Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет264/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
302 
өзгеруі арқылы іске асып отыр. 
Ал коммунизм идеясына келер болсақ, онда оны сынға алуға тура келеді, өйткені 
ол жер бетінде жұмак орнатқанмен тең. Жалпы алғанда, бұл идеяны Батыс Еуропалык 2 
мың жылға созылған ой толғауының логикалық түрдегі соңғы нүктесі деп айтуға 
әбден болады. Сонау көне Грек дәуірінен бастап, Протагордың айтқан «адам — 
барлык нәрсенің елшемі» деген идеясы ғасырлар бойы дамып, акырында коммунизм 
идеясын тудырған болатын. Маркс утопистердің көзқарастарын сынағанмен, өзінің 
ғылыми жұмыстарында одан толығынан арыла алмады. «әрбір адамнан - қабілетіне 
қарай, әрбір адамға - кажеттігіне қарай» деген принциптің өзінде утопиялык қиял 
жатқан жоқ па?! Егер барлык адамдардың қажеттіктері толығынан өтелсе, онда қоғам 
сол сәтте іріп-шіри бастар еді, өйткені тек толығынан өтелмеген қажеттіктер 
адамдардың соларды өтеуге бағытталған шығармашылық іс-әрекеттерін тудырады, ап 
өтелген қажеттіктер сол сәтте жаңа бұрынғыдан да биік қажеттіктерді тудырады... 
Маркс Фейербахтың «адам - толығынан биологиялық-табиғи туынды» деген 
пікірін қатты сынға алғанмен, оған карама-қарсы біржақты «әлеуметтілік» тұжырымға 
өтіп кеткенін аңғара алмай қалған болатын. Сол себепті, Маркстің ойынша, болашак 
коммунистік коғамда жаңарған әлеуметтік ахуалға сай «жаңа адам» дүниеге келіп, 
қылмыстык, озбырлық, дүниеге кызығушылык т.с.с. адамдардың кемшіліктері 
толығынан жойылып, құктық мекемелер, тіпті мемлексттің өзі керек болмай қалады 
деген ойларын да қиялға жаткызуымызға әбден болады. Жаңада ғана дүниеден өткен 
Кеңес коғамында каншалықты «жаңа адамды» тудыруға бағытталған сан алуан тәрбие 
жұмыстары жүргізілсе де, біз бүгінгі таңда онын бәрінің сәтсіздікке ұшырағанын 
көріп отырмыз. Адам - биологиялык, я болмаса - әлеуметтік пенде емес, ол - 
биоәлеуметтік, тек осы жолда ғана оны терең түсінуге болады. 
Әрине, Маркс пен Энгельс өз заманының тұлғалары. Маркстің өзі уақытында: 
«Ешқандай адами нәрсе маған жат емес», - деп айтқан болатын. Міне, осы тұрғыдан 
бағалап, біз олардың ғылыми жетістіктері мен адасуларын таразыға сала келе, оларды 
оз заманының ғажап ұлы тұлғаларына жатқызуымызға әбден болады. Маркстік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет