Электрондық басылым — бағдарламалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар жəне кез
келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық
көрген сандық, мəтіндік, графикалық, аудио-, видео- жəне басқа ақпараттар жиынтығы. Электрондық
оқу басылымы — оқытуды жəне білімді бақылауды автоматтандыруға арналған жəне оқу курсына
немесе оның жеке бөлімдеріне сəйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға
мүмкіндік беретін жəне əр түрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым [3].
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы — бұл оқу курсының ең
маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар,
атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық жəне дипломдық
жобаларға нұсқау жəне т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы
статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
Мультимедиа дегеніміз — ақпаратты берудің бірнеше тəсілін біріктіретін — мəтін,
қозғалмайтын кескіндер (суреттер мен фотолар), қозғалатын кескіндер (мультипликация жəне видео)
жəне дыбыс (сандық жəне MIDI) — интерактивті өнім.
Мультимедиалық технологиялар — бейнелік жəне аудиоэффектілік ақпаратты жасау, өңдеу,
сақтау, тасымалдаудың амал, тəсіл жəне əдістерінің жиынтығы жəне əр түрлі мультибағдарламалық
мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтардың басқаруымен орындай алатын
электрондық құжаттарды дайындау тəсілі. Ол — мəтін, графика, бейне жəне аудиоақпараттарды
біртұтас кешенге біріктіруге мүмкіндік беретін технология. Бұл технология аудиториялық сабақтар
мен СӨЖ-де студенттің оқу материалын көрнекі түрде түсінуіне жəне оқу уақытын тиімділеуге
жағдай жасайды.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасы — мультимедиатехнологиясына негізделіп жасалынған
электрондық оқу басылымы. Ол гипертекст түріндегі, нақты құрылымдалған, кез келген сілтеменің
объектісіне (текст, графика, анимация, аудиофрагмент, бейнефрагмент, орындалатын бағдарлама)
қатынау мүмкіндігі бар оқу материалынан жəне теориялық материалды бекіту, практикалық біліктері
мен дағдыларын дамыту үшін берілетін сұрақтардан, жаттығулардан, тесттерден, сөздіктерден,
анықтамалардан тұрады [4].
Мультимедиалық
бағдарлама жасау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жəне
оны типтік бағдарламаға нақты сəйкестендіру, көлемін шамалау, мазмұндылығын арттыру,
қажетті мəліметтерді іріктеп алу, арнайы тəжірибелерден өткізіп, қазіргі кезеңмен ұтымды
байланыстыру — бəсекелестікке барынша қабілетті білім негіздерін беруге, қарқынды оқытуға
ықпалын арттырады [5].
Бүгінгі таңда оқу пəндері бойынша қазақ тіліндегі оқу əдебиеттеріне, электрондық басылымдарға
деген сұраныс өте жоғары. Негізгі білім мазмұны оқулықта берілетіндіктен, электрондық басылымды
жасауға оқытушы аса жауапкершілікпен қарап, оны жасаудың технологиясы мен əдістемесін білу
керек. Осы мақсатта авторлық ұжыммен «Оптика» пəні бойынша электрондық оқу құралы
К.М.Беркімбаев, Г.К.Орманова, Ш.Ж.Раманқұлов
20
Вестник Карагандинского университета
жасалынып, оған мемлекеттік меншік құқығы алынды (Авторлық құқық объектісіне құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы куəлік № 2041, 2014 ж. 26 қараша) [6].
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің
болашағы болып табылады, əсіресе білімгерлердің кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруда,
шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы маңызы ерекше.
Физикалық эксперименттерді модельдеу — оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын
тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық
құбылыстармен зерттеу əдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді [4].
«Оптика» пəнін оқыту үдерісінде электрондық оқыту құралдарының тиімділігі:
студенттің өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге
асыру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
экономикалық тиімділігі;
іс-əрекет, қимылды қажет ететін пəндер мен тапсырмаларды оқып-үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын
табиғаттың таңғажайып процестерімен əр түрлі тəжірибе нəтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
студенттің ой-өрісін, креативті ойлау қабілетін дамытуға ықпалы зор [5].
Білімгерлерге бір құбылысты қайта-қайта сөзбен айтып түсіндіргенше, бір немесе бірнеше рет
демонстрация түрінде көрсетіп қорытындысын өздеріне жасатқан олардың танымдық құзыреттерін
қалыптастыруда өте тиімді болады. Геометриялық оптика заңдылықтарын, интерференция,
дифракция, фотоэффект құбылыстарын, Комптон эффектісі тəжірибелерін т.б. демонстрация түрінде
көрген соң студенттердің осы заңдар мен құбылыстарды өз бетінше тұжырымдау, нəтижесін талдау
кезеңі туады. Осы жерде проблемалық жағдаяттар туындайды. Оқытушы шеберлігі осы
жағдаяттардың шешімін əр түрлі сұрақтар мен проблемалар қою арқылы студенттердің өзіне талдата
білуінде. Оқу үдерісінде анимациялық эффектілерді қолдану студенттерге физикалық құбылыстар
механизмін көзбен көріп, дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Имитациялық модельдер студенттерге
көзбен жай көре алмайтын жəне кейбір жағдайларда өмірде, практикада жүзеге асыра алмайтын,
ойша қойылатын эксперименттерді түсінуге мүмкіндік береді [6].
Осы мақсатта біз «Оптика» пəні бойынша линзадан кескін алудың компьютерлік модельдерін
жасадық. Төменде осы жасалынған модельдерден көріністер келтіреміз.
Линзалар арқылы жарық шоғын жинап жəне шашыратып қана қоймай, заттардың əр түрлі
кескінін алуға болады. Осы қасиетіне байланысты линза практикада кең қолданыс тапқан. Алынатын
кескіннің сипаты зат пен линзаның өзара орналасуына байланысты екен. Олардың арақашықтығын
өзгерту арқылы кескінді ұлғайтуға не кішірейтуге, тура не кері (төңкерілген), нақты не жалған кескін
жасауға болады.
Біз кез келген (көрінетін) объектіні жарқырайтын немесе жағылған жарық нүктелерінің
жиынтығы ретінде қарастыруымызға болады. Осы нүктелерден шашыраған сəулелер шоғы линзадан
сынғаннан кейін өздері немесе созындылары белгілі бір нүктеде жинақталады. Олардың жиынтығы
берілген заттың кескінін береді.
Əр нүктенің кескінін салу үшін екі сəуле жеткілікті. Берілген нүктеден шығатын көптеген
сəулелердің ішінен жолы ең қарапайым сəулелер таңдалып алынады, сол себепті оларды кескін салу
процесінде оңай жаңғыртуға болады. Мұндай сəулелер:
1) линзаның орталығы арқылы өтетін сəуле (линзадан өту кезінде бұл сəуле бағытын
өзгертпейді);
2) линзаның бас оптикалық өсіне параллель өтетін сəуле (линзадан сынғаннан кейін не өзі, егер
линза жинағыш болса, созындысы, егер шашыратқыш болса, бас фокусы арқылы өтеді).
Сызықты дененің, мысалы, АВ жебесінің (1-сур.) кескінін салу үшін алдымен А нүктесінің одан
кейін В нүктесінің кескінін салады да, A
1
жəне В
1
нүктелерін қосады, пайда болған А
1
В
1
кесіндісі
берілген дененің кескіні болады.
Осы
нұсқауды
пайдаланып,
заттың
линзадан
үш
түрлі
қашықтықта
тұрған
жағдайында жинағыш линзадағы кескін қандай болатынын анықтайық.
Білімді ақпараттандыру жағдайында…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
21
1. АВ нəрседен линзаға дейінгі қашықтық оның фокус аралығынан 2 еседен артық болсын
(1-сур.).
Алдымен А нүктесінің кескінін салайық. Ол үшін осы нүктеден екі сəуле жүргіземіз, біріншісі
бас оптикалық оське параллель (линзадан сынғаннан кейін ол бас фокустан өтеді), ал екіншісі
линзаның оптикалық орталығы арқылы өтеді. Осы сəулелер қандай да бір А
1
нүктесінде қиылысады.
А
1
нүктесі А нүктесінің кескіні болады.
Енді В нүктесінің кескінін салайық. Ол үшін алдындағыдай екі сəуле жүргіземіз — бірінші
линзаның бас оптикалық осіне параллель, ал екінші оның орталығы арқылы өтеді. Осы сəулелердің
қиылысу нүктесі b
1
, В нүктесінің кескіні болып табылады. АВ затының басқа барлық нүктелердің
кескіні A
1
B
1
аралығында болады. Осы нүктелерді қосып, біріншісінен екіншісіне сызық
жүргізіп, АВ затының кескіні болатын A
1
B
1
кесіндісін аламыз.
1-сурет. Жинағыш линзадан кескін алудың
анимациялық көрсетілімінен көрініс. Нəрсе екі
фокустан кейін орналасқан
2-сурет. Жинағыш линзадан кескін алудың анимациялық
көрсетілімінен көрініс. Нəрсе фокус пен қос фокус
аралығында орналасқан
Достарыңызбен бөлісу: |