Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет272/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
311 
бірдеңенің жетіспей тұрғандығынан шығады. Ұлы Гегель айтқандай, бұл дүние - 
өзінің үғымына толығынан сәйкес келмейтін бірдеңе. Бірак соның арқасында өмір, 
талпыныс, жетілуге деген кұмар бар. Бақыт дегеннің өзі адамның алдына қойған 
мақсаттарын іске асырып, өзінің арнасынан шығып тасуымен байланысты болса 
керек. Бірақ өзеннің көктемдегі тасып, содан кейін өз арнасына кайтып оралғаны
сияқты, орындалған арман келесі сатыда адамның алдына жаңа мақсат-мұраттарды 
әкеліп, тағы да оның талпынысың тудырады, осы жолда ол тағы да каншама ізденіс, 
қиындықтар, зардапты өз басынан өткізеді десеңізші?! Бүгінгі өтпелі қоғамда 
орасан зор қиындықтарға қарамастан, қаншама адамдар өзінің белсенді іс-
қимылдары аркылы жаңа өмірден өз орнын тауып жатыр! Бүгінгі қиындықтармен 
қатар, өмір біздің алдымызға бұрын-соңды тарихымызда болмаған мүмкіндіктерді 
тудырып отыр. Оларды іске асыру үшін талпыныс, жақсы оқып білім алу, өмірді 
шығармашылық тұрғысынан игеру, қиындықтарды жеңе білу қажет. Өмір деген - 
өнер. Олай болса, күнбе-күнгі қарапайым қиын өмірдің өзінен куанышты, 
танғаларлық нәрселерді, ізгілік пен әсемдікті, махаббат пен нәзіктікті іздеп 
тауып, содан нәр алып, өзіңді бакыттымын деп сезінуге болады. Тек оған ұмтылу, 
оны қалау қажет. 
Қорыта келе, Шопенгауердің философия тарихында өз орны бар ұлы тұлға 
екенін айтып өтуіміз керек. Ол болашақ XX ғ. пайда болатын көп қайшылықтарды, 
әсіресе адам өмірі мен тағдырына байланысты көп ойларды көтеріп, болашақ ғасырда 
ықпалды «өмір философиясы» аталған ағымның негізін қалап кетті. Олардың бәрін біз 
келесі тарауда талдаймыз. Онын алдында тағы да XX ғ. философияға өзінің зор әсерін 
тигізген тұлға - дат философы С.Кьеркогердің шығармашылық еңбегіне тоқталсақ 
дейміз. 
§ 2. С. Кьеркогердін философиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет