Нуржігіт Алтынбеков 212
Т.Гоббс «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін», - деген Р.Декарттың принципін
өзінің танымдық ілімінің тұрғысынан қатты сынға алады. «Мен ойлаймын, олай болса
өмір сүремін» деген қағида бізді ойлана алатын дене бар екенін мойындауға әкеледі. Ал
Р.Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пікірін «серуендеп жүрген адам серуен
деген тұжырымға тең», - деп, материалистік тұрғыдан қатты соққыға жығады.
Т.Гоббс таным әдістемелері жөнінде де ерекше пікір айтады. Индуктивті және
дедуктивті әдістерді бір-біріне қарсы қоймай, олардың екеуін де ғылыми зерттеулерде
кең түрде қолдану қажет. Бірақ индуктивті әдіс табиғатты зерттегенде басымырақ
қолданса, математика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивті әдіс
басым болуы қажет деген пікір айтады.
Адам мәселесі Р.Декарттың «Адам - машина» деген көзқарасын әрі қарай жалғастырып, Т.Гоббс
адам да дене ретінде күрделі механизм деді. «Өмір - бөлшектердің әр түрлі
қозғалыстары «жүрек - серіппе, жүйке - жіптер, адамның аяқ-қолдары - машинаның
дөңгелектері сияқты бүкіл денеге қозғалыс береді» т.с.с. Егер Р.Декарт адамның
денелік емес жан дүниесін мойындаса, Т.Гоббс психиканың өзін механистік тұрғыдан
түсіндіргісі келді.
Адамның моральдық қасиеттерін ойшыл оның табиғаты арқылы түсіндіреді. Бұл
жағынан келгенде, оның көзқарасы Н.Макиавеллиге өте жақын. Адам табиғаты
өзімшілдікке негізделген. «Адамдар өз табиғаты бойынша қомағай, тойымсыз, корқақ,
долы т.с.с. хайуандыққа толы», ал қоғамдық пенде ретінде олар «пайда мен мансап»
іздейді, тек өздерін ғана сүйеді, - дейді ұлы ойшыл.
Т.Гоббс адамдардың өзімшілдігінен шығатын мүдделері мен мақсаттарына көп
көңіл бөледі. Қоғам өмірінде әртүрлі мүдделер бір-бірімен соқтығысып, құқ
ғылымының әділдікке негізделуіне жол бермейді, заңдар бұрмаланады т.с.с. «Егер
геометрия қағидаларының адамдардың мүдделеріне қатысы болса, онда ол кітаптарды
адамдар жағып жіберер еді», - деген нақыл сөз осы кісінікі. Сондыктан моральдық