Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет246/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Бастауыш: Сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Мысалы: Жаз+ған үндемеді. 
Оқы+ған білімді болады. 
Баяндауыш: Жіктеліп, баяндауыш болады. Мысалы: Ертең мектепке бар+ар+мын. Қызықты 
қазір көр+ер+сің. 
Толықтауыш: Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып, толықтауыш 
болады. Жұрнақтары: -ған-ген-қан-кен
Мысалы: Ұял+ған+ды Құнанбай кешірмейтін. Ол оқы+ған+дар+ын айтып берді. 
Пысықтауыш: Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде немесе көмекші есіммен, септеулік 
шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. Мысалы: Біл+мек+ке (Б.с.) кетті көңілі. Осыны сез+ген 
сайын (қашан?) Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Ә.) 
Анықтауыш: Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады. 
Жұрнақтар: -ған-ген-қан-кен-атын-етін-йтын-йтін-ушы-уші. Мысалы: Көш+кен (қай?) ауылды 
іздеп табалық. (Ы.А.) Айт+қан+ның (кімнің?) аузы жаман, көр+ген+нің (кімнің?) көзі жаман. 
Ескерту: Көптік жалғау –ған,-ген,-қан,-кен,-атын,-етін,-йтын,-йтін тұлғалы есімшелерге ғана 
жалғанады. 
Есімшенің –ар,-ер,-р,-с,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы 
жалғанбайды. 


311
Есімшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады. 
1. –ған-ген-қан-кен : бұрынғы өткен шақ есімшесі. 
2. –ар-ер-р : болжалды келер шақ есімшесі. 
3. –атын-етін-йтін-йтын : ауыспалы өткен шақ есімшесі. 
4. –мақ-мек-бақ-бек-пақ-пек : мақсатты келер шақ есімше. 
сән әЛеМІ. әЛеМдІк сәнГерЛер 
Сын-бейне үстеулері
IX БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
Сын-қимыл (бейне) үстеу
Сын-қимыл (бейне) үстеу қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіреді. 
Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? 
Сын-қимыл (бейне) үстеуі, көбінесе, етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, 
тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос 
жүрді т. б. 
Сын-қимыл (бейне) үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі 
түбір бола береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет