Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет142/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
А. Сіз қай кезде тудыңыз? Мақаладағы пікір шындыққа жақын деп ойлайсыз ба? Мақаладағы 
пікірмен келіссеңіз, себебін жазыңыз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ә. Егер келіспесеңіз, оның себебін жазыңыз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
артыҚ БОЛМас БІЛГенІң
1. Оқыңыз.
«Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», – деп айтып кеткен біздің ата-бабаларымыз.
«Бата» – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі.
Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат 
алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
Яғни, бата, фатекенің мағынасы алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру.


170
viii
 БӨ
ЛІМ
Батаның негізгі түрлері:
1. Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып келе жатқан өсиетнама. Ақ бата, көбінесе, мынадай 
жағдайларға: жаңа туған нәресте, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қыз, 
жас отау, алыс жолға шығушылар, үлкен бір істі қолға алушылар, 
түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларға, әруаққа ар-
налған ас, жауын тілеген тасаттық, жиналған егін, садақа, құрбандық, 
қонақасыларға, күздік, соғымға сойылған мал, сойылған соғым басы, 
Наурыз (Наурыз бата), Жаңа жыл, мүшел жас, дастарқан, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата) 
байланысты беріледі.
Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін 
ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, 
тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс 
жайып тұрып берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет