11. Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні және маңызы, Р/О коэффициенттері. Электрондарды тасымалдау тізбегінің реттелуі. БТ мен ТФ қабысу нүктелері. БТ мен ТФ ажырауы. Ажыратқыштар туралы түсінік. Тотығудан фосфорлану - аденозиндифосфат пен фосфор қышқылы электрон
тасымалданатын тізбекте түзілетін энергияны пайдаланып, әрекеттесіп аденозинтрифосфатты
түзе жүретін үрдіс. Тотығудан фосфорлану аэробты жасушалардың энергия көзі болып
табылады. БТ-ның үш сатысында АТФ түзілетін энергия бөледі. Бұл сатыларды БТ мен ТФ-
ның қабысу нүктелері деп аталады, олар -2,6,9 және10 сатылар. Электрондарды тасымалдайтын тізбекті реттеу. ТФ-ның өнімділігін этерификацияланған
фосфаттың жұтылган О2-ке катынасына карай таразылайды. P/О коэффициенті АТФ тузуге
кеткен бейорганикалык фосфаттың моль санының соған сәйкес сіңірілген оттек атом санына
катынасы. егер субстрат ПФ дегидролазалармен тотықса , бейорганикалык фосфаттың бip атом
оттекке қатынасы(3/1) тең болады, ал егер субстрат ФП дегидролазалармен тотыкса онда
коэффициент (2/1) болады. Сол себепті қалыпты жағдайда тотығудан фосфорлану
коэффициенті 3-ке немесе 2-ге тең болады, P/О- ТФ-ныі қуаттылығын көрсететін көрсеткіш. ТФ-ны ажыратушы заттар митохондриялардың оттекті фосфорлануга керек АДФ-ке
тәуелсіз пайдалануын тудырады. Тотығудан фосфорланудың түрлері: А. 2,4-динитрофенол- бip кезде семіздікке қарсы қолданылды, кейіннен улылығына
байланысты қолданылмайтын болды.
Б. Дикумарол- ажыратушы зат, клиникада антикоагулянт ретінде пайдаланылады. Бұл
егеуқұйрықтарға қарсы у ретінде пайдаланылады. В. Митохондрияларға Са2+ иондарын тасымалдау электрондарды тасымалдау мен тотығудан
фосфорланудың арасын бұзады. Жануарлар митохондрияларына кальцийді тасымалдау
концентрация градиентіне қарсы жүреді.