Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет130/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

авторы Қыдырәлі Болманов. 
– Қыдырәлі аға, «Бал-бала» компаниясын құру қалай басталды және 
қазір оның жұмысы қалай алға басуда?
– Шүкір, ойға алған ісіміз рет-ретімен жүзеге асырылып жатыр. 
2010 жылдан бастап қазақ тілінде ән айтып, өлең оқитын «Бал-бала» 
қуыршақтарын шығарып, балаларға жеткізуді қолға алған болатын-
быз. Бүгінгі таңда компанияның Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал 
мен Жезқазған және Өскемен өңірлерінде бөлімшелері жұмыс істейді. 
Болашақта басқа облыстарға да шығартамыз.


155
vii
 БӨ
ЛІМ
– «Бал-бала» ойыншықтарының бірі – «Азиада-2011» қысқы Азия ойындарының басты символы – 
барыстың бірнеше түрін жолықтырдық. Ойыншықтардың біріне бала даусымен еліміздің әнұранын 
орындатсаңыз, екіншісіне күмбірлетіп «Сарыарқа» күйін тартқыздыңыз. Көрген адамдар «Ой, пәлі, 
мынау қандай керемет!»,- деп жатты. Қазір қуыршақтың қанша түрі шығарылады?
– Қуыршақтардың бас-аяғы 30-ға жуық түрі бар. Олардың қатарында Тазша бала, Алдар Көсе, Ер 
Төстік сияқты аңыз-ертегілердің кейіпкерлерімен қатар «Айгөлек» әнін шырқайтын Сұркөжек пен 
әнұранды жатқа білетін Барыс та бар. 
– Компания атының «Бал-бала» аталуының себебі неде? 
– Қазақта «балдай тәтті», «балдай» деген тамаша сөздер бар. Бұлар көбінесе кішкентай сәбилерге 
қатысты айтылады. Қуыршақтар балаларға арналғандықтан, «Бал-бала» деген есімді беруді жөн 
деп таптық. 
– Қуыршақтарды жасап шығаруда қандай қиындықтар бар?
– Өмірдегі жеңістің барлығы қиындықпен келмей ме?! Қиындыққа шыдау керек. Қуыршақтарды 
«сөйлетіп», «қозғалту», қазақша әндерді қуыршақтарға «енгізу» - өте үлкен жұмыс. Дайын тауарды
Қазақстанға жеткізу, оны республиканың әр аймағына апарып, тарату, түһ, айта берсең көп қой, 
шіркін, бірінен кейін бірі шыға береді. 
– Алға қойған мақсат-міндеттеріңізбен бөліссеңіз...
– Жуық арада сөйлесуге болатын «Қарақат» қуыршақтары қолға тиюі тиіс. Бала қуыршаққа 
сұрақ қояды, ал ойыншық сәбиге тиісті жауабын береді. Екі жарым минут ішінде едәуір әңгімелесуге 
болады. Сонымен қатар «Бал-баланың» қуыршақтарының бәрін мультитоптамаға кірістіреміз. 
Ондағы мақсатымыз – қызықты мультипликациялық туындылар жасау. Болашақта, шіркін, бала-
лар ойыншығын жасайтын зауыт ашсақ деген ойымыз да бар. Қазірдің өзінде бұл жоба аясында жи-
ырмадан астам адам жұмыс жасап жатыр. Зауыт ашылған жағдайда, 200-300-дей адам жұмыспен 
қамтылатын болады. 
– Бәрекелді! Істеріңізге сәттілік тілейміз, ендеше! 
«Ел» ұлттық қоғамдық-саяси экономикалық апталығынан өңделініп алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет