Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет327/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
380 
...Өмірге тоймас адамзат! - деп қорытады ойшыл. Бұқар жырау өзінің нақыл 
сөздерімен, терең де әсем жырларымен «халық атасы» дәрежесіне көтерілген 
ғұламалардың қатарында қала бермек. 
XVIII ғ. қазақ халқының ой-өрісіне жыраулармен қатар өзінің үлесін қосқан дана 
«қара қылды қақ жарған» билер болды. Атақты Қазыбек, Айтеке мен Төле билерді 
қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттігіне қосқан үлесін 
ешқашан есінен шығармаған. Сол заманда өмір сүрген Жаңыл ақын: 
«Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке Асқартау - Қазықұрттай білімді еді, Бірі күн, 
бірі туған айдай болып, Заманға сәйкесімен келіп еді», - деген екен. 
Қазіргі тілмен айтсақ, Бұл билердің шешімдері адамдардың «табиғи құқтарына», 
олардың бір-біріне деген теңдігі мен еріктігіне негізделген болатын. Сонынен қатар 
олардың өмір, адамдардың қарым-қатынастары жөнінде айтқан талай-талай нақыл 
сөздері осы күнге шейін бізді таңғалдырады, олардың әрбіреуі үлкен кітапқа 
парапар. Мысалы, әйгілі батыр Шақшақ Жәнібек Төле биден ақыл сұрауға келгенде, 
соңғының айтқаны: 
«...Өгізді өрге салма, қанатың талар, 
Наданға көзіңді салма, сағың сынар, 
Досыңа өтірік айтпа, сенімін кетер, 
Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер. 
...Тұмар түбі құрт болар, 
Тұман түбі жұт болар. 
Ақылдың түбі құт болар, 
Елге бай емес, би - құт...», - деген екен. Қандай асыл, әрбір адамға керек сөздер! 
Төле бидің мына айтқан ақылы қазіргі мемлекет басында жүргендердің 
біршамасына әдейі жазылған сияқты: 
«Лауазымың өссе зорайып, 
Адалдықты тұншықтырсаң сол айып. 


Нуржігіт Алтынбеков 
381 
Елді билеп өскеніңнен не пайда, 
Рақатыңды көрмесе, 
Ағайын мен халайық! 
Көпшіл болған ер дана, 
Достары болар әр сала. 
Өнерліден үлгі алып, 
Салдырар сәнді мол қала...». 
Ақтабан шұбырындыдан кейін халық тағдырын терең ойлағаи Төле би көшпенділік 
өмір салтының тарихи сарқылысқа түскенін айқын сезінеді. Сондықтан ол халықты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет