Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет334/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
388 
шеңберіндегі философиялық антропология деп бағалауға болатын сияқты. 
Жаратқан, Дүние, Адам - міне, осы үш қатегория Абай философиясының іргетасын 
құрайды. Абай өз философиясының осы негіздерін өзінің 38-ші қара сөзінде егжей-
тегжей талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір 
сүріп жатыр және онда белгілі бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, 
соңғылардың негізі Ғылымда. Жаратқанның үшінші сипаты - Хаят, яғни Тіршілік 
(қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.). Мұның сыртында Абай тағы Алланың 5 
сипатын көрсетеді, бірақ олар жоғарыда көрсетілген негізгі 3 сипатты 
нақтылайтын, түсіндіретін құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәміг 
(сергектік), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа 
келтіруші). 
Енді Абайдың Философиялық антропологиясына келер болсақ, жаратылған 
адамның ақыл-ойы, күш-қуаты бар, ал ол Алланың ғылыми құдіреттілігінен 
шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңіл бөледі. Ол да 
Алланын 8 сипаттарына кірмесе де, Оның негізгі қасиеттерінің бірі, себебі онын
аттары Рахман (Жарылқаушы), Рахим (Мейірімді), Ғафур (Кешіруші), Уадуд 
(Сүюші), Хафиз (Қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық беруші), 
Нафиг (Пайда беруші), Уәкил (Өкіл), Латиф (Ілтипатты) - бәрі де Рақымшылдықты 
көрсетеді (қараңыз: Абай. Алматы., Ел., 1993, 86 б.). 
Абай адамның ерекше пенде ретінде жаратылғанын ескертеді: «адам баласынан 
махшарда (о дүниеде.—С.М.) сұрау беретұғын қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, 
һәм махаббат бар» (аталған әдебиет, 87 б.)- Дүниедегі өлі табиғат, тіршілік болсын - 
бәрі де адам үшін жаратылған: «...Жер мақтасын кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, 
құстар жүнін, етін, жүмыртқасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар 
балығын, балықтар уылдырығын, хатта ара балын, балауызын, кұрт жібегін - һәммасы 
адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі - 
адам баласына таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.) - деп қорытады ұлы ойшыл. 
Ал мұның бәрі де Алла тағаланың адамға деген сүйіспеншілігін көрсетеді, олай болса, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет