§ 1. Түйсiк – таным негiзi
Бiз ендi танымдық психикалық процестердi қарастыруды бастап, ең алдымен,
олардың iшiндегi ең қарапайымдысы - түйсiктерге тоқталамыз. Түйсiк процесi сезiм
мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп аталатын əр түрлi материалдық факторлардың əсер етуi
салдарынан пайда болады. Ал осы əсер ету процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi
басқа процестi – орталыққа бағытталған немесе афференттiк жүйкелер арқылы бас ми
қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады. Осылайша, түйсiк
объективтiк ақиқатты сезiмдiк бейнелендiру болып табылады. Олар сананың сыртқы
ортамен байланысын қамтамасыз етiп, объективтi дүние заттары мен құбылыстарының
қасиеттерiн бейнелейдi.
Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ
организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым
психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сəйкес рецепторларға
тiкелей əсерi нəтижесiнде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: