Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет140/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
166 
бағышталғаннан кейін, соларға түсінікті болуы үшін тұрпайы түрде көрсетілген. 
Ал философияны алатын болсак, ол - ақыл-ойы терең, білімді адамдардың 
айналысатын нәрсесі. Бүл пэннің негізінде зерделі дәлелдемелер жатыр. 
Философия мен дін адамды ақиқатқа жетуге үйретеді. Онда олардың алдына 
қойған мақсаттары - бір. Бірақ кейбір мәселелер бойынша қайшылықтар пайда болуы 
мүмкін. Олай болған жағдайда діннің қағидаларын философиялық ой елегінен 
өткізуіміз керек, өйткені ақиқат біреу және ол зерделі. 
Өзінің таным ілімінде Ибн-Рошд бүкіл адамзатты құрайтын жеке адамдардың 
ақыл-ойының бірегейлігін, потенциалдык интеллект құрайтынын айтады. Расында да, 
адамдар шектелген, Дүниеге уақытша келген пенде ретінде универсалияларды, 
потенциалдық ақыл-ой болмаса жасай алмас еді. Жеке адамның танымдық 
мүмкіндіктері шындыққа айналуы үшін, оған дүниежүзілік белсенді ақыл-ой (Құдай) 
түрткі болуы керек. Ол потенциалды ақыл-ойға тікелей емес, оның сезіміне, қиялы мен 
елестетуге әсерін тигізіп, мән-мағынаның ашылуына, оның шындыкқа айналуына 
әкеледі. Сол сәтте жеке адамның ашқан ғылымдағы жаңалығы адамзаттың 
потенциалдық интеллектінің ажырамас бөлігіне айналуына, оның бірте-бірте 
Құдайдың белсенді актуальды интеллектіне жақындап, соңында қосылуына жеткізеді. 
Сонымен Ибн-Рошдтың потенциалдық интеллекті - ол қазіргі философиядағы 
қоғамдық сана деген үғымға жақын. 
Ойшыл: 
«Адам 

өтпелі 
пенде, 
оның 
денесімен 
бірге 
жан 
дүниесі де келмеске кетеді», - дейді. «Бірақ адамзаттың потенциалдық интеллекті 
мәңгілік, ол Құдайдың ақыл-ойымен қосылуға тырысады, ал ол орындалған кезде 
дүниежүзілік адамзат тарихы сонымен аяқталады», - деген көзқараста болған. 
Бұл тұжырымнан екі қорытынды шығуы мүмкін. Жеке адам мәңгілік болмаса да, 
адамзаттың рухы потенциалдьың интеллект ретінде өмір сүргеннен кейін, адам 
мистикалык-аскетикалық өмір салтын ұстауы керек. 
Екінші қорытынды оған қарсы: егер адамның өмірі біреу-ақ болса, онда неше 
түрлі қызықтардан ләззат алып, осы Дүниеде бақытқа жетіп, ойнап-күлу керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет