Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


шешім, шектелген мен шексіздік, мүмкіндік пен шындық, зардап шегу



Pdf көрінісі
бет275/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   692
шешім, шектелген мен шексіздік, мүмкіндік пен шындық, зардап шегу, 
қайталау, түңілуөкіну, кінә мен күнә, қайта туу т.с.с. Кьеркогердің ойынша, 


Нуржігіт Алтынбеков 
314 
бұл ұғымдар арқылы жеке адамның қайталанбас тебіреністерін беруге болады. 
Өмір сүру дегеніміз - ол тебірену, зардап шегіп, соның шеңберінен шығуға
бағытталған адамның іңкәрі. Өмір сүру адамның алдындағы мүмкіндіктердің 
біреуін ерікті түрде таңдап алып, өзінің қайталанбайтын ерекше болмысын іске 
асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну. Өмір сүру дегеніміз - ішкі шектелген мен 
шексіздіктің арасындағы таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. 
Кьеркогердің ойынша, шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның ерікті 
таңдауымен байланысты. Ал секірістің өзі Гегельдің айтып кеткен ұғымынан 
өзгеше - ол ешкандай дәнекерлікті талап етпейді, ол - зерденің шеңберінен шығып 
кететін рухтың іс-әрекеті. 
Жоғарыда байқағанымыздай, Кьеркогердің өмір сүру диалектикасы 
философиядағы жалпы ұғымдардың өзара байланысы мен бір-біріне өтуінен 
анағұрлым алшақ жатыр. Мұнда біз тек адамның жан-дүниесінің тебіренісін 
көрсететін «сезімдік ұғымдарды» байкаймыз. 
Адам өміріндегі негізгі сұрақтар: қалай өмір сүру, не болу керек, не нәрсеге 
ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретінде Кьеркогердің экзистенциалдық 
диалектикасы адам өмірінің үш сатысын суреттейді. Олар - эстетикалық, этикалык 
және діни сатылар. 
Адам өмірінің бірінші эстетикалық сатысында тікелей сезімдік өмір салты 
қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең түрде Канттың түсінігіне сәйкес ақыл-
ойдан бөлек сезімдік қабыл-дау мен ләззат алу ретінде көрсетеді. Қоғамдағы 
көпшілік осы сатының шеңберінде өмір сүреді. Ол дене әсемдігіне құмарту 
(эротика), парықсыздық, бір көргендегі сезімдік әсердің негізінде кездейсоқ 
байланыстарға түсу, қоғамдағы үлгіге (модаға) айналған нәрселерге ынтық болу, әрбір 
күн мен сағаттан, әрбір сәттен ләззат алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe diem, 
carpe horam! (әрбір күн мен сағаттан ләззат ал!). Бұл өмір салты адамды өзінің сезімдері 
мен құмартуы, ындынының құрсауынан шығармайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет