Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет193/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

Xi
 БӨ
ЛІМ
5. Пікірлесу.
6. Пікірлесу. Әріптесіңізбен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.
Сіз өз пікіріңізді 
үнемі дәлелдеуге 
тырысасыз ба?
Сіз әріптестеріңізбен немесе отбасы 
мүшелерімен жиналып, бас қосқанда не 
туралы айтқанды ұнатасыз?
Қазіргі уақытта жастар үлкен 
адамдарға құрмет көрсетпейді 
деп айта аласыз ба?
«Балапан ұяда не көрсе
ұшқанда соны іледі» деген 
мақалмен келісесіз бе?
Балаңыз мектепте бара ма? Немесе бала 
мектепке баруға міндетті ме?
Қазіргі заманға сай баланың қай тілде 
білім алғаны дұрыс?
Қазақ халқынан шыққан ұлы 
ұстаздардан кімдерді білесіз?
Қазақ жерінде бұрын мектеп, медресе 
болған деп ойлайсыз ба?
Қазақстанда ұлдар және қыздар 
мектебі деп мектепті екіге бөлу керек деп 
ойлайсыз ба? Не себепті?
Сіз оқыған мектеп оқулықтары мен 
қазіргі оқулықтардың айырмашылығы 
бар деп ойлайсыз ба? Болса, қандай 
айырмашылықтарды айта аласыз?
Жеті жұрттың тілін біл, 
Жеті түрлі білім біл.
БІлІМДІ ҰРПАҚ – 
ҚОҒАМ БОлАШАҒЫ


238
Xi
 БӨ
ЛІМ
ОҚыЛыМ
1. Мәтінді оқыңыз.
Қазақстан мектебі
1. Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болуы, дамуы сонау ерте замандардан 
алады. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер 
болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен.
2. Қазақ жеріндегі алғашқы білімді ауылдық жерлерде мектепте молдалар ұстаздық еткен. 
Оқыту ақысы халықтан жиналған.
3. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған.
4. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін араб тілінде таратушы оқу орны болып қана қоймай, 
ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, 
философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында 
кітапханалар болған.
5. Жәңгір хан (1801-1845) - Бөкей Ордасының соңғы 
ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның 
немересі, Бөкей ханның ұлы. Генерал-майор, Шын аты - 
Жиһангер.
Жәңгір хан 1841 жылы қазақ даласындағы ең алғашқы 
мектепті ашты. Оның ойынша, бұл мектеп балаларды 
Ресейдің арнайы оқу орындарына түсу үшін дайындауы 
керек еді. Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болғанға дейін 
мектептің шығындарын жеке қаражатынан төледі, 
шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды.
6. «Қазақтың тұңғыш ұстазы» – Ыбырай Алтынсарин. 
Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, 
ғалым-этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен 
қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары 
негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы. 1864 жылы 8 
қаңтарда Торғай мектебін ашты. Қазақ даласында оны 
«Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады.
7. Ыбырай 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер 
мектебін ашқан, ол қазақ даласындағы техникалық білім 
беретін тұңғыш оқу орны болды. 
8. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы 
– Ыбырайдың ағартушылық аса зор еңбегі. 
9. 1881 жылы Омбы қаласында Ыбырай тұңғыш 
мұғалімдер мектебін ашты. 
10. 1922-23 оқу жылдары қазақ тілінде 14 оқулық 
шығарылды. Олардың ішінде «Физика», «Грамматика», 
«Алгебра», «Мектеп гигиенасы» т.б. бар.
Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы 
қатарлы топ өкілдері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Т.Жомартбаев, 
Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
11. Орта білім беру Қазақстан Республикасының 
азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта 
білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
12. Еліміздегі жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш 
(1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-
12 сыныптар).


239


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет