Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет138/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
164 
деген пікірге қарсы шығады. Егер Дүние жоқтан пайда болса, онда Дүниенің пайда 
болуының іс-әрекеттік себебі Құдайдың жаратуға дейін іс-әрекеттік себебі болмаған 
екен ғой деген ойға әкеледі, онда Құдайдың ол қасиеті қажетті емес, оның терең 
мән-мағынасынан шықпайды. Олай болса, ол өзгереді, ал оның өзі оның кемеліне 
келмеген, жетілмегендігінің көрінісі Құдайдың абсолютті жетілген алғашқы 
себептігіне кайшы келеді. 
Ибн-Сина Құдайды діндегі сияқты табиғатқа оның жаратушысы ретінде қарсы 
қоймайды. Құдай Дүниедегі барлықтың алғашкы себебі болғаннаы кейін, 
материалдық Дүние Құдайсыз, ал Құдай бұл Дүниесіз өмір сүре алмайды деген 
пікірге келеді. Сонымен Ибн-Синаның болмыстық көзқарасы пантеизмге өте жақын 
болды. 
Ибн-Синаның дүниетану іліміне келер болсақ, ол адамның жан дүниесінде 
потенциалды акыл-ой бар дейді. Яғни адамның өз алдында жатқам дүниенің мән-
мағынасын аша алатын мүмкіндігі бар. Бірақ ол - өте күрделі. Таным түйсіктердің 
қабылдауы арқылы басталады, оны ол сезімдік тәжірибе дейді. Жалпылыққа адам 
заттардьщ қасиеттерін салыстыру аркылы жетеді. 
Ақикат дегеніміз - заттардың ішкі мән-мағынасы. Әр заттың ақиқаты оның өмір 
сұруінің ерекшелігінде, ал оның өзі сол заттың өзіндігін құрайды. Ақикатка жетудің 
бірде-бір кажетті кұралы – ол логика. Логика заңдары арқылы біз жалқылық пен 
жалпылықты ойлай аламыз. Жалпы жеке заттардың мән-мағынасын құрап, жалқымен 
бірге өмір сүреді. 
Ибн-Синаның әлеуметтік-саяси көзқарастарына келер болсак, ол әділеттік 
мәселесіне көп көңіл беліп, оны қайсыбір қоғамдағы тұрақтылықтың негізі деп 
есептеді. Егер коғамды басқару әділетсіз жолмен жүріп жатса, онда халықтың оған 
қарсы қарулы көтерілісі заңды деген пікір айтады. Бүгінгі философияда Ибн-Сина 
араб ілімін ислам кағидаларына косып, оны христиан дініне жақындатқаны, оның 
негізгі өшпес еңбегі деп есептейтін кезқарас та бар. 
Шығыс философиясының келесі ұлы тұлғасы - Ибн-Рошд (1126-1198 жж.). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет