Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет332/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
386 
көшпенділердің рухани өмірінің өзгеруіне әкелгенін айтады. «Дегенмен де қазақ 
дүниесезімінде ислам қағидалары шамандықпен араласып, бір жағынан, Аллаға 
тағзым етумен қатар, екінші жағынан, отқа табынумен жалғасып жатты», - деп 
қорытады ойшыл. 
Жалпы алғанда, ойшыл ислам дініне теріс көзбен қарайды, молдалар халықты 
қараңғылық пен надандықтың шырмауынан шығармайды, сол кездегі қазақ жеріндегі 
мешіттердің көп салынуына аландаушылықпен қарап, оларды халықты бодандаудың 
бір құралы санайды. 
Мүмкін, бұл - жаңа бодандық жағдайдағы халықтың өзін-өзі сақтап қалу 
шараларының бірі болуы да ғажап емес, бірақ Шоқан ондай ойға келген жоқ-ты. 
Дегенмен оның кейбір терең ойлары бүгінгі таңдағы діни салада болып жатқан күрделі 
өзгерістерді, сонын ішінде мистицизм, діни фанатизм және әкстремизм сияқты келенсіз 
құбылыстарды сараптауға көмектеседі. 
Ағартушылық ағымның көрнекті өкілі Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.): 
«Халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан ахуалға сай келуінің бірден-
бір жолы - оның сауаттығын арттыру, білімін жетілдіру, орыс мәдениеті мен тілін 
игеру», - деп есептеді. Сондықтан ол өзінің барлық күш-жігерін жаңа мектептер 
ашуға, балаларға арналған қызықты окұлықтар жазуға жұмсады. 
Өзінің Дүниеге деген көзқарастарында ол діни бағытта болып Құдайды 
мойындағанымен, діни фанатизмге қарсы шығып, шала-сауатты қазақ мен Бұхарадан 
келген молдалардың халыққа тигізетін теріс әсерлерін әшкерелейді. Оның «Кел, балалар, 
оқылық!», «Жаз», «Өзен» т.с.с. өлеңдері осы күнге дейін өзінің эстетиқалық әсемдігі, 
гуманистік идеялары, тәрбиелік мүмкіндіктерімен білім беру саласындағы жас 
ұрпаққа оң әсерін тигізуде. 
Ағартушылық философияның аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904 
жж.) - тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік руханиятта өзінің 
өшпес ізін қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет