өзіндік жауабын ұсынады (metaphisica -грек сөзі, физикадан кейін, яғни болмыс
жөніндегі тәжірибенің шеңберінен шығып кететін мәселелер).
Оқырманньң байқағанындай, философия статусы (status -латын сөзі, мәртебе)
Нуржігіт Алтынбеков
16
жеке ғылымдарға қарағанда анағұрлым кеңірек, сондықтан Батыс елдерінде
философияны тіпті өнер саласына жатқызатыны мәлім (the Art-ағылшын сөзі, өнер).
Мысалы, А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері - оның ғылым
жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», - деген
пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың
бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады.
Жоғарыдағы көрсеткендей, философия саласында қызмет еткен әр ірі тұлға осы
ғылымның тарихында өзінің ерекше дүниетанымы, дүниетүсінігі, көзқарасымен
ерекшеленіп, ешқашан бұрын-соңды қайталанбас орын алады. Сондықтан қанша ірі
тұлға философияға атсалысса, соншалыкты философияның түрлері бар деп айтсақ,
артық болмайды.
Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда өнерпаздың
дүниеге деген тұлғалық-сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады.
Философиядағы әрбір тұлға өзгеше орын алғаннан кейін, біздің алдымызда
таңдау мәселесі пайда болады. Философияда талғамдық бар. Біреуге Гегельдің
философиясы ұнаса, екіншіге Фейербахтан асқан ойшыл жоқ сияқты. Осы
себептен кейбір уақытта философияның белгілі бір ағьшы басқалардан гөрі
басымырақ әсерін тигізіп, сол дәуірдің рухани өмірінің өзегіне айналуы мүмкін.
Мысалы, діни философия - орта ғасырларда, маркстік философия- XIX ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысында, экзистенциализм - XX ғасырдың 60-
70 жылдарында т.с.с. И.Фихтенің айтқанындай, философиялық жүйені таңдау -
адамның өзінің кім екеніне байланысты, өйткені философиялық жүйе соны жасаған
адамның жан дүниесі арқылы жанданған. Бұл жағынан алып қарағанда, философия
көркемөнерге ұқсас.
Жеке ғылым салаларына көз жіберсек, онда талғам мәселесі толығынан жоқ
сияқты. Физика, я болмаса биологиядағы теорияларды жасаған авторларды көбінесе
|