Нуржігіт Алтынбеков 293
бөлінген. Ол өз заманындағы коғамдык қатынастарға канағаттанбайды, әсіресе
христиан дінінің осы Дүниенің құдіретті Жаратушысы Құдайдың өзіне сеніп, адал
болған адамдарға мәңгі рақатқа бөленген о дүниедегі өмір беріледі деген негізгі
қағидасына теріс баға беріп, ол қарапайым адамдардың осы өмірдегі жағдайларын
жақсартуға бағытталған ұмтылысына кедергі келтіреді деген пікір айтады.
Фейербахтьщ ойынша, аспандағы мәңгілік өмірге сену - жердегі өмірдің құндылығын
жояды.
Бірақ Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өміріне бәрібір
діннің керектігін мойындайды. Оның ойынша, тарихтағы бірін-бірі ауыстыратын
үлкен дәуірлер діндердін ауысуымен тығыз байланысты. Олай болса, өзінің
мүмкіндіктерін саркыған христиан дінінің орнына жаңа дін керек. Ол дін Құдайға деген
сүйіспеншіліктің орнына адамды сүюді қою керек. «Христиандықтың мәні» деген
негізгі еңбегіндегі соңғы тарауында Фейербах «Адам адамға - Құдай» деген пікір
айтады. Сонымен бүкіл философиясы материалистік бағытта болған философ мұндай
көзқараска неге келеді деген сұрақ біздін ойымызға еріксіз келеді. Оның ойынша,
адамдардың бір-біріне деген катынастарына діни бітім берілмесе, олар езінің
гуманистік (адамгершілік) қасиеттерінен жұрдай болады, өйткені ондай жағдайда
адамдар өздерінің табиғи өзімшілдігінен арыла алмай қалады. Дінсіз болу тек
адамның өзін ғана ойлауымен тең, дінге сену - баскаларды да ойлаумен бірдей, -
дейді Фейербах.
Енді, міне, Жаңа замандағы материалист-ойшыл Фейербах бұл мәселеге кандай
жаңалық әкелді екен? Оның ойынша, еркек пен әйел арасындағы жыныстық сезімге
негізделген сүйіспеншілік осы жана діннің арқауы болуы керек. Өйткені адам
табиғи-биологиялық пенде болғаннан кейін, оның түйсіктері мен сезімдері оны
алдамайды, тек қана сүйіспеншіліктен басқа шынайы практикалық және органикалық
нәрсе адамдар арасында жок деген өз пікірін айтады. Олай болса, «аспандағы
ләззаттан» гөрі, адам жердегі «сезімдік бақытка» ұмтылуы қажет. Ол, әрине, бір-бірін