Қозғалыстық қабылдаулар белгiлi-бiр дəрежеде қабылдаулардың барлық түрлерiнде
қатысады. Мысалы, сипап сезу қабылдауында тактилдiк жəне кинестезиялық
анализаторлар қатысады.
Қабылдаудың əр түрлерi таза күйде сирек кездеседi.
Олар көбiнесе
комбинацияланып, қабылдаудың күрделi түрлерiн құрайды. Мысалы, оқушының мəтiндi
қабылдау əрекетiнде көру, есту жəне кинестезиялық қабылдаулар қатысады.
Қабылдаудың келесi классификациясында материяның тiршiлiк етуiнiң белгiлi бiр
формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс негiзге алынады.
Қабылданатын объектiнiң ерекшелiктерiне байланысты қабылдаудың келесi
түрлерiн бөлiп көрсетедi:
заттарды қабылдау, сөйлеудi немесе музыканы қабылдау,
адамның адамды қабылдауы. Соңғысы
əлеуметтiк перцепция деп аталады. Бұл процесс
əлеуметтiк кəсiптерде маңызды қасиет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: