жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау 
басты парызымыз. Ол үшін біз тілімізді – ұлттық қазына, 
ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет», - деген.
Қанипа Бітібаеваның қазақ әдебиетін тереңдетіп 
оқытудың әдістері мен «Жаңа білімді меңгерту техно-
логиясы» барша пән мұғалімдері, әсіресе, қазақ тілі 
мен әдебиеті пәнінің оқытушылары үшін өте тиімді. 
Әйгілі жаңашыл ұстаздың әдебиетті тереңдетіп оқыту 
әдістемесі оқушылардың шығармашылық жұмысына, 
өзіндік жұмыстарына, көркем шығарманы оқып, әрі оны 
жан-жақты талдай білуіне, әсіресе, оның эстетикалық 
мәнін түсінуіне, алған білімін өмірде пайдалана білуіне 
жол салады. 
Дарынды ұстаз технологияның «Жаңа тақырып 
бойынша берілетін алдын ала тапсырмалар жүйесі», 
«Тапсырмалар негізіндегі сұхбат-әңгіме, пікірлесу», 
«Мұғалім түсінігі», «Қосымша материалдар, ғылыми 
еңбектермен жұмыс», «Оқулықпен жұмыс», «Жинақтау, 
қорытындылау» алты кезеңі де [4, 15-б.] оқушының 
танымдық іс-әрекетінің шығармашылық ізденісінің 
жетілуіне, өзіндік сыни пікір айтып, болжам жасай алуы-
на, ғылыми ізденіске жол ашуына мүмкіндік берері анық. 
Бұл технологияны оқушылармен ұйымдастырылған 
жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, 
әдеби таласқа түсіп, ауызекі, шешен сөйлеуге, бедерлі, 
айшықты сөйлеуіне, функционалдық сауаттылығын 
арттыруға үлкен септігін тигізері хақ. 
Ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологи-
ясы да әдеби айтыс, пікірлесу, диалогиялық әңгіме, 
проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар 
оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына 
негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды 
өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз 
технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. 
Технологияның әр кезеңінің қайсысы болмасын 
оқушының ізденісін, пәнге деген қызығушылығын да-
мытады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі 
жеткізуде Қ. Бітібаева технологиясының әдіс-тәсілдері 
қазіргі заманауи ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді. 
Жоғарыда аталған бағыттар оқушының өздігінен 
ізденуіне, бейімделуіне көмектеседі. Әрбір білім алушы-
ны сыни ойлата отырып, әр сабақты түрлендіре өткізсек, 
алдымыздағы баланың күннен-күнге біле берсем деген 
құштарлығы байқалады [3, 203 б.]. 
Жеке тұлғаның тұлға болып қалыптасуына, болашақ 
өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп көркеюіне үлес қосу, 
қаймықпай адал қызмет ету – басты парызым. Әрине, 
саналы, тәрбиелі, ұлттық құндылықтарды бойына 
сіңірген тұлға тәрбиелеу үшін қазіргі ұстаз өз бойынан 
өткізген күш-жігерімен келген үлкен зиялы тәрбиенің 
қуатын шаршамай, талмай, ізденімпаздықпен жаңа 
заманның жаңа жолына бастай білуі керек. Сонда ғана 
әр тұлғаның көкірегіне ой сала білетін, пайымды идеяға 
бай тұлға тәрбиелеп шығаратынымыз анық. 
Қанипа Бітібаева технологиясының тиімділігінің 
дәлелі ретінде «Ы. Алтынсарин – қазақтың педагог-
ағартушысы», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» ро-
маны, А. Сейдімбектің «Әйел-ана» әңгімесі бойынша 
өткізген сабақтарымдағы оқушылардың жұмыстарынан 
көруге болады. Оқушылар авторлардың өмірі мен 
шығармашылығы туралы жан-жақты ізденіп, ең негізгі 
мәселелерді анықтап, дәлелді пікірлер айта білді. 
Проблемалық сұрақтарды талқылап, өзіндік қорытынды 
жасады. Іздену тапсырмаларын жүргізу арқылы көркем 
туындыны өз беттерімен талдай отырып, бағалау 
пікірлерді нақты мысалдармен дәлелдеуге еңбектенді. 
Сабақ кезеңдерінде проблемалық жағдай тудыру, 
ұжымдық оқыту, даралап, саралап оқыту, шағын жоба 
жасау, оны қорғау, модель құрастыру, топтық, жұптық, 
дараланған жұмыстар жүргізілді. Осындай сабақ бары-
сында қолданылған Қ. Бітібаева технологиясының әдіс-
тәсілдері оқушылардың жан-жақты дамуына, өз бетімен 
жаңа идеялар ойластыруына, сыни көзқарастарын 
білдіруге, үздіксіз жұмыс жасауына, шығармашылыққа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет