Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет319/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
365 
қатар, оның сана-сезіміне өзінің зор әсерін тигізіп, халықтың жадында сақталып, оның 
дүниеге деген көзқарасы мен іс-әрекетіне өзгертулер енгізе алды. Жалпы алғанда, бұл 
тек қана қазақ халқына ғана тән нәрсе емес. Қай заманда да, қай халық, өз поэиясын 
жан-тәнімен сүймеген, ол әрқашанда адамның жан-дүниесін билейтін әміршісі емес 
пе?! XX ғ. өмір сүрген неміс философы М.Хайдеггердің ез өмірінің соңына қарай 
поэияға бетбұрыс жасап, болмыс жөніндегі нағыз терең ойларды ұлы өлеңшілердің 
шығармаларынан іздегені осыған байланысты болса керек. Сол себепті де біз қазақ 
халқының қалыптасу жолындағы терең философиялық мәселелерді жыраулардың 
шығармашылық жолдарынан іздеуіміз керек. 
Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен аса көрнекті тұлғалар ретінде 
Сыпыра жырауды (XIV ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлын (XV ғ.), Доспамбет 
пен Шалкиіз жырауларды (XVI ғ.), Жиембет пен Марғасқа жырауларды (XVII ғ.), 
Ақтамберді мен Тәтіқара, Бұқар жырау мен Шал ақынды (XVIII ғ.) атап өтуге 
болады. 
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл күңгірт уақытта өмір сүрген 
жырау болса керек. Ол тарыдай бытыраған, басы бірікпеген халықты бірлікке 
шақырған, аңыздар бойынша «тоғыз ханды түзеткен» тұлға болған. Бейбіт өмірді 
уағыздаған ақын, өткен баяғы заманды аңсап былай дейді: 
«Отырушы едік жайласып, 
Шалғында бие байласып, 
Құлын-тайдай ойнасып, 
Иіндесіп, сырласып...». 
Қандай қиын заманды халық басынан өткізіп жатса да, Сыпыра жырау оның 
жарқын болашағына сенеді: 
«Көп ішінде сөйлесем, Жас жігіт саған қарасам, 
Қара лашын түйғынсың, 
Асылыңа қарасам, 


Нуржігіт Алтынбеков 
366 
Құс алатын қырғисың. 
Қызыл тілге келгенде, 
Сар садақтың оғындай, 
Көлденеңдеп зырғисың», - деп сүйсіне қарайды. 
XV ғ. өмір сүрген Қазтуған Сүйінішұлы - Еділ мен Жайық арасын мекендеген 
ұлыстарды өмір бойы бірлікке шақырып, ел-жұртына тыныштық, бақ-дәулет тілеген 
жырау. 
«Алаң да алаң, алаң жұрт, 
Ақ ала ордам қонған жұрт», - деген ақынның екі жолынан, бір жағынан, оның 
халқына деген махаббатын, екінші жағынан, оның оған деген аяныш сезімін байқауға 
болатын сияқты. Жырау өзінің жеке өмірін халқының тағдырымен ажырамастық 
тұрғыдан қарап: 
«Кіндігімді кескен жұрт, 
Кір-қоңымды жуған жұрт», - деп оны биік бағалайды. Жырау өз жұртын Отанды
сүюге, ата-бабалардың ғүмыр кешкен айнала ортасын әлпештеуге, оны қорғауға 
шақырады. Оның қадірін ол мынандай өлең жолдарымен суреттейді:
«Салп-салпыншақ анау үш өзен, 
Салұлы менің ордам қонған жер... 
Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер...» 
«...Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған», - деген шумақтардан біз оның өз Отанына деген шексіз 
махаббатын көре аламыз. Мұндай әсем табиғатта өмір сүріп жатқан елдің «... 
Жарлысы мен байы тең, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет