Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


ОҚыЛыМ 1. Сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет68/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

ОҚыЛыМ
1. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Сіз демалысыңызды жоспарлайсыз ба?
2. Қандай демалыс түрі ұнайды?
3. Досыңызбен саяхатқа шығып көрдіңіз бе? Егер шықсаңыз, қалай болды?
бармақшы
барар
бармайды
В


84
iV
 БӨ
ЛІМ
2. Мәтінді оқыңыз. Ал сіз қандай саяхат түрін таңдар едіңіз? 
Мен саяхаттауды ұнатамын. Саяхаттау – ел-жер аралау ғана емес, сонымен қатар уақытты 
қызықты өткізу. Саяхаттау кезінде сен өзің білмейтін көп нәрселерді көресің, танысасың, әр адам 
әртүрлі саяхат түрлерін қалайды. Мысалы, бір адамдар экотуризмді қаласа, ал енді бір адамдар 
танымдық туризмді қалайды.
3. Төменде берілген сөздерді оқыңыз. Сізге саяхаттаған кезіңізде қасыңыздағы адамның 
қандай мінезі ұнауы мүмкін? Әріптесіңізбен сөйлесіңіз.
4. Төменде берілген сөздерді оқыңыз. Сізге саяхаттаған кезіңізде қасыңыздағы 
адамның қандай мінезі ұнамауы мүмкін? Әріптесіңізбен сөйлесіңіз.
5. Мәтінді оқыңыз.
Демалыс күнделігі
адамды жақсы түсінеді 
спортты жақсы көреді
жомарт
тез тілтабысқыш
ақкөңіл
пысық
жалқау
жауапкершілігі төмен
көп шағымданады
тұйық
көп сөйлейді
мінезді
Сәрсенбі, 18 маусым. Бұл менің Түркияға 
ең бірінші келуім. Өте қуаныштымын. Үйден 
алысқа бірінші рет шығып көруім. Қасымда 
курстасым Қарлығаш бар. Екеуміз бірге демалсақ 
деп бұрыннан жоспарлайтынбыз. Демалысымыз 
жаман болмас. Көрерміз. Теңіз жағасында 
жатармыз, құм қалашық жасармыз деген 
армандарым орындалатын болды.
Бейсенбі, 19 маусым. Бүгін автобуспен 
Стамбулға бардық. Тарихи жерлерін аралап 
көрдік. Мәдениетімен, тарихымен таныстық. 
Ел-жер аралап көрсем, демалысым қызықты
есте қаларлықтай болса дейтінмін. Қарлығаш 
барамын дегенде қатты қуандым, өйткені екеуміз 
көп көрісе бермейміз. Жұмысымыз бөлек. Сол 
себепті бір-бірімізге көп уақыт бөлерміз дедім.
Автобуспен қонақүйге келе жатырмыз.
Мен одан шаршай бастадым, себебі ол
тоқтамай сөйлей береді екен. Басым
ауыра бастады. 


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет