Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет25/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

35. Отыз Бесінші Сөз
Махшарға барғанда Құдай Тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіттерді
қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат-хұрмет алмақ үшін, қажы болмақ
үшін қажы болғаңды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт
болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола бір ғана Құдай Тағаланың
разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Дүние үшін болғандарға айтар дейді: "Сендер дүниеде қажеке, молдеке,
сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда
жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған сонымен бірге қылған
өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім,
өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ахиретті ұстап, ден
ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылыңдар?"— деп.
Əне шын ниетімнен орнын тауып, бір Құдайдың разылығы үшін өнер
қылғандарға айтар дейді: "Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп
малдарыңды, өмірлеріңді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге
лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һəм ол разылықтарыңнан басқа
осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп ынтық
болған достарың табылса, шафағат қылыңдар!" деп айтар дейді.


36. Отыз Алтыншы Сөз
Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уəселəмнің
32
хадис шарифінде
33
айтыпты: "Мəн лə хаяһүн уə лə иманун лəһу"
34
деп, яғни кімнің ұяты жоқ
болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: "Ұят
кімде болса, иман сонда" деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят, өзі иманның бір
мүшесі екен. Олай болғанда, білмек керек, ұят өзі қандай нəрсе?
Бір ұят бар — надандықтың ұяты: Жас бала сөз айтудан ұялған секілді,
жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ əншейін барып жолығысудан ұялған
секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да,
надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нəрседен
ұялған ұялу — ақымақтық, жамандық.
Шын ұят сондай нəрсе: шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға
теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі — ондай
қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып
кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады.
"Япырмай, мына байғұсқа не болды, енді мұның өзі не болады дегендей, бір
нəрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді.
Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылга, я абиұрлы бойға теріс, я
адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нəпсіге еріп ғапылдықтан өз
бойыңнан шықкандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылгандығыңды бөтен
кісі білмесе де, өз ақылың өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіне
жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі
қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны
да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз
бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған
қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді.
Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит
боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нəрсені көрмейді. Мұндай
қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы
аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ, десе болар.
Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. "Ол істен
мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?"— дейді. Я болмаса, "жə, жə, оған
мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің"— дейді. Немесе "пəленше
де, түгенше де тірі жүр ғой, пəлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында
несі сөз, пəлендей, түгендей мəнісі бар емес пе еді?"— деп, ұялтамын десең,
жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған
кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау.
Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жок дейміз бе?!
32
(ар.
ﻢّﻠﺳو ﻪﯿﻠﻋ ﷲا ﻰّﻠﺻ
) – Оған Алланың сəлемі мен рақметі болсын деген сөз
33
(ар.
ﻒﯾﺮﺷ ﺚﯾﺪﺣ
) – Пайғамбар туралы əңгімелер
34
ﻪﻟ نﺎﻣا ﻻو هﺎﯿﺣ ﻻ ﻦﻣ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет