№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет117/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 3. Адами қабілеттің жаратылысы
Адами қабілеттің жаратылысы күні бүгінге дейін ғалымдар арасында даулы талас
туғызып отыр. Неғұрлым кеңінен таралған көзқарастың бірі өз тарихын Платоннан
бастайды. Осы көзқарасты ұстанған авторлар, қабілеттілік биологиялық шарттастырылған
жəне олардың айқындалуы толығымен тұқымдық сипаттамаға тəуелді деп дəлелдейді.
Оқыту мен тəрбиелеу олардың пайда болуының жылдамдығын ғана өзгертеді, бірақ олар
əрқашан сол немес басқа кейіпте айқындалынады. Осы көзқарастыртың делелі ретінде
балашық шағында қылаң берген, оқу мен тəрбиелеудің əсерінде айқындаушы бола алмауы
ықтимал дербес ерекшелік фактілері пайдаланылады. Мəселен, Моцарттың музыкалық
дарындылығы үш жасында білінсе, Гайднда – төртте. Кескіндеме мен мүсіндемедегі
талант сəл кешірек айқындалады: Рафаэлде – сегіз жасында, Ван Дейкада – он жасында.
Қабілет мұрагерлігінің өзіндік даму тұжырымдамасы адам қабілеттілігінің оның
миының көлемімен байланысы туралы шамалау болып табылады. Бізге ересек адамның
ми орташа шамамен 1400 г болатыны белгілі. Көрнекті адамдардың ми көлемін
анаықтағанда, олардың миының орташа шамадан əлдеқайда көп екені көрсетілген.
Сонымен, И.С.Тургеновтің ми көлемі 2012 г, Д.Байрон – 1800 г жəне т.б. құраған. Алайда,
бұл шамалау соңынан ми көлемі орташа шамадан аз болған атақтылардың көбеюінен
жарамсызданып қалды. Мысалы, белгілі химик Ю.Либихтің ми 1362 г, жазушы
А.Фрнастікі – 1017 г болған. Онымен қоса, ең ауыр ми – 3000 г артық болған ол ақыл-
ойы қалып қойған адамдікі болған.
Френология деп аталынған Франц Галляның оқуы қабілеті мұрагерлігі идеясымен
байланысты. Френологтар адамның психикалық өзегешілігі оның бас сүйегінің сыртқы
формасына тəуелділігін бақылауға тырысқан. Негізіг идеясы бас миының қабығы
əрқайсысында адамның белгілі бір қабілеттілігі тоқтаған бірқатар орталықтардан
құралады деп негізділінген. Бұл қабілеттердің даму дəрежесі тиісті ми бөлігінің
шамасына тікелей тəуелділігінде орналасқан. Арнайы өлшеу негізінде əрқайсысы белгілі
бір дербес ерекшелікке лайықталынған бас сүйектің үстіңгі қабаты 27 участоікқа бөлінген


френологиялық карта құрылған. Солардың арасынан “қабілет томпағы” музыкаға,
поэзияға, кескіндемеге; “дөңестер” атақұмарлық, сараңдық, батылдыққа жəне т.б.
белгіленген. Алайда бұл тəсіл жарамсыз болып қалды. Сансыз көп ашылған жаңалықтар
бас сүйек ми қабығының формасын қайталамайтынын көрсетті, сондықтан адамның ақыл-
ой жəне адамгершілік ерекшелігін бас сүйектің томпағы жəне ойпаты бойынша анықтау
ғылымға қарсы жəне тиянақсыз.
Ч.Дарвиннің эволюция теориясы ұстанымдарынан бастау алып, қабілеттілік
мұрагерлігін түсіндірген Фрэнсис Гальтонның еңбегі кең танымалдыққа ие болды.
Көрнекті қайраткерлердің өмір жолын талдай отырып, Гальтон адам табиғатының жоғары
сатыға көтерілуін ақыл-ой жəне денелей дамыған адамдар, ерекше дарынды нəсілдің
мұрагерлік заңдылығы негізінде сырын ашу долымен мүмкін деген қорытындыға келген.
XX ғасырда Гальтонның желісін жалғастыра отырып, Коте атақты адамдардың
дарындылық дəрежесін энциклопедиялық сөздіктерде оларға меншіктеп берліген жол
саны бойынша анықтап, 400-ге жуық адамды бөліп алып, кімнің жоғары қабілеттілігі
қаншама ұрпаққа жалғасатындығын анықтаған.
Аталмыш бекіту негіздемені жоққа шығару еместігін атап өтейік. Əсіресе, неміс
музыканты Бахтың жанұя тарихына əсер етеді. Онда музыкалық зор қабілеттілік алғаш
1550 жылы анықталынған. Жанұядағы бастаудың көзі Т.Рибоның “Жан дүниелік
қасиеттердің мұрагерлігі” еңбегінде көрсетілгендей, жұмыстан соң жан дүниесін музыка
мен əнге аранған тоқашшы В.Бах болған. Оның екі ұлы болған, екі ғасыр аясындағы
белігілі Германияның үздіксіз музыканттар қатары осылардан басталады. Бахтың
жанұясында жалпысы 60 - қа жуық музыкант болған, соның ішінде 20 – көрнекті.
Сонымен қатар, Л.Н.Толстайдың əжесі – Ольг Трубецкая мен А.С.Пушкиннің əжесі –
Евдокия Трубецкая апалы-сіңілі болғаны белгіленген. Неміс мəдениетінің бес ірі өкілі –
ақын Шиллер мен Гельдерлин, философтар Шеллинг мен Гегель, жəне дле физик Макс
Планк туысқандар болған: олардың арғы атасы XV ғасырда өмір сүрген Иоганн Кант
болған.
Қабілетті дамытудағы мұрагерліктің маңызын зерттеу мақсатымен өткізілген
зерттеулердің бірінде балалардың музыкаға қабілетті ата-аналарының не екеуі де
музыкант, не екеуі де музыкант емес болғанын анықтаған. Төменде осы зерттеудің
нəтижесі келтірілген (кесте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет