Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет18/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   181
Жарылқасын:
Айт десеңіз, айтайын атымды мен,
Қылайын сізге баян затымды мен.
Темір, жауһар артығы асыл тас-ты
Көтерсең, айламенен батымды сен.
Ер тұтып, әйел басың сөз айтасың,
Болмаспын өтірікші батыр десем.
Атымды өздігіңмен біле алмассың,
Қыз Айқын, өзім айтып, білдірмесем.
Өтіпті бізден бұрын Хазірет Әлі
Ұжмақтан шыққан оның Зұлпықары.
Сұрасаң, арғы атамды Сүгірәлі,
Бергі атам онан туған Ібірәлі.
Бабам – хан, атам – Нұржан, әкем – сері,
Пір тұтып, қол тапсырған жұрттың бәрі.
Сұрасаң, өзім атым – Жарылқасын,
Жел сөздің қайдан білдің табылмасын?
Атам мен өз атымды баян қылып,
Келтірдім осылайша сөздің нәшін.
Айқын:
Қожеке, нағыз әулет пір екенсіз,
Артықша сөйлер сөзге дүр екенсіз.
Қожеке, нағыз әулет пір де болсаң,
Жел сөзбен жеңіл тартып жүр екенсіз.
Қожаға нағыз өлең бұйрық емес,
Қоймасаң, ата жолын кір етерсіз.
Жарылқасын:
Өнерді Тәңірім берген, Айқын, маған,
Ер едім айтар сөзден тоқталмаған.
Тілеуқор нағыз пірдің баласымын,
Бармаспын жамандыққа келсе шамам.


76
Қазақ өнерінің антологиясы
Орынсыз жаман сөзді айта алмаймын,
Ұятты Тәңірім берген, Айқын, маған.
Бұл өлең ұят болса, неге айтасың?
Естідім сен де оқыпсың Құран кәләм.
Бұл өлең күнә де емес, сауап та емес,
Айтады күнә ғой деп білмес надан.
«Жығылған сүрінгенге күлер» деген,
Келді ме соның кері, Айқын, саған?
Айқын:
Атыңды жаңа білдім, Жарылқасын,
Көреді әркім тәуір ықыласың.
Басыңда бақыт құсың бар шағында
Кем емес падишадан қара басың.
Есітіп көрген жерден абайларсың
Айқынның айтқан сөзін, даражасын.
Жігітке мақтап айтқан жарамайды,
Айтамын мақтамай-ақ сөз расын.
Қоймасаң жігіттікпен өлеңіңді
Халқыңның қайтарарсың ықыласын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет