1-жолы – Фосфоролиз көптеген тіндерде өтеді. Бұл кезде фосфорилаза ферментінің әсерінен
гликоген кұрамындағы шеткі глюкоза молекулаларына фосфор қышқылы байланысып,
глюкозо-1-фосфат бөлінеді.
Гликоген тармақталған молекула және тізбектің шетінде глюкоза молекулалары көп болғандықтан,
фосфоролиз тез жүреді, реакцияны фосфорилаза ферменті катализдейді:
(C
6
H
10
O
5
)
n
→
(C
6
H
10
O
5
)
n-1
+Гл-6-ф
Глюкозо-1-фосфат глюкозо-6-фосфатқа изомерленеді. Глюкозо-6-фосфат жасуша мембранасынан өте
алмайды. Тек түзілген жерінде пайдаланылады. Гликогеннің бауырда жэне бұлшық етте ыдырауы
аралығында бip айырмашылық бар: бауырда глюкозо-6-фосфатаза ферменті бар. Бауырда глюкозо-6-
фосфатаза маңызды кызметі – тамақтану аралықтарындағы үзілісте глюкозаның қанға бөлініп, басқа
мүшелердің оны қолдануына мүмкіндік береді.
2 жолы— гидролиз арқылы
Ол бауырда гамма-амилазаның әсерінен жүзеге асады. Бұл жағдайда гликогеннен
глюкозаның шеткі молекуласы босап шығып, бос глюкоза қанға түcyi мүмкін.
Гликогеннің 2/5 бұлшықетте, 5/1-і т. б. Органдарда қор ретінде жиналады. Оның
ерекшелігі- оның молекуласы клетка осмосын өзгертпейді.
Бауыр глюкостатикалық қызмет атқарады. Бауырда гликогеногенез, глюконеогенез, гликогенолиз процесстері жүреді. Бауырдағы осы процесстер қан құрамындағы глюкоза мөлшерін
тұрақты етіп ұстайды. Қан құрамында глюкозаның қалыпты мөлшері 3,4-5,6ммоль./л
Бүйрек межесі - деп нефрон өзекшелерінде эпителий жасушаларының бастапқы несептен
глюкозаны кері сіңіріп алу қабілеті сақталатын қан сұйығында-ғы глюкозаның деңгейін айтады. Бұл
қабілеті қанда глюкоза 8- 9 ммоль/л болғанға дейін сақталады.