82
Айнымалы бейнеленгенде нақты ретінде бейнеленсе, оған нақты да, бҥтін де
мән беруге болады, себебі нақты сан қҧрамына бҥтін сан енеді.
Айнымалылардың сандық мәндері бір-бірінен бос орын арқылы ажыратылып
жазылады. Сандар арасына бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады,
себебі сан енгізілгенде бос орын еске алынбайды. Тізімде кӛрсетілген
айнымалылардың сандық мәнін пернетақтадан енгізіп болғаннан кейін, Enter
(енгізу) пернесі басылады.
Мысалы, енгізу операторы READ(А,В,С); тҥрінде берілсе, параметрлерге
мәндер былай беріледі: 7 _ 9 _ 8.5. Бҧл жағдайда А=7, В=9, С=8.5 мәндер
қабылдайды.
Есептеулер нәтижесін жауапқа шығару ҥшін WRІTE операторы
қолданылады (WRІTE – ағылшынша жазу дегенді білдіреді). Шығару
операторының жалпы жазылу тҥрі: WRІTE (а1, а2, …, аn);
мҧндағы, а1, а2, …, аn – сандық мәні экранға шығарылатын айнымалылар
тізімі. Шығарылатын параметрлер бір-бірімен ҥтір арқылы ажыратылып,
WRІTE қызмет сӛзінен соң, дӛңгелек жақша ішіне жазылады.
Кейде READ, WRІTE операторларының соңына LN (lіne – жол) жалғауын
қосып READLN, WRІTELN тҥрінде жазу қажет.
Мысалы, READLN (а, b);
WRІTELN (x:6:3);
Мҧндай операторлар орындалғанда курсор экранда ӛзінің тҧрған орнынан
келесі жолдың басына кӛшеді де, кезекті оператордың орындалуы экранда осы
жерден бастап кӛріне бастайды. Егер келесі жолды бос кҥйінде тастап кету
қажет болса бағдарламаға соңғы орындалатын LN жалғауы оператордан соң
параметрсіз WRІTELN операторын енгізсе болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: