329
өткен жер бетіндегі жалғыз адам. Оның аты-жөні – МАРАТ ЖЫлАНБАЕВ! Біз бүгін Марат ағамен болған
сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
–
Марат аға, алдымен өзіңіз туралы айтып беріңізші.
– Мен Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туылдым. Ата-анамнан ерте айырылғанмын, сол
себепті 1-сыныптан бастап балалар үйінде тәрбиелендім.
– Мектептегі кезіңізден естелік айта отырсаңыз.
– Егер мен «міне, мынаны істеймін» десем, онда ол мақсатыма жетемін. Нәтиже шығуы үшін
дайындаламын. Мектепте оқып жүргенде, турникке алты-ақ рет тартыла алатынмын. Ринат деген
досыммен турникке тартылып ұзақ жаттығатынбыз. Соның нәтижесінде мен турникте 50 рет
тартылғанмын. Сонда ұстазым: «Міне, үйреніңдер! Мектебіміздің жаңа рекорды», – деген еді.
Қазірге
дейін турникке тартылумен айналысамын.
– Марафон жүгіруді қалай бастадыңыз?
– Марафонды бастағанда барлығы бұл менің қолымнан келмейтінін айтты. Бірақ мен өзіме
сенімді болдым. Рекорд орнатамын бірден деп бастап кеткем жоқ. Бірінші зерттеу жүргіздім. Үлкен
саяхатшылардың кітаптарын оқыдым.
Марафонды бастарда физикалық, психологиялық тұрғыдан
дайындалдым. Марафонның ортасында не соңында аяғымда әл қалмаған кезде жүгіруге
қолымды
қосамын. Жүгірген сайын қолымды көбірек сермеймін де, белгіленген межеге дейін жетемін.
–
Алғашқы марафоныңыз қиын болды ма?
– Ең бірінші Қарақұм шөлінде жалғыз жүгіргенмін.
Сондықтан тамақ, су, шатыр салынған жүкпен
жүгіруіме тура келді.
– Шөлді жүгіріп өту кезінде қандай сәтті ең қиын дер едіңіз?
– Шөлді жүгіріп өтудегі ең қиын сәт… онда бәрі қиын. (күледі)
– Сіз әлемнің Невада, Үлкен
Виктория, Сахара, Қарақұм шөлдерін бағындыра алдыңыз. Сіздің қазір
арманыңыз бар ма?
– Иә, менің қазіргі арманым – марафоншылар мектебін ашу. Өз тәжірибемді басқа елдің балаларына
емес, бірінші Қазақстанның балаларына үйретіп, бөліссем деймін.
– Жүгіруден басқа әуес ісіңіз бар ма?
– Сурет салумен айналысатынмын. Қазір қойдым.
– Марат аға, сізге қарап өмір сүруге шабыттанып отырмын. Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңыз үшін көп
рақмет! Арманыңызды жүзеге асыра беріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: