Дермотология деп аталады. Терінің маңызы



бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі25,42 Kb.
#139811
  1   2   3   4   5

Тері және тері туындыларын зерттейтін ғылым – дермотология деп аталады.


Терінің маңызы. Тері дененің сыртқы қабығы ретінде өзіне тән өткізгіштік қасиетімен және тамырлар мен жүйкелердің жақсы жетілуіне байланысты, организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасының түзілуіне толық жағдай тудырады. Сондай-ақ, ол жүйке жүйесінің рецепторлы /сезімтал/ алаңы ретінде организмді қоршаған сыртқы ортамен байланыстырады. Тері көптеген сезімтал жүйке ұштары мен биологиялық белсенді нүктелері арқылы жарық, жылу, суық, сипап сезу, механикалық ауырту т.б. тітіркеністерді қабылдап, әмбебап сезім мүшесі қызметін атқарады. Сезім мүшесі ретінде ол қорғаныс қызметіне де тікелей қатысады.


Тері жабыны немесе жалпы жабын жануарлар организмінің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы.
Тері жабыны денені механикалық, физикалық және химиялық зақымданудан сақтайды.


Терінің құрылысы. Тері құрылысы және дамуы жағынан үш қабаттан тұрады. Олар: тері үсті қабаты (эпидермис), дермад (нағыз тері) және тері асты қабаты (шел қабаты).
Эпидермис – терінің сыртқы ең жұқа тері үсті қабаты. Ол жануарлар терісі қалыңдығының 1-2%-ын құрайды. Эпидермис көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидермистің қалыңдығы, құрылыс ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл мерзімдеріне, терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке ұштарына бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен жоғарыға қарай негіздік (базальды), қылтанақты, дәншелі, жылтырауық және мүйізді қабаттар жатады.
Қылтанақты қабатты пішіні дөңгелекше немесе көп қырлы келген, 2-3 қатарда орналасқан эпидермоциттер түзеді. Бұл эпидермоциттер қабатын "қылтанақты қабат" - деп атаудың себебі, осы қабаттағы эпидермоциттерді жеке оқшаулаған кезде, олардың денелерінде қылтанақ тәрізді өсінділері болады. Эпидермоциттер цитоплазмасында жұмсақ мүйізді белоктық жіпшелер тонофибриллалар түзіле бастайды. Қылтанақты қабаттағы эпидермоциттердің аралықтарында терінің бөгде заттарға немесе түрлі сыртқы әсер етуші факторларға қарсы реакциясын қамтамасыз ететін арнайы иммундық дендроциттер (Лангерганс торшалары) де кездеседі. Бұлардың эпидермоциттер арасындағы үлесі 2-7% -ға тең. Қылтанақты қабат эпи-дермоциттері митоз арқылы бөлініп, көбеюге бейім. Сондықтан, базальды және қылтанақты қабаттарды біріктіріп, өсу қабаты — деп те атайды.
Дәншелі қабатты 2-4 қатарда орналасқан, пішіні сопақша келген, цитоплазмасында жұмсақ мүйізді зат кератогиалин дәншелері болатын эпидермоциттер құрайды. Эпителиоциттер қабаттары жоғарылаған сайын, кератогиалин дәншелері көбейіп, тонофибриллаларға сіңіп белсенді мүйізделеді де, эпителий торшалары кератиноциттерге айналады. Бұлардың цитоплазмасында ядро мен органеллалар болмайды. Торшалар толығымен жұмсақ мүиізбен толады да, жылтырауық қабатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет