Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


– Сонда жеңімпаз кәсіпорын біреу ғана бола ма? Жүздеген қатысушы болады деп едіңіз? Сонда қалай? –



Pdf көрінісі
бет263/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

– Сонда жеңімпаз кәсіпорын біреу ғана бола ма? Жүздеген қатысушы болады деп едіңіз? Сонда қалай?
– «Алтын сапа» байқауына қатысушылар үш түрлі санат бойынша сайысады. 
1) «Үздік өндірістік тауарлар»;
2) «Үздік халықтық тауарлар»;
3) «Үздік қызмет саласындағы тауарлар».
Нәтижесінде жүлдеге үш кәсіпорын ие болады деген сөз.
– Нұрлан аға, ал бұл жүлдені беру қандай қажеттіліктен туды?
– Оған үш себеп бар. “Алтын сапа” байқауы, біріншіден, отандық тауарлардың сапасын көтеру, екіншіден, 
шетелге шығару мүмкіндігін арттыру және қазақстандық өнімдердің беделін жоғарылату үшін қажет. 
– Нұрлан аға, уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет! Көріскенше, сау болыңыз!
– Сізге де рақмет. Сау болыңыз.
№19 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұхбат берушілер туралы ақпаратты толтырыңыз.
 Сәуле, тыңдармандарымызға сіздің «Рахат» акционерлік қоғамының қоғаммен жұмыс істеу бөлімінің 
бас маманы деп таныстыруға рұқсат етіңіз. Қош келдіңіз!
 Қош келдік! Айнұр, таныстырып өткеніңізге рақмет. Сәлеметсіздер ме! 
 «Рахат» акционерлік қоғамының Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының 
бірі екені баршаға мәлім. Алайда алғашқы өнімдеріңіздің қашан және қалай шығарылғаны туралы айтып 
берсеңіз. 
 «Рахат» акционерлік қоғамының 70 жылдық тарихы бар. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы 
арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен 
шығарылды.
 Алғашқы тәттілерді соғыс кезінде таратқан екенсіздер ғой. Сонда сіздер елде қанша адамға жұмыс 
беріп отырсыздар?
 «Рахатта» 3500-ге жуық адам жұмыс істейді.
 Міне, отандық өндіруші деген қандай! Қалай мақтамайсың?! Ал бүгінгі таңда тәттінің неше түрін 
өндіресіздер?
 Бүгінде біздегі тәттілердің 250-ден аса атауы бар. Сонымен бірге сусамыр ауруынан зардап шегетін 
адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет