Нуржігіт Алтынбеков 214
Т.Гоббстың ойынша, әр халық өзінің тарихында екі сатыдан өтеді. Олар -
мемлекеттікке дейінгі табиғи (status naturalis) және мемлекеттік (status civilis) саты.
Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жекеменшік те, мораль да әлі жоқ, тек қана
адамдардың табиғи құкы бар. Ол адамның керек қылатын нәрселерінің бәріне деген
кұқы. Өзінің өмірін сақтап қалу жолында адам қандай іс-әрекет жасаса да, шектелген
жок. Сондықтан мұндай жағдайда әр адам өмірге керек құндылықтарды өзіне
тартқаннан кейін, «бәрінің бәріне қарсы соғысы» (bella omnia contra omnies)
басталады. Адамдар бір-біріне қасқыр сияқты (homo homini lupus est) болады. Мұндай
жағдайда адамдардың өз-өздерін кұрту қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтык
мемлекеттік деңгейге көшу қажеттігі пайда болады.
Сондықтан адамдар өздерінің кейбір құқтарынан ерікті түрде бас тартып, оларды
күшті орталандырылған билікке береді. Сонымен қоғамдық осындай шарттың
негізінде мемлекет дүниеге келеді. Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тілсіз
іске аспас еді. «Тілсіз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік те болмас еді».
Адамдардың мемлекеттікке өтуінде олардың табиғатында бар заң (lex naturalis)
үлкен рөл атқарады. Ол заң — «өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама». Оны біз
моральдың «алтын ережесі» дейміз.
Екіншіден, әрбір адам өлімнен қорқады, сондықтан ол бейбіт өмірдің кажеттігін
сезінеді, ал мұның бәрі оны мемлекеттілікке қарай итермелейді.
Мемлекетке шарттық негізде өз еркімен берілген адамдардың құқтары енді қайтып
алынбайды. Адамдар мемлекет заңдарын бұлжытпай орындаулары қажет. Сонымен
қатар Т.Гоббс - құқ пен заңның арасындағы айырмашылықты анык байқаған адам. Бір
жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші Жағынан, заңдар
мөлшерден шығып, барлык қоғамдағы қарым-қатынастарды ретке келтіруге тырысса,
онда адамдардың белсенділігіне нұсқан келеді. Бұл жерде Т.Гоббс тоталитаризмнің
болуын болжаған секілді. Сондықтан заңдар акыл-ой елегінен өткен қажетті
қатынастарды ғана ретке келтіруге тиіс.
Әрине, мемлекеттің дүниеге келу мәселесі - өте күрделі құбылыс. Ол жөнінде