Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі



Pdf көрінісі
бет108/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципіБұл принциптен туындайтын 
мақсат-бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың баршасын (жанұя, 
мектеп, мектептен тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті 
іске қосып, тəрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар 
қоюды жүйелеу. Егер мұндай бірлік пен үйлесім болмаса, тəрбие 
процесінің қатысушылары А.И.Крыловтың кейіпкерлері Шаян, Аққу 
жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім 
кепіл? Бұдан үлкен зиян көретін алдымен тəрбиеленуші: кімге сеніп, 
кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан «пірлерінің» 
ішінен жөндісін айыра алмай, күйзеліске келеді. Ал мұндай 
жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік 
ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің 
ұнамды əсерін көтеру-тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің басты 
талабы. 
Аталған принципті іске асырудың төменде келтірілген ережелері 
тəрбиешіге өз қызметінің барша саласында кезігетін жағдайларды 
ескеруге көмектеседі: 
1) Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-достары, төңірегіндегі 
ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен оқушылар ұжымы жəне т.б. 
ықпалында қалыптасады. Осы сан қилы ықпалдар арасында біршама 
маңызды рөл сынып ұжымы мен тəрбиеші тұлғасына тиісті болатынын 
еске ұстай отырып, басқа да тəрбиелік əсер көздері болатынын 
ұмытпаған жөн. Сыныптағы оқушылар мен тəрбиешіден болатын 
талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет. 
2) Тұлға қалыптастырудағы бас жетекші – отбасы. Өз баласының 
даралық ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тəрбиесінде 
қайталанбас жол таба білу мен сол тəрбиеге мейір, жүрек жылуын қосу 
тек ата-аналарға ғана берілген шеберлік. Бұл тұрғыдан оларды 
ешқандай тəрбиеші –педагог не оның істері ауыстыра алмайды. «Ұяда 


не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» -деп атам қазақ бекерге айтпаған. 
Осыдан, талап – отбасымен қажет байланысты қолдап, қуаттау, бекіте 
түсу, қай тəрбиелік мəселе болса да, оны ата-аналармен бірлесе шешу. 
3) Тұрмыста осы тəрбиеге байланысты кейде табиғи тəрбиелеуші – жанұя 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет