Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет108/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

Жұмыстың мақсаты: Дәнді, Қияқ тұқымдастарының өсімдік 
тектері мен түрлерін анықтауды үйрену. 
Материалдар және жабдықтар: стереоскоптық микроскоптар 
(бинокулярлар), іреуіш инелер, төсеніш шынылар, кішкентай 
қысқыштар, өсімдіктерді айырғыштар. 
Өсімдік объектілері: Дәнді, Қияқ тұқымдасының өкілдері 
гүлдерінің фиксациялық спирттік материалы, өсімдіктің кептірілген 
үлгісі.
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Дәнді 
тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
анықталатын өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз: жапырақтардың еңін 
және ұзындығын, тілшіктің бар болуын және өлшемдерін, тығыз шым 
түзуші немесе жұмсақ шым түзуші, көпжылдық немесе біржылдық 
өсімдік пе екенін белгілеңіз. Гүлшоғырдың түрлерін және өлшемдерін 
анықтаңыз. 
2. Тірі немесе спирттік материалда анықталатын дән масағының 
құрылымын зерттеңіз. Масақты қабыршақтардың бар болуын және 
пішінін, қылқандардың, мамықтанудың бар болуын белгілеңіз. 
3. Дәннің гүлін препараттаңыз. Жоғарғы және төменгі гүлді 
қабыршақтарды, лодикулаларды табыңыз. Аталықтарды және аналық 
аузының бұтақтарын санаңыз. Гүлді қабыршақтардың құрылымын 
қараңыз, оларда кильдер, түкшелер болса, белгілеңіз.
4. Өсімдік айырғышты қолданып, Дәндер тұқымдасының өсімдік 
тектері мен түрлерін анықтаңыз.
5. Қияқ 
тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
анықталатын өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз: ұзын тамырсабақты 
немесе қысқа тамырсабақты өсімдік, «төмпешікті» түзейді ме. 
6. Гүлшоғырдың түрін анықтаңыз. Бір ұялы немесе екі ұялы өсімдік. 
Дара жынысты немесе қос жынысты гүлдер және гүлшоғырлар. 
7. Гүлдің құрылымын зерттеңіз. Гүлсеріктің бар болуын, аталықтың 
және аналық аузының санын, қалташаның бар болуын белгілеңіз. Егер 
қалташа бар болса, оның пішінін, тұмсықтың бар-жоғын, оның 
өлшемдерін анықтаңыз. 
8. Өсімдік айырғыштың көмегімен Қияқ тұқымдасының өсімдік 
тектері мен түрлерін анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет