Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет323/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
373 
Тәңірі тесер төбеңді!» - деп, жырау адамды өлшемдікке, ұстамдыққа, әдет-
ғүрыпты бүзбауға шақырады. 
Тарих сахнасына келген XVII ғ. әлі басы бірікпеген қазақ халқына жаңа 
қиындықтар әкелді. Бір жағынан, кұннен-күнге күшейіп келе жатқан Ресей 
мемлекетінің суық лебі бұрынғыдан да 
г
өрі айқын сезіле басталса, екінші жағынан, осы 
ғасырдың бірінші жартысында Шығыста жатқан Жоңғарлардың ру-тайпалары 
бастарын біріктіріп, өз хандығын дүниеге келтіреді. Шығыста жатқан Қытай 
мемлекетіне бата алмаған қалмақтар өз өрісін қазақ жерлерін жаулап алу арқылы 
кеңейткісі келді. Осыдан қазақ халқының басына орасан зор қауіп туады. 1723 ж. 
ойраттар қазақ жеріне бас салып, бытырап жатқан қазақ руларын орасан зор күйзеліске 
ұшыратады, халықтың үштен бірі қырылып, қыруар мал жау қолына тұседі. Халықтың 
санасында Бұл апат «Ақтабан шұбырынды, Алқақөл сұлама» деген атпен тарихқа 
кірді. 
Әрбіреуі өз жағына бұратын қазақ билерінің есі енді ғана жиналып, жоңғарларға 
төтеп беру үшін біріге бастады. Мүндай қауіп-қатер туған жағдайда халық өз ішінен 
ұлы саясаткер-билерді: Төле, Қазыбек, Айтеке т.с.с. тудырды. Халық арасынан Отан 
үшін өз жанын беруге даяр Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, 
Қарасай т.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын біріктірді. Шешуші кезең 
де келіп қалды. 1730 ж. Балқаш көлінің төңірегіндегі шайқаста қазақтар жоңғарларға 
ойсырата соққы беріп, күйрете жеңіп, өз жерін жаулардан босатты. Халық бұл шайқасқа 
Аңырақай жеңісі деген ат қойды. 
Әлсіреген қазақ халқы екі жаққа бірдей тойтарыс бере алмады. Сондықтан осы 
кезден бастап, Ресей қазақ жерлерін өзіне қоса бастады. 
Міне, жоғарыдағы көрсетілген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих кезеңдері 
халықтың өзіндік сана-сезімін жаңа деңгейге көтерді. Сол уақытта өмір сүрген 
жыраулардың, ойшыл-билердің де шығармаларындағы халық тарихы, тағдыры 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет