Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет27/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

38. Отыз Сегізінші Сөз
Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері
тұғралы біраз сөз жазып ядкар
35
қалдырайын. Ықылас бірлəн оқып, ұғып
алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат — əуел адамның
адамдығы, ғақыл, ғылым деген нəрселер бірлəн. Мұның табылмақтығына
себептер — əуелі һауас сəлим
36
һəм тəн саулық, бұлар туысынан болады,
қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады, Талап,
ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ əлгі айтылған
үшеуінен болады.
Ғылым-білімді əуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен
яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан
бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты
адам болады. Сонан соң ғана Алла Тағаланы танымақтық өзің танымақтық,
дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жəліб мəнфағат
37
дəфгы
мұзарратларны
38
айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт
қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Аның үшін көбінесе
балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан
моллаға берген болады я ол балалары өздері барған болады — ешбір бəһра
39
болмайды.
Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымга да, ұстазға да, хаттə
40
иман
иғтиқатқа
41
да қиянат бірлəн болады. Бұл қиянатшылар жарым адам, жарым
молла, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кəмелат
42
таппағы —
қиынның қиыны. Себебі, Алла Тағала өзі — хақиқат жолы. Хақиқат бірлəн
растық — қиянаттың дұшпаны, дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме?
Көңілде өзге махаббат тұрғанда хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі
хақиқатқа, растыққа құмар болып, əр нəрсенің түбік, хикметін білмекке ынтық
бірлəн табылады. Ол — Алланың ғылымы емес, һəмманы білетұғын ғылымға
нттықтық, өзі де адамга өзіндік ғылым береді.
Аның үшін ол Алланың өзіне гашықтық керек. Ғылым — Алланың бір
сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һəм адамдық дүр. Болмаса
мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-хұрмет
43
таппақ секілді нəрселердің
махаббаты бірлəн ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды.
Мал, мақтан, ғиззат-хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды
һəм көрік болады. Егер де адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да
адамдығы жоғалады. Енді хақиқат сүйіп, шынды білмек құмарың бар болса,
35
есткерткіш, есте қалу
36
жақсы сипат
37
пайдалыны алу
38
зарарлыны кешіру, қашыру
39
пайда, нəтиже
40
тіпті
41
нану, сену
42
жетілу, толығу
43
қадір, сый


адамдыққа лайықты ықыласты құлагыңды қой. Əуел дін исламның жолындағы
пəңделер, иманның хақиқатын білсін. Иман дегеніміз бір ғана инанмақ емес,
сен Алла Тағаланың бірлігіне, уа Құранның аның сөзі екендігіне, уа
Пайгамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу ғалайһи уəсəллəм
44
аның
тарамынан елші екендігіне инандық. Жə, не бітті? Сен Алла Тағалаға Алла
Тағала үшін иман келтіремісің я өзің үшін де иман келтіремісің? Сен иман
келтірмесең де Алла Тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін иман
келтірсең, жə инандың. Ол инанмақтық бірлəн қалса, саған пайда бермейді.
Аның үшін сен өзің инанмақтығыңнан пайда ала алмадың: пайдаланамын
десең, пайда береді, кəміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек.
Сіз "Əменту биллаһи кəма һуə би исмайһи уа сифатиһи"
45
дедіңіз. Ол есім
аллалар
46
һəмма ол Алла Тағаланың фигыл ғазимлəрінің
47
аттары, олардың
мағынасын біл һəм сегіз сифат затиялары
48
не деген сөз кəміл үйрен. Өзіңді
аның құлы біліп, өзіңді мүслім
49
ат қайып, тəслим
50
болғаныңа раст боласың
да. Өз пиғылдарыңды соған өз халіңше ұқсатуды шарт қыл. Алла Тағала ұқсай
алам ба деп, надандық бірлəн ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ — дəл бірдейлік
дағуасы бірлəн емес, соның соңында болмақ. Аның үшін Алла Тағаланың
сипаттары: Хаят
51
, Ғылым, Құдірет
52
, Басар
53
, Сəміғ
54
, Ирада
55
, Кəлам
56
,
Тəкин
57
.
Бүл сегізінен Алла Тағаладағыдай кəмəлат-газамат
58
бірлəн болмаса да,
пендесіңде де əр бірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
Жə, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зəрра
59
аттас сипатымызды олАлла
Тағаланың сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақ бірлəн
біздің атымыз мүслим бола ала ма? Болмаса керек. Жə, ол сегіз сипатына
сипатымызды һəм ол аттары бірлəн ағламланған
60
фиғыл Құдаға фиғлымызды
ертпек не бірлəн табылады, қалайша табылады, аны білмек керек. Ол — Алла
Тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ғақылымыз мұқтаж,
жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлəн тағрифлап
61
танымаққа керек. Егер де ол
сипаттар бірлəн тағрифламасақ бізге мағрифатулла
62
қиын болады. Біз Алла
Тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін
44
(ар.
ﻢّﻠﺳو ﻪﯿﻠﻋ ﷲا ﻰّﻠﺻ
) – Оған Алланың сəлемі мен рақметі болсын деген сөз
45
(ар.
ﻪﺗﺎﻔﺻو هءﺎﻤﺳﺎﺑ ﻮﻫ ﺎﻤﻛ ﷲﺎﺑ ﺖﻨﻣا
) – Құдайға, Оның есімдері мен сипаттарына иман келтірдім
46
Алланың аттары
47
ұлы іс
48
өзіне қас, өзіне лайық болған сипат
49
мұсылман
50
берілу
51
тіршілік, тірі болу
52
күш
53
көру, көруші
54
есту, естуші
55
тілеу, қалау
56
сөйлеп, сөйлеуші
57
бар қылу, болдыру
58
үлкен жетісу
59
кішкентай, титтей
60
белгілі, мəлім, анық
61
айыру, анықтау, білу
62
Алланы тану


емес. Заты түгел, хикметше ешбір хаким ақыл ерістіре алмады. Алла Тағала
өлшеусіз, біздің ақылымыз — өлшеулі. Өлшеулі бірлəн өлшеусізді білуге
болмайды. Біз Алла Тағала "бір" дейміз, "бар" демеклік те — ғақылымызға
ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол "бір" демеклік те Алла
Тағалаға лайықты келмейді. Аның үшін мүмкінаттың
63
ішінде не нəрсенің
үжуді
64
бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Əрбір хадиске
65
айтылатұғын бір
кадимге тағриф болмайды. Ол "бір" деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла
Тағаланың ішінде, Құдай Табарака уатағала кітаптарда сегіз сүбутия
66
сипаттары бірлəн, уа тоқсан тоғыз Əсма-и хүсналар
67
бірлəн білдірген.
Бұлардың һəммасы Алла Тағаланың затия
68
сүбутия уə фиглия
69
сипаттары
дүр.
Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның екеуі — ғылым, құдірет.
Сегіз сипаттан қалган алтауы — бұларға шарх
70
. Ол алтауының бірі — хаят,
яғни тірлік.
Алланы бар дедік, бір дедік, ғылым құдіреті сипаты бірлəн сипаттадық. Жə
бұл бірлік, барлык ғылым, құдірет олуда
71
боларлық нəрселер ме? Əлбəттə,
ғылым құдіреті бар болады: хаяты — мағлұм, бірі — ирада, яғни қаламақ.
Ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол еш нəрсеге харакет бермейді. Һəммаға
харакет беретұғын өзі. Ол ирада — ғылымның бір сипаты кəлем, яғни
сөйлеуші деген: сөз қаріпсіз, дауыссыз болушы ма еді? Алланың сөзі —
қаріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті
жəне басар, сəмиғ, яғни көруші, естуші деген. Алла Тағаланың көрмегі,
естімегі біз секілді көзбенен, құлақпенен емес, көргендей естігендей білетұғын
ғылымның бір сипаты.
Бірі тəкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз. Егер барлыққа келтірмегі
бір өз алдына сипат болса, Алла Тағаланың сипаты өзіндей қадім, һəм əзəли
72
,
һəм əдəби
73
болады да, һəмишə
74
барлыққа келтіруден босанбаса, бір сипаты бір
сипатынан үлкен я кіші боларға жарамайды. Олай болғанда ғылым, құдірет
сипаттары секілді босанбай, һəр уақыт жаратуда болса, бір ықтиярсыздық
шығады. Ықтиярсыздық Алла Тағалаға лайықты емес. Оның барлыққа
келтірмегі — құдіретіне ғана бір шарх. Бұл ғылым, құдірет екі сипат бірлəн
сегіз сипат бұзылмастан түгел болады. Ол ғылым кұдіретте ешбір ниһаятсіз
75
ғылымында ғафлят
76
, құдіретінде епсіздік я нашарлық жоқ. Саниғын
63
болуы мүмкін нəрселер
64
бар болу, болмыс
65
Пайғамбарымыздың сөзі
66
орнықты, тұрақты
67
көркем, жақсы (Аллаға тəн) есімдер
68
өзіне лайық
69
өзі істейтін
70
түсінік, түсіндіру
71
күш болуда
72
əуелде, əуелден
73
мəңгі
74
үнемі, əрқашан, əрдайым
75
шексіз, шамасыз
76
қапы қалу, қапы болушылық


сұнатына
77
қарап білесіз. Бұл көзге көрінген, көңілге сезілген ғаламды қандай
хикмет бірлəн жарастырып, қандай құдірет бірлəн орнастырған, еш адам
ұғылының ақылы жетпейді.
Бірақ пендесінде акыл-хүкімші, қайрат, қуат қызмет қылушы еді. Соған
қарап ойласаң: Алла Тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс. Бірак əуелде
айтқанымыз: ғылым, кұдірет — біздің ұғуымызга ғана екі хисап болмаса,
бір-ақ ғылымды құдірет болуға тиіс. Олай болмаса, сипаттар өз орталарында
бірі тəбиғ
78
, бірі мəтбуғ
79
болады ғой. Бұл болса, тағриф раббыге
80
жараспайды.
Сегіз сипат қылып жəне ол сипаттар "ла ғаиру уə лə һуə"
81
болып, былай
айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки жамиғат шығып кетеді. Бұл болса
келіспейді. Егерде сипаттарды əрбірін басқа-басқа дегенде, көп нəрседен
жиылып, ынтымақпенен Құдай болған болады. Бұлай деу батил
82
, бір ғана
құдірет пендеде болған қуат: құдірет, ғылым ақылдан басқа болатұғын еді,
Алла Тағалада болған құдірет — ғылым һəм рақымет. Ол — рақымет сипаты,
сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Алла Тағаланың Рахман
83
, Рахим
84
,
Ғафур
85
, Уадуд
86
, Хафиз
87
, Сəттар
88
, Разақ
89
, Нафиғ
90
, Уəкил
91
, Латиф
92
деген
есімдеріне бинаəн
93
бір ұлығ сипатынан хисаплауға жарайды. Бұл сөзіме
нақлия
94
дəлелім — жоғарыдағы жазылмыш Алла Тағаланың есімдері.
Ғаклия
95
дəлелім Құдай Тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен
жаратқан, онан басқа бірінен-бірі пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз
жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды
хайуандардан пайдаланатұғын ғақылды инсанды
96
жаратыпты.
Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі
хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һəм олардан
Махшарда
97
сұрау бермейтұғын кылып бұлардың һəммасынан пайда аларлық
ақыл иесі қылып жаратқан.
77
істеушінің ісіне
78
ертуші
79
еруші
80
Құдайды тану
81
(ар.
ﻮﻫ ﻻو ﺮﯿﻏ ﻻ
) – басқа да емес, оның өзі де емес
82
қиянат, теріс
83
Жарылқаушы
84
Мейірімді
85
Кешіруші
86
Сүюші
87
Қорғаушы, Сақтаушы
88
Айыпты, Жабушы
89
Ырзық беруші
90
Пайда беруші
91
Өкіл
92
Таза, Кішіпейіл
93
негізделген
94
бұрыннан айтылып жүрген негізгі сөз
95
ақылмен, оймен
96
адам, адам баласы
97
адам баласы өліп тірілгеннен кейін Құдай алдында күнəсі тексерілетін орын


Адам баласынан Махшарда сұрау беретұғын қылып, жаратқандығыңда һəм
ғадалəт, һəм махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар сипатында
жаратпай, бұл гузəл сипатты беріп, екі аяққа бастырып басын жоғары
тұрғызып, дүниені көздерлік қылып өзге хайуандар секілді тамақты өз
басымен алғызбай, ыңгайлы екі колды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас
бергенде, не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, исін алып лəззаттанғандай
қылып ауыз үстіне мұрынды қайып, оның үстіне тазалығын байқарлық екі көз
беріп, ол көздерге нəзіктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол
қабақтарды ашып-жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері
тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне көрік қылып,
бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойын біреуіне
ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кім өзіңе
махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе?
Ғақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады екен; ол
бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі дəндерді өсіріп, жемістерді
ендіріп, көзге көрік, көңілге рахат гүл-бəйшешектерді, ағаш-жапырақтарды,
қант қамыстарын өндіріп, неше түрлі нəбатəттəрді өстіріп, хайуандарды
сақтатып, бұлақтар ағызып, езен болып, өзендер ағып дария болып,
хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер
мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін,
жұмыртқасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар: балығын,
балықтар икрасын, хатта ара балын, балаузын, құрт жібегін — һəммасы адам
баласының пайдасына жасалып, ешбірінде, бұл менікі дерлік бір нəрсе жоқ,
бəрі — адам баласына таусылмас азық.
Миллион хикмет бірлəн жасаған машина, фабрик адам баласының рақаты,
пайдасы үшін жасалса, бұл жасалушы махаббат бірлəн адам баласын
сүйгендігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймектік карыз емес пе?
Адам баласы қанағатсыздық бірлəн бұл хайуандардың тұқымын құртып,
алдыңғылар артқыларға жəбір қылмасын деп, малды адам баласының өзінің
қызғанышына қоргалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін
күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең
тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып, һəм əрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып,
жас күнінде кішкене уақытында шафхат сəхəрі
98
бірлəн бастарын байлап
қамкор қылып қоймақтығы, адам баласына өсіп-еніп, теңдік алсын емес, бəлкі
адам баласының үзілмес нəсіліне таусылмас азық болсын дегендік. Бұл
хикметтерінен һəммасына һəм мархамат
99
, һəм ғадалəт заһир
100
тұр екен.
Біз өз ортамызда бұл мархамат ғадалəтті иманның шартынан хисап
қылмаймыз, ал аның үшін мүсілим болғанда, Алла Тағалаға тəслим болып,
Оның жолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі ай мен күннен артық
мағұлым тұрған жоқ па?
98
ертеңгі рақымет
99
жақсылық
100
əділдіктің көрінуі


Бүл фигылы қүданың
101
ешбірінде қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын
жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе?
Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам я мұсылман емес, ең болмаса шала
мұсылман.
Алла Табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі
білмейді. "Тафаккару фи'ал иллаһи"
102
деген хадис шарифтің "инна Аллаһу
йухиббул мұқситин"
103
деген аяттарға ешкімнің ықласы, көңілі менен ғылымы
жетіп құптағанын көргеніміз жоқ. "Ата марру ан-Наса би-л — бирри уа ахсану.
Инна Аллаха йухиббу-л-мухсинин"
104
, "уа аллазина амəну уə амилу с-салихати
л-алаика асхабул жаннатиһум фиһа халидун"
105
деген аяттар Құранның іші
толған ғамалус-салих
106
не екенін білмейміз. "Уа əллазинə амəну уə ғамилу
с-салихати фə йуəффиһим үжурəһүм уа аллаһу лə йүхиббу залимин"
107
аятына
қарасаң, ғамалус-салих залымдықтан дидди
108
болар. Олай болганда, ғадалəт
рафғат
109
болуға кімде-кімнің əділеті жоқ болса, оның хиясы жоқ, кімнің ұяты
жоқ болса, оның иманы жоқ деген, Пайғамбарымыз саллаллаһу галайһи
уасəлламнің хадис шарифі "мəн лə хаяүн лаһу уə ла иманун лаһу"
110
деген
дəлел дүр. Енді белгілі, иман құры инаныш бірлəн болмайды, ғадалəт уə
рафғат бірлəн болады. Ғəмалус-салих ғадаллəтті мархамəтті болмақ күллі
тəнбірлəн қылған кұлшылықтарын ешбірі ғадалəтті мархаматты бермейді.
Көзің күнде көреді намаз оқушы, руза тұтушылардың не халəттə екендіктерін,
оған дəлел керек емес.
Бəлки ғадалəт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят бұл ғадалəттəн
шығады. Аның үшін ғадалəтті адамның көңіліне келеді: мен өз көңілімде
қылық менімен, сондай-мұңдай қылықтармен мүғамəла
111
қылса екен деп
ойлап тұрып, өзім сол қылықтармен мүғамəла қылмағандығым жарамайды ғой
деп, сол өзі əділет те һəм ынсап та емес пе? Ол һəмма жақсылықтың басы емес
пе? Жə, олай хұлық
112
пенен сол ойды ойлаған кісі Халлақына
113
шүкірді неге
ойламайсың?
Шəкірліктен
114
ғибадаттың бəрі туады. Енді зинһар
115
ғадалəт, шапағаттан
босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та, һəммасы босанады, Аллаяр
софының бір фəрдəдəн жүз фəрдə бижай
116
дегені басыңа келеді.
101
Тəңірдің ісі
102
(ар.
ﷲا لﺎﻌﻓ ﺮّﻜﻔﺗ
) – Құдайдың бергеніне ой жібер
103
(ар.
ﻦﯿﻄﺴﻘﻤﻟا ّﺐﺤﯾ ﷲا ّنا
) – шынында Құдай əділ адамдарды сүйеді
104
адамдарға жақсы іс істе деп бұйырыңыз жəне жақсылық етіңіз, өйткені Құдай жақсылыққа тартушыларды сүйеді
105
сондай адамдар бар, Құдайға иман келтіреді, жақсы істер істейді, ондайлардың орны мəңгі ұжмақта
106
ізгі амал
107
бірақ сондай адамдар бар, Құдайға иман келтіреді, жақсы істер істейді, сөйтіп міндетін атқарады, өйткені Құдай
залымдарды сүймейді
108
қарсы
109
əділдікті жоғарылату
110
кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ
111
араласу, қатынасу
112
пейіл, мінез
113
Жаратушысына
114
шүкір, ырзалық
115
қалайда, əйтеуір
116
жайсыз, қолайсыз


Енді біздің бастағы тағриф бойынша Құдай Тағала ғылымды, рақымды,
ғадалəтті, құдіретті еді. Сенде бұл ғылым, рақым, гадалəт үш сипат бірлəн
сипаттанбақ: ижтиһадің
117
шарт еттің, мұсылман болдың һəм толық
инсаниятың
118
бар болады. Белгілі жəуанмəртлік үш хаслат бірлəн болар деген
сиддық
119
, кəрəм
120
, ғақыл — бұл үшіндəн сиддық, ғадалəт болар. Кəрəм
шафағат болар, ғақыл мағлұм дүр, ғылымның бір аты екендігі, бұлар əр
адамның бойында Алла Табарака уатағала тəхмин
121
бар қылып жаратқан.
Бірақ оған рауаж
122
беріп гүлдендірмек, бəлки адам өз халінше кəмəлатқа
жеткізбек, жеһəтінде болмақ.
Бұлар — өз ижтиһадің бірлəн, ниет халис
123
бірлəн ізденсең ғана берілетін
нəрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш хаслəттің иелерінің алды —
пайғамбарлар, онан соң — əулиелер, онан соң — хакимдер, ең ақыры — кəміл
мұсылмандар. Бұл үш түрлі фиғыл құданың соңында болмақ, өзін құл біліп,
бұл фиғылдарға ғашық болып, тұтпақты пайғамбарлар үйретті, əулиелер
оқыды, ғашық болды. Бірақ, ұхрауи
124
пайдасын ғана күзетті. Ғашықтары сол
халге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бəлки хисапқа
алмадылар.
Хакимдер дүниеде тиетін пайдасын сөйлейді, ғибрəт көзімен қарағанда,
екісі де бірінен-бірі көп жырақ кетпейді. Аның үшін əрбірінің сөйлеуі, айтуы
басқаша болса да, Алла Тағаланың сұңғатына қарап пікірлемекті екісі де айтты.
Пікірленбектің соңы ғибратланбақ болса керек. Бұл ақыл, ғылым екісі де өзін
зорга қисабламақты, залымдықты, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді.
һəм екісі де мархаматты, шапағатты болмақтықты айтып бұйырды, бұл рақым
болса керек.
Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайфа əр кісі өздеріне бір түрлі нəпсісін
фида қылушылар деп.
Яғни пенделіктің кəмəлаты əулиелік бірлəн болатұғын болса, күллі адам
тəркі дүние болып "һу"
125
деп тариқатқа
126
кірсе, дүние ойран болса керек.
Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім
тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан
қазыналарын кім іздейді?
Хəрами
127
, макруһи
128
былай тұрсын, Құдай Тағаланың қуаты бірлəн
ижтиһад акылың бірлəн тауып, рақатын көрмегіне бола жаратқан, берген
ниғмəттеріне, онан көрмек хұзурға
129
суық көз бірлəн қарап, ескерусіз тастап
117
талабың
118
адамгершілігің
119
шын, шындық
120
ізгілік
121
шама
122
реттеу, пайдаға асыру
123
түзу ниет
124
ахиреттік
125
(ар.
ﻮﻫ
) –"Ол": "Құдай" деген мағынасындағы зікір
126
сопылыққа
127
арам, тыйым салынған
128
жиреніштік
129
тыныштылық, рақатшылық


кетпек ақылға, əдепке, ынсапқа дұрыс па?! Сахиб нигмəтке
130
шүкіршілігің
жоқ болса, əдепсіздік бірлəн күнəкер болмайсың ба?
Екінші — бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету де қаупі бар.
Уа кəпірлерге жем болып кетуде, қайсыбір сабырсызы жолынан тайып,
сабырмен бір қарар тұрамын дегені болып кетселер де керек.
Егсер де бұл жол жарым-жартыларына ғана айтылған болса, жарым-жарты
раст дүниеде бола ма? Раст болса, һəммəға бірдей раст болсын, алалаған раст
бола ма? Һəм ғадалəт бола ма? Олай болғанда, ол жұртта ғұмыр жоқ болса
керек. Ғұмыр өзі — хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кəмəлат жоқ.
Бірақ əулиелердің де бəрі бірдей тəркі дүние
131
емес еді. Ғашерен —
мүбəшəрəдан
132
қазірет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Əбуəқас
үшеуі де үлкен байлар еді.
Бұл тəркі дүниелік: я дүние лəззатына алданып ижтиһадім шала қалады
деп бойына сенбегендік: я хирс
133
дүниеліктен қауымның көңлін суытпақ
үшін, ренжуге сабыр етіп өзін фида қылып мен жаныммен ұрыс қылғанда,
халық ең болмаса нəпсісімен ұрыс қылып, һəуа һəуастан
134
əрбір арзуи
135
нəпсідсн суынып, ғадалəт, уа мархамат махаббатына бір қарар болар ма екен
деген үмітпенен болса керек. Олай болғанда о да жұртқа қылған артық
махаббаттан хисап. Бірақ бұл жол — бек шетін, бек нəзік жол. Бұл жолда
риясыз жеңілдіксіз бір қарар тұрып іздеген ғана кісі істің кəмəлатына жетпек.
Бұл заманда надир
136
, бұған ғылымның да зоры, сиддық, қайраттың да зоры,
махаббаттың халлақна да, уа халық ғаламға да бек зоры табылмақ керек.
Бұлардың жиылмағы, қиынның қиыны, бəлки фитнə
137
болар.
Басына һəм өзіне өзгешелік бермек — адам ұлын бір бұзатын іс. Əрбір
наданның біз тариқатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір
болады. Хаким, ғылым — асылда бір сөз, бірақ ғарафта
138
басқалар дүр.
Дүниеде ғылым заһири
139
бар, олар айтылмыштарды нақлия деп те айтады,
бүл нақлияға жүйріктер ғалым атанады.
Құдай Тағала ешбір нəрсені себепсіз жаратпаған, мұны ізерлеп "тəфаккару
фиəла ллаһи" деген аятына бинаəн
140
бұл сұнғати қүдадан
141
ізерлеп, құмар
болып ғибратланушыларға тыю жоқ, бəлки сұнғатынан себебін білмекке
құмарлықтан саниғна
142
ғашықтық шығар. Құдай Тағаланың затына
пендесінің ақылы жетпесе, дəл сондай ғашықпын демек те орынсыз. Ғашық
130
байлық, дəулет иесі; бұл жерде Құдайдың бергеніне деген мағынада
131
дүниеден безген
132
Мұхаммет Пайғамбар (С.А.Ғ.С) дың тірі күнінде сендер жұмаққа кіреді деп уəде берілген он сахаба
133
сараңдық
134
əуестену
135
тілек, мақсат, арман
136
сирек, аз кездесетін
137
бұзықтық
138
білуде, тануда
139
сыртқы ғылым
140
негізделген
141
Құдайдың шеберлігінен
142
Жаратушы, Істеуші


мағшұқлыққа
143
халиқ бірлəн махлұқ ортасы мунəсибəтсіз
144
Алла Тағаланың
пендесін махаббат уа мархамат бірлəн жаратқанын біліп, махаббатына
махаббат бірлəн ғана елжіремекті — Құдайға ғашық болды дейміз.
Олай болғанда, хикімет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік қадəрін ғана
білсем деген əрбір істің себебін іздеушілерге хаким ат қойдылар.
Бұлар хақ бірлəн батылды айырмаққа, себептерін білмекке тырысқандары
һəммасы адам баласының пайдасы үшін, ойын-күлкі түгіл, дүниедегі бүкіл
лəззат бұларға екінші мəртəбада қалып, бір ғана хақты таппақ, əрбір нəрсенің
себебін таппақ бірлəн лəззаттанады.
Адаспай тура іздеген хакимдер болмаса дүние ойран болар еді. Фиғыл
пəнденің
145
қазығы — осы жақсы хакимдер əр нəрсе дүниеде солардың
истихражы
146
бірлəн рауаж табады. Бұлардың ісінің көбі — дүние ісі, лəкин
осы хакимдердің жасаған, таратқан уа айтқан істері "əддүния мəзрəғəтул-
ахирет"
147
дегендей, ахиретке егіңдік болатын дүние сол.
Əрбір ғалым — хаким емес, əрбір хаким — ғалым.
Ғалымдарының нақлиясы бірлəн мұсылман иман тақлиди
148
кесіп қылады.
Хакимдердің ғақлияты бірлəн жетсе, иман яқини
149
болады.
Бұл хакимдерден мұрад — мұсылман хакимдері, болмаса ғайри діннің
хакимдері,— əгəрше "фатлүбни тəжидуни"
150
делінсе де, дүниенің һəм адам
ұғлы өмірінің сырына жетсе де, діннің хақ мағрифатына жете алмағандар.
Бұлардың көбі — иманның жеті шартынан, бір Алланы танымақтан ғайри,
яғни алтауына кімі күмəнді, кімі мүнкір
151
болып, тахқиқлай алмағандар. Егер
бұлар дін ұстазымыз емес болса да, дінде басшымыз Құдайдың елшісі
Пайғамбарымыздың хадис шарифі, "хайру н-нас мəн йанфағу н-нас"
152
деген.
Бұл хакимдер ұйқы, тыныштық, əуес-қызықтың бəрін қойып, адам
баласына пайдалы іс шығармақлығына яғни, электрді тауып аспаннан жайды
бұрып алып, дүниенің бір шетінен қазір жауап алып тұрып, от пен суға
қайласын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп койып тұргандығы,
уа хұсусан
153
адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлəн батылдықты
айырмақты үйреткендігі — баршасы нəфиғлық
154
болған соң, біздің оларға
міндеткерлерімізге дағуа жоқ.
Бұл заманның моллалары хаким атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік,
бəлки бұзық фиғыл, "əлинсан ғəддү лəма жəһилгə"
155
хисап. Олардың
шəкірттерінің көбі біраз ғараб-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз
143
сүюші, сүйгені
144
байланыссыз
145
адамның ісі
146
шығару, істеу, ойлау
147
дүние ахиреттің егіні
148
біреуге еріп келтірілген иман
149
шын иман
150
талап қылсаң табасың
151
сенбеу, қарсы болу
152
(ар.
ﻊﻔﻨﯾ ﻦﻣ سﺎﻨﻟا ﺮﯿﺧ
سﺎﻨﻟا
) – адамның жақсысы – адамдарға пайда келтіруші
153
əсіресе
154
пайда беруші
155
адамның көңілі жамандыққа ауып тұрады


сөз бахас үйренсе, соған мəз болып, өзіне өзгешелік беремін деп əуре болып,
жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады. "Һай-һой!"
менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұлардың көбі əншейін
жəһил
156
түгіл, жəһиллар кібік
157
талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір
инсапқа қайтсын һəм ғибраттанасың. Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген
инсап, құры өзімшілдік һəм һəрбір өзімшілдік — əрбір адамды бұзатын фиғыл.
Растың бір аты — хақ, хақтың бір аты — Алла, бұған қарсы каруласқанша,
мұны ұғып ғадалəтпен тəптештеуге керек. Мұндай фиғылдардан күпір
158
қаупі де бар. Жəне Пайғамбарымыз саллала Аллаһу ғалайһи уа салламнің
"ақыр заманда бір жылдық, бір күн болар" дегенде сахаба-и кəрəмлар
159
"бұл
жылдық күнде намаз нешеу болар" деп сұрағанда: оның пəтуасын сол
заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, замана өзгеру
бірлəн қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады.
Бұл күндегі тəхсилғұлум
160
ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға
пайдасы жоқ болады. Соған қарай Ғүсманияда
161
мектеп харбия
162
, мектеп
рүшдиялар
163
салынып, жаңа низамға айналған. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір
өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ бахастар бірлəн күнін өткізіп, мағишат
164
дүниеде надан бір ессіз адам болып шыгғады да, харакетке лайығы жоқ болған
соң, адам аулауға, адам алдауға салынды. Көбінесе мұндай ессіздердің
насихаты да тасирсіз болады.
Дүниенің мағмурлығы
165
бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нəрсе.
Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де болады. Бəлки дүниенің
ғылымын білмей қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол Құранда
сөгілген: дүниеде кімде-кім өзіне өзгешелік бермек қасты бірлəн малға
махаббатын аударғандар дүниеде болмаса, ихсанда
166
қолым қысқа болмасын
деп һəм біреуге тамғылы
167
болмайын деп, малға махаббатын аудармай,
ізгілікке бола халал кəсіп бірлəн тапқан дүние емес.
Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал бірлəн ғылым кəсіп
қылмақпыз. Өнер — өзі де мал, өнерді үйренбек — өзі де ихсан. Бірақ ол өнер
ғадалəттан шықпасын, шарғыға
168
муафих
169
болсын. Адамға халінше
ихсанды болмақ — қарыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес.
156
бұзық
157
бұзықтар секілді
158
Діннен шығу
159
ізгі сақабалар
160
ғылым үйрену
161
Осман империясында
162
əскери мектеп
163
түрлі пəндер оқылатұғын мектеп
164
тіршілік
165
қызығы, жақсылығы
166
жəрдем
167
тілеу, сұрау
168
діни заңға
169
үйлесімді, сəйкес


Моллалар тұра тұрсын, хұсусан
170
бұл замананың ишандарына бек сақ
болыңдар. Олар — фитна
171
ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нəрсе
шықпайды. Өздері хүкім шариғатты
172
таза білмейді, көбі надан болады. Онан
асып өзін езі əһіл тариқат
173
біліп жəне біреуді жеткізбек дағуасын қылады.
Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал
174
, бұлар адам
аздырушылар, хаттə дінге де зарарлы дүр. Бұлардың сүйенгені — надандар,
сөйлегені — жалған, дəлелдері тасбығы менен шалмалары, онан басқа
ешнəрсе жоқ.
Енді білініздер, перзенттер! Құдай Тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз
175
болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт
қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі
мақсатың өз пайдаң болса, өзің ниһаятлысың, ол жол Құдайдың жолы емес.
Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген
ол не деген нысап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан
ғадалəт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол
— Құданың жолы. Ол — ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік
бастың ниһаятсыз Құдаға тақырып хасил
176
болып хас
177
ізгі құлдарынан
болмақ үміті бар, өзге жолда не үміт бар?
Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-тұрысын түзетпек
болады да, мұнысын өзінше бір дəулет біледі. Бұл істердің бəрі өзін көрсетпек,
өзін өзі базарға салып, бір ақылы кезіңдегі ақымақтарға "бəрекелді" дегізбек,
"Осындай болар ма едік" деп біреулер талаптанар, біреулер "осындай бола
алмадық" деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Мұнша əуреленіп, сыртыңды
бір сүйген кауымыңа ұқсатарсың? Сыртқа қасиет бітпейді, Алла Тағала
қарайтұғын калыбыңа, боямасыз ықласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға
табынғандардың ақылы қаншалык өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең
жаксылық сүймектік бірлəн өсер.
Құдай Тағала дүниені кəмəлатты шеберлікпен жаратқан һəм адам баласын
өссін-өнсін деп жараткан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып
ізденер қарызды ісінің алды — əуелі дос көбейтпек. Ол досын кебейтпектің
табылмағы өзінің езгелерге қолыңнан келгенінше достық макамында болмақ.
Кімге достығың болса, достық достық шақырады, ең аяғы ешкімге қас
сағынбастық һəм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен өзін өзі
артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Бұл өзін өзі артық көрсетпек екі түрлі!
Əуелгісі — əрбір жаманшылықтын жағасында тұрып адамның адамдығын
бқзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.
170
əсіресе
171
бүліншілік, бұзықтық
172
шариғаттың жолы
173
сопылық жолындағы адамдар
174
мүмкін емес, екі талай
175
шексіз, өлшеусіз
176
жақындық пайда
177
нағыз, өте


Екінші — өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін
бұзады.
Үшіншісі — қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық
шақырады.
Һəм өзі өзгеше боламын демектің түбі — мақтан. Əрбір мақтан біреуден
асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды. Бұл үш
түрлі істің жоқтығы, адамның көңіліне тыныштық береді. Əрбір көңіл
тыныштығы көңілге талап салады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі
— надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің.
Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нəрсені оларсыз
біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедейлік — бəрі осыдан шығады.
Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса,
адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
Бұлардың емі, Халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты
тұрлаулы, ғадалəт ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын. Ол
білім, ғылымды Құдаға мұқтəди
178
болсын, яғни Құдай Тағала бұл ғаламды
жаратты, ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кəмəлатті бір жолға салып
жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылықты бина
179
қылып, арқа сүйерлік
шеберлікпенен болсын. Жəне Құдай Тағала əрине жаратты, бір түрлі пайдалы
хикметі бар. Сенің де ісіңнен бір зарарлар шығып кеткендей болмай, көпке
пайда боларлық бір үміт бар іс болсын. Бұларсыз іс іс емес. Бəлки бұларсыз
тағат
180
— тагат та емес.
Белгілі, Құдай Тағала ешбір нəрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нəрсеге
хикметсіз тəклиф
181
қылмады. Бəрінің хикметі бар, бəрінің себебі бар, біздің
ғауам
182
былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды
білмекке ижтиһат лəзім
183
, сіздер əрбір ғамал қылсаңыз ізгілік деп кыласыз,
ізгілікке бола қасд
184
етіп ниет етесіз. Ниет оның парызынан хисап,
Пайғамбарымыз салла Аллаһу ғалайһи уəсəлламнің хадис шарифі: "Инна
йағмала — ағмал биннийат"
185
деген.
Енді ниет еттіңіз таһарат
186
алмаққа, намаз оқымаққа, руза тұтмаққа, бұл
тағаттарды ниетіңіз заһирынан
187
қалып сыр, ғибадатқа жетпегендігі кемшілік
178
еру, жолға түсу
179
негіз, тірек
180
құлшылық ету, жалбарыну
181
бұйыру, істе деу
182
көпшілік
183
талап қызу, міндет
184
ниет, ой арнау
185
іс істеу үшін ниет, талап керек
186
дəрет, намаз оқыр алдындығы жуыну
187
сырт, сыртындағы


емес пе? Сіздің батиныңсыз
188
таза болмагы ол иман болып, бұл заһир
ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы
гибадат — батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һəм сол иманның нұрланып
тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес біреу,
бір-ақ ізгі тағат бірлəн нұрланады, тағат жоқ болса күңгірттенеді, бəлки сөну
қаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қалса,
соны қылып жүріп, иманы сөнер деген.
Менің қаупім бар, олар хас
189
осы ғибадат екен, Құданың бізге бұйырғаны,
біз осыны қылсақ, мұсылмандық кəміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат
күзетшісі еді. Жə, күзетші күзеткен нəрсенің амандығын ойламай, бір ғана
ояту тұрмағын, қасд қылса, ол не күзет? Күзеткен нəрсесі қайда кетеді? Мақсат
күзетілген нəрсенің амандығы, тазалығы емес пе?
Ей, ишараттан
190
хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені — намаз, ол
намаздан əуелі таһарат алмақ, онан соң намазға шұрұғ
191
қылмак, ол
таһараттың алды истинжа
192
еді. Мұны берік ойлап тұр. Аяғы екі аяққа
мəсіх
193
бірлəн бітуші еді, бұлар һəммасы болмаса көбі ишарат еді.
Истинжада к...іңізді жаусыз, сіздің к...іңіздің ешкімге керегі жоқ еді.
Онымен сезімді тазалыққа кіргендігіңді, кəміл ыхласыңды көрсетіп, ішімнің
сафлыгының
194
соңында халық көрер, сыртымды да пəк етемін һəм көзге
керінбейтін ағзаларымды
195
да пəк етемін, бұл пəктіктің үстінде Аллаға дұға
айтамын деп əзірленесіз.
Енді намаздың аты — салауат, салауат дұға мағынасында деген.
Аяқта, мойнында болған мəсхлар — ол жумақ емес, өздері де жуулы деп
керсетқен ишараты.
Намаздан əуелі құлақ қақтыңыз — егер Алла Тағаланы жоғарыда деп,
мəкан испат
196
етпесең де, бегірек созу əдепсіз болып, күнə дариясына ғарық
болдым, яғни дүние əуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық
жəрдемдерінің ишараты.
Онан соң қиямда
197
тұрып қол бағламақ — құл кожа алдында тұрмақ,
бұқара патша алдында тұрғаннан артық Алланың қадірлілігіне
198
өзінің
ғажиздығына
199
ықрарының
200
беріктігін көрсеткен ишараты.
Қыблага қарамақ — əрине, Құдай Тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса
да зияратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, соңдағы дұғадай қабылдыққа
жақын болар ма екен деген ишараты.
188
іш, ішкі жақ
189
нағыз, өте
190
нұсқау, көрсету
191
кірісу
192
дүзге отырғаннан кейін тазалану
193
дəрет алғаннан кейін мəсінің үстінен сулы қолымен сүрту
194
тазалығының
195
мүшелерімді
196
орын бар деу
197
намаз оқығанда түрегеп тұру
198
күштілігіне
199
əлсіздігіне
200
мойындауының


Онан соң кира'əт
201
яғни сурəһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады.
Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар.
Рұқуғ
202
бас ұрмақ — алдында Құда хазірге ұқсас, ол да — ишарат.
Сəжделер
203
əуелі жерден жаралғанына ықрары, екіншісі жəне жерге
қайтпағына ықрары, бас көтермек жəне тіріліп, сұрау бермегіне ықрарының
ишараты.
Қадағату л-ахир
204
— дұғаның ақырында Аллаға тахиат
205
, одан тəшəһһуд
206
одан салауат, Пайғамбарымыз сəллаллаһу ғалайһи уəсəллəмгə айтпақ үшін ең
ақырғы сəлем бірлəн тауысасыз, яғни Алла Тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз.
Ол дұға қазинасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да
сəлəмəтшілік тілеп һəм рақымет тілеп бітіресіз.
Жə, бұл сөзден не ғибрəтлендік?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет