№28 Аудиофайл Тыңдаңыз. Дұрыс қатарды таңдаңыз. Сенімхаттың екі түрі бар. Ол кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және жеке тұлғалар беретін жеке
сенімхат.
Ресми сенімхатта мынадай деректер болады:
• ұйымның атауы;
• ұйым туралы анықтамалық деректер;
• құжат түрінің атауы;
• құжаттың күні;
• құжаттың тіркеу нөмірі;
• құжаттың мәтіні;
• лауазымды тұлғалардың қолы;
• кәсіпорынның мөрі.
Сенімхаттың мәтінінде: • сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;
• сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;
• іс-әрекет түрі;
• сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.
№29 Аудиофайл Тыңдаңыз. Кестені толтырыңыз. Сенімхат Мен, Қайратова Жанар Айдарқызы (Астана қаласы, Республика даңғылы , 21-үй, 52 –пәтер, (жеке
куәлік № 000045897, ҚР ІІМ 20.06.2015 жылы берген) Астана қаласы, Тархан көшесі 52 үй 45 пәтерде
тұратын Асанов Талғат Айдарұлына (жеке куәлік № 000047811, ҚР ІІМ 25.09.2017 жылы берген) маған
тиесілі 2016 жылдың ақпан айының зейнетақысын Алматы ауданы, «Аспан» жинақ банкіндегі № 00045632
есеп шотынан алуды сеніп тапсырамын.
Сенімхат 2016 жылдың 12 наурызына дейін берілді.
№30 Аудиофайл Тыңдаңыз. Тиісті сөздерді жазыңыз. 1. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде Кодекске сәйкес Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар талап
етуге құқылы.
2. Қызметкердің Шарт бойынша өз міндеттемелерін уақытылы және сапалы орындауын талап етуге
құқылы.
3. Қызметкерге бюджетке аударылатын міндетті төлемдер салықтар мен зейнетақылық аударымдарын
ұстап қала отырып, еңбекақы төлеуге міндетті.
4. Қызметкер Шартта көрсетілген жұмысты жасауға міндетті.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.