Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты
бағыттар қатарында
ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-
дəстүрін, тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп
білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін
жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік
қатынастар негізі - əр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік
сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды,
отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау жəне ең жоғары
инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету.
Жалпы
адамзаттық
құндылықтар
арасында
ұлттық
құндылықтар
шегерілмейді.
Керісінше,
осы
ұлттық
құндылықтар арқылы көрінеді.
Алғашқыда осы ұлттық
формада көзге түскен қайталанбас соны жетістіктер уақыт
өте жалпы адамзаттық құндылыққа өтеді (мысалы, жақын
уақыттың өзінде қазақ домбырасын жетекші күй аспабы
ретінде танытқан «Ұлытау» триосының Голливуд жеңімпазы
аталып, бүкіл əлемге танылуы).
Қоғамдағы азаматтық, гуманистік
құндылықтардың бекуі, өз
міндеттері мен құқықтарының өзара тəуелділігін сезінуші əрі
азаматтық ұстанымы бар ерікті тұлғаны қалыптастыру көбіне тəрбие
жəне оқу жүйесіне байланысты. Заман ерекшелігін ескерумен түзілген
құндылықты бағыттардың дамуынан əр адам өзін планета азаматы,
əлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға
бағытталған идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына;
ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды
байланыстыра білуге;
қоғамға жəне басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен
міндеттерін зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін
түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен сезімдерді тəрбиелеуге; пікір
жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге жəне
т.б. орайлас келеді.
Жалпы
адамзаттық
құндылықтарға
бағыт-бағдар
тəрбие
мазмұнының ажыралмас бір бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: