79
10.2 Бағдарламаның сипаттау бӛлімі
Белгілерді сипаттау
Белгі ретінде кез келген бҥтін оң сан, символ,
символдар тіркесі
пайдаланылады. Белгі операторды немесе бағдарламаның бӛлігін табу ҥшін
пайдаланылады. Белгі оператор алдында орналасады да, қос нҥкте
арқылы
ажыратылады. Қажетті операторға, бағдарламаның бӛлігіне оралу белгі арқылы
жҥзеге асырылады. Белгіні пайдалану ҥшін ол алдын ала белгі бӛлігінде LABEL
(белгі) қызмет сӛз арқылы хабарлануы қажет. Белгі ретінде таңбасыз бҥтін
сандар және атаулар пайдаланылады.
Белгіні хабарлау тҥрі тӛмендегідей:
Label сан, сан, ... сан, символ;
Тҧрақтыларды сипаттау
Тҧрақты (константа) деп бағдарламаның барысында мәндері ӛзгеріссіз
қалатын шамаларға айтылады. Тҧрақтыға ӛзіміз бағдарламаның орындалу
барысында бірден сандық мән берсек те, сипаттау бӛлімінде атау тҥрінде
бейнелеп алып, мән берсек те болады.
Тҧрақтыны бейнелеу тҥрі:
сonst тҧрақты атауы = мәні;
Тҧрақтылар іnteger, real, boolean, char тҥріндегі мәндерді қабылдай алады.
Бір бӛлімде бірнеше тҧрақты жазуға болады, бірақ олар ―;‖ арқылы
ажыратылып жазылуы қажет.
Сандық
тҧрақтылардың мәні нақты және бҥтін сандар болады. Символдық
тҧрақтылар апостроф ішіндегі таңбалармен жазылады. Мысалы, ‗B‘, ‗S‘, т.с.с.
Логикалық тҥрдегі тҧрақтылар – TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған)
мәндерінің біреуіне ие болады. Мысалы:
const K = 23; (*бҥтін тип *)
В = 1.8Е – 3; (*нақты тип*)
Р = 3.14; (*нақты тип*)
S = ‗F‘; (*символдық тип*)
L = TRUE; (*логикалық тип*)
Айнымалыларды сипаттау
Бағдарламаның орындалу барысында әр тҥрлі
мәндерді қабылдай алатын
шамалар - айнымалылар деп аталады. Олар атаулармен белгіленіп,
әрбір
уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Бағдарламада пайдаланылатын кез келген
айнымалы, бағдарламаның айнымалылар бӛлігінде сипатталуы қажет.
Айнымалыларды сипаттау VAR (varіable – айнымалы) қызмет сӛзінен
басталады. Ол компьютердің айнымалы мәндері енгізілетін ҧяшықтарды типіне
сәйкес белгілеп, сақтап қоюы ҥшін қажет.
Айнымалыны сипаттау тҥрі:
Var айнымалы атауы: тип;
Мысалы, VAR К: ІNTEGER; (*К – айнымалысының типі бҥтін*).
Бір мезгілде бірнеше айнымалыны сипаттауға болады.
Var а1, а2: іnteger; a3: byte; a4: real; sm: char
Мҧндағы, нҥктелі ҥтір (;) – бір типті айнымалылар сипатталған соң
қойылатын символ.
80
Turbo Pascal-да ІNTEGER типті
айнымалыны REAL типі арқылы
сипаттауға да болады. Керісінше, нақты типті
айнымалыны ІNTEGER типі
арқылы сипаттауға болмайды. Ал мәндері ІNTEGER типті болатын
айнымалыларды бір-біріне бӛлуде шығатын
нәтиже REAL типі арқылы
сипатталуы тиіс.
Айнымалылар индексті болуы да мҥмкін. Индекспен берілген
айнымалылар массив деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: