§ 4. Түйсiктердiң жiктелуi
В. Вундтың энергетикалық жiктеуi. 1898 жылы В. Вундпен рецепторлардың
адекватты тiтiркендiргiштердiң энергиясынан тəуелдiлiк бойынша классификациясы
ұсынылды. Ол механикалық, химиялық жəне жарықтық сезгiштiктi қабылдауға арналған
рецепторлардың келесi үш типiн бөлiп шығарды:
1)
механорецепторлар ткандердiң деформациясының, жиырылуының немесе
жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды. Олар бүкiл дененiң бетiнде жəне
iшiнде орналасқан: терiде, бұлшықетте, сiңiрлерде, тамыр қабырғаларында т.с.с.
Механорецепторлардың сан-алуан түрлерi белгiлi. Жоғарғы дамыған механорецепторларға
iшкi құлақта орналасқан, ұзындығы 0,03-0,04 мм. қылдық клеткалар жатады. Олардың бiр
түрi дененiң жылдам қозғалыстарын жəне салмақ күшiнiң бағытын тiркеуге арналған, ал
екiншiсi ауаның толқуын тiркеуге арналған.
2)
хеморецепторлар – рецепторлардың анағұрлым ежелгi тобы. Химиялық заттарға
сезгiштiк бiрклеткалық организмдерде де болады. Жоғары дамыған сезгiштiк
насекомдардың хеморецепциясына тəн. Олардың кейбiр түрi аналықтарын екi километр
қашықтықта тауып ала алады. Балықтардың хеморецепторлары терiде орналасқан.
Құрлықтағы жануарларда олар тұмсықтық жəне ауыздық қуыста орналасқан.
Хеморецепторлардың кейбiр ерекше түрлерi iшкi мүшелерде де кездеседi.
3) фоторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тiтiркендiргiштерге
сезгiштiк филогенезде прогрессивтi түрде дамыған. Оның эволюциясы көру мүшесi –
көздiң өзгеруiмен байланысты болды. Көздiң жетiлуi iшекқуыстылардың жарық сезгiш
пластиналарынан бастап, насекомдардың күрделi фасеталық көздерiне дейiн, одан əрi
қарай омыртқалардың камералық көзiне дейiн жүзеге асты. Соңғысы екi-ақ
фоторецептордан тұрады – таяқшалар мен шақшалар. Олардың əрқайсысы жарықты
қабылдауда өзiнiң арнайы қызметiн атқарады. Едəуiр күрделi əрi жоғары дамыған
жарықсезгiш клеткалар – ол шақшалар. Олар күндiзгi көру қызметiн ақарады жəне
объектiнiң анағұрлым жiтi əрi дəл қабылдануын қамтамасыз етедi. Таяқшалар көру
қабығының (фовеаның) шетiнде орналасып, ымырттық көрудi қамтамасыз етедi.
×. Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. 1906 жылы ағылшын физиологы ×.
Шерингтонмен организмде орналасуы мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық
процестердiң жiктеуi шығарылды. Ол сезгiштiктiң үш тобын бөлiп көрсеттi:
интероцепция, экстероцепция жəне проприоцепция.
1)
Экстероцептивтi деп сыртқы тiтiркендiргiштердiң əсерлерiне сезгiштiктi айтады.
Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу жəне дəм сезу.
Экстероцептор маңызды бағдарлаушы жəне реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң
рецепторға əсерi бойынша экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық
жəне дистакттық. Контакттық рецепторлар, дистанттыққа қарағанда, филогенезде ертерек
қалыптасқан. Оларға дəм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту,
иiс сезу рецепторлары кiредi. Бұлар құрылымы мен функциялары жағынан күрделi қызмет
атқарады.
2)
Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен
қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн
кинестезия
деп
атайды.
Проприоцептивтiк
түйсiктер,
экстероцептивтiкпен
салыстырғанда, жақсы байқалмайды. Проприоцепцияның негiзiнде пайда болатын дене
бөлiктерiнiң бiрыңғай орналасуын дене схемасы деп атайды. Əсiресе, эфференттiк
бұйрықтарды атқаруда проприоцепциядан келетiн дене схемасы жөнiндегi ақпаратты
пайдалану маңызды. Себебi, оларды ескерудiң негiзiнде ғана дененi дұрыс қозғалтуға
болады. Сондықтан, мидан келетiн сигнал дұрыс орындалу үшiн перифериялық
эфференттiк мүшенiң күйiн, қалпын ескерген дұрыс.
4) Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне
сезгiштiк. Интероцепторлар қатарына механо- жəне хеморецепторлар кiредi. Олар барлық
iшкi мүшелерде кездеседi жəне сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық
құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның
толуының жəне т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан
тыс жүзеге асады. Органикалық түйсiктер пайда болғанымен, тек диффуздық түрде
организмнiң жалпы күйiн комфорт немесе дискомфорт, қысылу немесе босаңсу,
мазасыздық немесе тыныштық түрiндегi көбiнесе эмоционалдық боялған күйiн
бейнелейдi. И.М. Сеченов оларды ңқараңғы сезiмдерң деп атаған.
Интероцептивтi қызмет тек 1930-шы жылдардан кейiн ғана, Кеннонмен гомеостазис
ұғымы ашылғаннан кейiн ғана едəуiр толық түсiнiктi болды. Организмнiң iшкi тепе-теңдiк
күйi немесе гомеостазис өмiр сүрудiң қажеттi шарты болып табылады.
Сенсорлық процестердiң эволюциялық жiктеуiн 1920 жылы ағылшын неврологы Х.
Хед ұсынды. Ол сезгiштiктiң екi түрiн бөлiп, ажыратты: эпикритикалық жəне
протопатикалық.
1) Эпикритикалық сезгiштiк анағұрлым жас əрi жетiлген болып табылады. Ол
объектiнiң кеңiстiктегi орналасуын дəл табады жəне ол жөнiнде объективтi мағлұматтар
бередi. Мысалы, сипап сезу жанасу орнын дəл анықтай алады, ал есту – дыбыс шыққан
бағытты анықтай алады. Эпикритикалық сезгiштiкке жататындар: көру, есту, сипап сезу
(жартылай).
1) Протопатикалық сезгiштiк едəуiр ежелгi болып табылады жəне сыртқы кеңiстiкте де,
дене кеңiстiгiнде де объекттiң дəл локализациясын бере алмайды. Олар əрқашан
аффективтi боялған болып табылады жəне көбiнесе объективтi процестердi емес, ал
субъективтi күйлердi бiлдiредi. Оларға жататындар: дəм сезу, иiс сезу, сипап сезу
(жартылай).
Экстероцептивтiң негiзгi бес түрiнiң iшiнде сезгiштiктiң эпикритикалық жəне
протопатикалық компоненттерi əр түрлi арақатынаста кездеседi. Бұл келесi схемада
көрсетiлген:
Достарыңызбен бөлісу: |